Ұ дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 21.10.14.

Мектеп: № 8

Сыныбы: 1 Ә

Мұғалім: Ынтықбаева Қаршыға Советқызы

Әдіскер: Жахметова Балжан Көшкінбаевна

Машықкер: Исмағұл Ақнұр

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:- Оқушыларға ұ дыбысы мен әрпін таныту, буындармен сөздерді оқыту, әдемі, көркем жазу дағдысын қалыптастыру;

Дамытушылық: - Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын, әңгімелеу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: - Қоршаған ортаға қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, оқулықпен жұмыс, буын тапсырмасы, бармақ қуыршағы, «Жеті лақ» ертегісі

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО элементі

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Машықкер: - Сәлематсыңдар ма, балалар!

Оқушылар: - Сәлематсыз ба, мұғалім!

Машықкер:- Отырыңдар балалар! Бүгін мен сендерге Әліппеден сабақ беремін. Менің аты - жөнім - Исмағұл Ақнұр

Машықкер: - Балалар, оқу құралдарыңды дайындап, кеуделеріңді тік ұстап, бастарыңды көтеріп, партаға дұрыс отырыңдар. Зейінімізді сабаққа аударамыз.

Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып - тыныш

II. Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар, өткен сабақта қандай әріппен таныстыңдар? ( Ж әрпі)

- Балалар, сабағымызды «Ертегі әлемінде» ойынымен бастаймыз. Бүгін бізге қонаққа «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлері лақтар келді.

- Бұл ертегіні кім біледі? (оқушылардың жауабы тыңдалады, айта алмаған жағдайда машықкер көмектеседі) (Сурет бойынша машықкер ертегіні әңгімелеп береді)

- Енді, балалар, осы лақтарға біз көмектесуіміз керек. Ертегіде неше лақ? (оқушылардың жауабы)

- Олай болса, қасқыр бізге 7 сұрақ дайындап әкеліпті. Біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ, лақтарды анасымен аман - есен табыстырамыз. Ал, балалар, лақтарға көмектесуге тырысайық.

1 - сұрақ: Берілген буындардан сөздер құрау: а - та, та - ға, қа - ла, пар - та,

а - на, ба - ла, Ай - жан, жа - рыс, жа - сыл.

2 - сұрақ: Балалар, енді осы сөздерден сөйлемдер құрайық.

3 - сұрақ: Балалар, осы сөздердің ішінен ж дыбысы бар сөздерді табуымыз керек (Ай - жан, жа - рыс, жа - сыл)

4 - сұрақ: ж дыбысы сөздердің қай жерінде кездесіп тұр? (сөздің басында, ортасында кездеседі) ж дыбысы сөздің соңында кездесе ме? (оқушылардың толық жауабы тыңдалады)

5 - сұрақ: Балалар, ж әрпі дауысты ма әлде дауыссыз ба? (дауыссыз)

6 -сұрақ: 6 мен 9 бетті ашайық, осы беттегі сөздерді, мәтінді оқиық.

7 - сұрақ: Ж әрпі қалай жазылады? Тақтаға кім шығып жазады?

- Балалар, сендер қасқырдың тапсырмаларын дұрыс орыңдадыңдар. Жеті лақ құтқарылды. Оларды анасымен аман - есен табыстырдыңдар. Олар сендерге дән риза болды.

III. Жаңа сабақ.

Машықкер: - Балалар, бүгін ұ әрпін өтеміз. «Ұ» деп бәріміз айтайықшы. (Балалар хормен айтады).

- Ұ дыбысы мынадай сөздерде кездеседі (ұшақ, құс, ұн, ұя, жұмыртқа, құлын)

- Ұ дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі, соңында кездеспейді (тақтадағы суреттермен жұмыс)

- Енді, балалар, тақтадағы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

- Енді, балалар, оқулықтан 7 мен 2 бетті ашайық, тапсырмаларды орындайық.

Оқулықпен жұмыс

1. Мұғалімнің жаңа сөздерді оқушыларға оқып беруі, оқушылардың хормен қайталауы;

2. Мұғалімнің мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқып беруі.

IV. Пысықтау.

1. Оқушыларға 7 мен 2 - беттегі тапсырмаларды оқыту, оқушылардың буынға бөліп оқуы;

2. Мәтін бойынша оқушыларға сұрақ қою. (Суретпен жұмыс)

- Әңгіме не туралы? (Құстар)

- Әңгімеде қандай құстардың аттары аталып тұр? (Құр, бұлбұл, тырна, қарлығаш, қарға, қараторғай)

- Құстар кімге дос? (Адамға)

- Құстың жұмыртқасын алуға бола ма? (Жоқ, құстың жұмыртқасын алуға болмайды)

- Қарлығаш, қараторғай, тырна қандай құстар? (Жыл құстары)

- Жыл құстары қыста қайда болады? (Жылы жақта)

- Құстардың пайдасы бар ма? (Құстардың пайдасы бар)

- Пайдасы неде? (Олар ағаштарды құрт - құмырсқадан тазалайды)

- Балалар, әңгімеден ұ дыбысынан келетін сөздерді табыңдаршы? (құр, бұлбұл, құстар, жұмыртқа)

- Ұ дыбысы осы сөздердің қай жерінде кездесіп тұр? (ұ дыбысы сөздің ортасында кездесіп тұр, сөздің соңында кездеспейді)

4. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

5. Көркем жазу. (Ұ дыбысының баспа, жазба түрі көрсетіледі, жазылу элементтері түсіндіріліп өтіледі).

- Балалар, қазір дәптерге ұ дыбысын жазамыз.

Дәптермен жұмыс жүргізіледі. (Мұғалім оқушылардың жазуын қадағалайды, бір бармақ қойып жазу).

V. Қорытынды.

- Балалар, біз бүгін қандай дыбысты өттік? (ұ дыбысын)

- Ұ дыбысы кездесетін қандай сөздерді білдік? (құс, ұя, құлын, ұн, бұлбұл, құлақ, бұтақ т.б.)

- Ұ дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі екен? (Ұ дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі, соңында кездеспейді)

- Ұ қандай дыбыс? (дауысты)

- Балалар, Ұ дыбысын есімізде сақтау үшін мынадай сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті

Ұш, ұш, ұш,

Ұшқан құстай ұш.

- Осы сергіту сәтінде ұ дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр? Сөздердің қандай буындарында келеді екен? (оқушылардың жауабы)

- Балалар, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?(оқушылардың жауабы)

- Сендер оларды жақсы көресіңдер ме? (оқушылардың жауабы)

- Ал, сендер күшік, мысықты жақсы көресіңдер ме? (оқушылардың жауабы)

- Ондай болса, бүгін бізге қонаққа кішкентай күшік Құтжол келді.

- Қазір Құтжол сендермен «Кел, ойнайық» ойынын ойнайды. Құтжол сендерді қазір ойынның шартымен таныстырып өтеді:

Құтжол: - Сәлематсыңдар ма, балалар, менің атым - Құтжол.

- Қазір мен сендерге бірнеше сөздер айтамын, сендер «ұ» дыбысы бар сөздерді естігенде қолдарыңды көтеріңдер, ұ дыбысы болмаған жағдайда қолдарыңды көтермеңдер. Ойынның шарты түсінікті ме, балалар? (оқушылардың жауабы)

- Ондай болса зейін қойып тыңдаңдар, ойынымызды бастайық: ұшақ, сағат, піл, саңырауқұлақ, жүзім, ұн, таға, нан, ғарышкер, торғай, ұя, ат, бұлбұл, қала, жұмыс, қасқыр, құс, балапан, ұлу, құлын, ара, құлақ.

- Жақсы, балалар, сендер ойынды жақсы ойнадыңдар. Мен сендермен танысқаныма ризамын. Балалар, келесі кездескенше сау болыңдар!

Машықкер:- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабаққа белсене

қатысқандарыңа көп рақмет! Сау болыңдар!

VI. Үйге тапсырма: 7 мен 2 беттегі жекелеген сөздерді, мәтінді оқып келу.

VII. Бағалау.






Баға:

Әдіскер:

Мұғалім:

4


© 2010-2022