«Су-тіршілік көзі». Сыныптан тыс шара сценариі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
«Су-тіршілік көзі». Сыныптан тыс шара сценариі










Cыныптан тыс шара


«Су - тіршілік көзі»


Утеева Бибигул Нурхасиновна

Боранқұл орта мектебі

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

Аннотация



Бұл сыныптан тыс шараның құрылымы 3 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Оқушыларды рольдік образдарға енгізе отырып, тақырып төңірегінде мағлұматтар беріледі. Сыныптағы барлық оқушы қамтылады. Ұзақтығы 45-50 минут жобасына мөлшерленген.



Тақырыбы: Су - тіршілік көзі

Мақсаты: Білім берушілік: су туралы тереңірек мағлұмат беру, тіршілік үшін маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту; актерлік шеберліктерін қалыптастырып, мамандық таңдауға баулу.

Тәрбиелік: Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу (экологиялық, экономикалық тәрбие беру). Барысы: Мұғалім: - Білімнен жақсырақ қазына болмас, Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас. - Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы бір нақыл сөзбен басталады. Өйткені сарқылмайтын бұлақ суына теңелген, пайдалы асыл қазына - білімді үйрену үшін білім ордасы мектепке келеміз. Біле отырып, үйрене отырып, ненің жақсы, ненің жаман екенін пайымдап, қорытынды шығарамыз және де сол жақсылықты бойға дарытып, өмірде жақсы адам болуға ұмтыламыз. Менің осы пікіріме қосыласыңдар ма, балалар?!

  • Ендеше, «Су - тіршілік көзі» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастайық. Мақсатымыз: Судың тіршілік үшін маңыздылығын ұғыну; оны қорғауға, үнемді пайдалануға тәрбиелену.
1) Алдымен ортаға жұмбақшыларды шақырамыз:
  • Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? (Су)
  • Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
  • Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
  • Тіршіліктің нәрі,
Тазалықтың әрі. (Су) 2) Ортаға ақындар келеді:

- Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

  • Су жүргізер тіршіліктің тамырын

Су жоқ болса, тіршілік тама бауырым,

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін. 3) Ортаға әншілерді шақырамыз: «Су тасушы қыздың әні» Мұғалім: - Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ортаға жас ғалымдарымызды шақырып, солардан сұрайық. 4) Ғалымдар: 1.Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық косылысы. Ауыз су - тіршілік көзі, ол Жер шарының 4-тен 3 бөлігін алып жатыр, тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. 2.Су - ғажайып зат. Ол бір мезгілде 3 түрлі күйде кездеседі. Мұз - судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуы және булануы қатар жүреді. 3.Су - табиғатта ең көп таралған зат. Судың тағы бір кереметі - оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы - құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. 4.Су - тіршілік көзі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды. Су адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді. 5.Өсімдіктер тіршілігінде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз етеді. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады. Жапырақтың бетінен буланып шығу арқылы су оларды кеуіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өз тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді. 6.Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді. 7.Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатынын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану, су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешуде су қорлары қажет. 8.Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады. Мұғалім: - Дәрігерлерді тыңдап көрелік. Олар не айтады екен? 5) Дәрігерлер: 1. - Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді. 2. Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Дәрігерлерге сұрақ: - Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе не болар еді? 3. Мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т.б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады. Мұғалім: - Енді судың қасиеттеріне тоқталу үшін, ортаға зертханашыларды шақырамыз. 6) Зертханашылар: 1-тәжірибе: - Екі шыны ыдыс аламыз, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құямыз. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылаймыз. («Су мөлдір») 2-тәжірибе: - Балалар, түтікше арқылы су ішіп көрелік. Онда дәм бар ма? («Суда дәм жоқ») 3- тәжірибе: - Балалар, суды иіскеп көрелік, судың иісі бар ма? («Судың иісі жоқ») 4- тәжірибе: Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайық. Шешім: мұз, қар - бұл да су. («Мұз - қатты су») 5- тәжірибе: - Суы бар екі стақан алып, біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреміз. Құм еріді ме? Екінші стақанға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стақандағы еріді? («Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді») 7) Мақалшыларды ортаға шақырып, халық даналығына құлақ түрелік:


- Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас. - Су жүрген жер - береке, Ел жүрген жер - мереке. - Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал - елге ырыс. - Су - ырыстың көзі, Еңбек - кірістің көзі. - Тау кезеңсіз болмас, Өлке өзенсіз болмас. - Судың да сұрауы бар. - Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді. - Тау мен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар. - Алпыс күн тасыған су, Алты күнде қайтар
Проблемалық сұрақ-жағдаят:
- Шөлде екеніңізді ойлаңыз, үлкен бір асыл тас таптыңыз және өмір сүру үшін суға мұқтаждығыңыз бар... Қолыңыздағы асыл тасты бір стакан сумен алмастырар ма едіңіз? - Бұл мысал таңдауға мәжбүр қалған кезде адамның ақылды таңдаулар жасау керек екенін түсіндіру үшін келтіріледі. Негізінде күн сайын осыған ұқсас таңдаулар жасап отырамыз. Тіс емдетуді кейінге қалдырып, бір жұп аяқ киім алуды, қатты алғымыз келіп отырса да, шоколадтың орнына нан сатып алуды таңдаймыз.

- Қашанда дұрыс шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауымыз керек!

8) Хат тасушы: «Болашақтан хат» келіпті. 2070 жылы жазылған хат екен: Қазір 2070 жыл. Жасым бар болғаны 50-де, бірақ сыртқы өңім мен реңім тура 85-тегі қаусаған шалдыкіндей. Жеткілікті мөлшерде су ішпейтіндігімнен қатерлі бүйрек ауруына шалдыққанмын. Бір аяғыммен көрде тұрғанымды да сеземін. 5 жасар бүлдіршін болған кезім әлі есімде. Ол кезде бәрі тіптен басқашалау еді. Саябақтарда ағаштар жайқалып өсіп, сәулетті ғимараттардың алдын көркемдей түскен гүлзарлар көздің жауын алатын, неше түрлі бұрқақтар атқылап тұрушы еді. Ол кезде жарты сағат бойына суға емін-еркін жуынушы едік. Ал қазір терімізді тазалау үшін минералды май жағылған орамалмен сүртінуге мәжбүрміз. Ертеректе әйел адамдардың шаштары әсем болатын. Қазір болса суды пайдаланбай басымыздың таза жүруі үшін шашымызды тақыр қылып алып тастауымыз керек. Бұрындары әкем көлігін шлангіден суды шашыратып жуатын. Қазір балама осыны айтсам, судың сондай жолмен рәсуа болуы мүмкін екендігіне сене алар емес. Есімде әлі, сол кездердің өзінде «СУДЫ ҮНЕМДЕҢІЗДЕР!» деген жазбасы бар көрсеткіштер болатын. Олар жер-жерде ілінулі тұратын, радио мен телеэфирден де таратылатын. Бірақ оған назар аударар адам болсайшы! Суды қалай сарқылар дейсің, ол қашанда мол болады деп ойлаушы едік. Ал енді барлық өзендер мен көлдер, тоғандар мен жерасты сулары толықтай құрғап кетті, құрғамағаны ластанып бүлінді. Адамдардың бет-әлпеті кісі шошырлықтай: бетін безеу басып кеткен, дене бітімі құр сүлде сүйек. Сусызданудың кесірі. Ғалымдар қанша зерттеу жүргізгенмен бұл кілтипанның кілтін табу мүмкін болмай отыр. Суды өндіріп шығару мүмкін емес, оттегі де ағаш пен көгерістің кеми түсуінен нашарлап барады. Бұл жаңа буын, тың ұрпақтың интеллектуалдық қарым-қабілетіне кері ықпалын тигізеді. Су - екінің бірінің қолы жете бермес асыл байлық, мәртебесі алтын мен гауһардан да жоғарылай түсті… Менің балам өзімнің жастық шағым туралы айтып беруімді сұрағанда, ұзыннан-ұзақ көсілген жасыл желекті, хош иісті гүлдердің кереметін, жаңбырдың қызықты тырсылын, суға жүзіп, өзенде балық аулаудың қызығын, ішкің келгенше ішетін мөлдір бұлақтың суы туралы және ол кездегі адамдардың денсаулығы қаншалықты жақсы болғанын айтып беремін. Балам: «Әке, ал қазір ше, қазір су неғып жоқ?» деп жанары жасқана сұрайды. Сол кезде жігеріме құм құйылып, ащы кермек жұтқыншағымды керней түседі… Мен кезіндегі ескертпелерді құлағыма ілмегенім үшін өзімді кінәлі сезінемін. Қайран, заман-ай, қолымнан келсе өткенге оралып, адамзатқа үн қата алсам ғой... Біздің ортақ ұямыз - Жер планетасын, әлі де болса құтқаруға уақытымыз бар екенін айтуға мүмкіндігім болсайшы… Мұғалім: БАҒЫМЫЗҒА ОРАЙ ҚАЗІР 2014 ЖЫЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ҚАСІРЕТТІ БОЛДЫРМАУ ҮШІН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛІ ДЕ БОЛСА БАР!!! БҰЛ ӨТЕ ОҢАЙ!!! Әлемді құтқарайықшы! Себебі қартайғанда өзіміз және өзімізден кейін келетін үрім-бұтағымыздың таза ауа жұтып, таза суды қанып ішуін қалаймыз. 9) Әртістердің «Тесік шелек» атты көрінісін тамашалайық: Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелекпен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынның үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып, жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шығыпты. Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,- депті. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрайды. Шелек: «Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде қызметші: «Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы», - депті жай ғана. Шынында да қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, иісі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті. Әдемілікке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда, су тасушы:
- Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда, сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?!», - деген екен.
Мұғалім: - Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз. - Ендеше өз ойымызды ортаға салайық, суды қорғау үшін не істеу керек? (суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз; мектеп, ауыл ішінде экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. 10) Жас экологтар: - Суды қорғау дегеніміз - адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсарту, қалпына келтіру және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Негізгі міндеттер - барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерін тексеріп отыру, олардың табиғи толығуына, тазаруына жағдай жасау, суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау шараларын жасауымыз керек. Су бассейнін ластамаудың негізгі жолы - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жібермеу керек. 11) Ең соңғы қонағымыз «Суды» ортаға шақырамыз: - 1992-ші жылдан бастап, 22-ші наурыз - «Дүниежүзілік су қорлары» күні деп жарияланды. 2003-ші жылғы желтоқсанның 23-інде 2005 - 2015 жылдар - Халықаралық «Су - өмір үшін» іс-қимылдар онжылдығы деп жарияланды. - Балалар, мен барлық тіршілік иелеріне қажетпін, мені қорғаңыздар! Мен сендерге сенемін. Мұғалім: - Балалар, енді Әлемнің ең таза су айдындарымен таныс болайық. (слайдтар арқылы көрсету) 12) Ақсақал бата береді: - Таза болсаң судай бол, Бәрін жуып кетірген. Жақсы болсаң жердей бол, Бәрімізді өсірген. Су бар жерде ырыс бар, Ұстап балық жейсің. Сумен суарып өсірген Ақ бидайдың нанын жейсің. Сулы, нулы кеңбайтақ жеріміз, Егеменді еліміз аман болсын! Аумин!

7


© 2010-2022