Тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: 06.03.15 Сынып: 1 «а» Тақырыбы: « Ана - өмірдің шуағы!» Мақсаты: Білімділік: оқушыларға 8- наурыз халықаралық әйелдер күні туралы түсінік беру;
Дамытушылық: анаға деген мейірімділікті, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету;
Тәрбиелік: оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ватманға салынған сурет, тақырыбы« Ана - өмірдің шуағы!» гүлдермен безендірілген, слайд презентация, видеоролик, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Мерекелік ән қойылып көрермендердің назарын мерекелік концертке аудару. Анаң болса қасында Басқа бақыт не керек. Аналардың жүрегі Мейірімді ғой керемет ,- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. II.Ән шашу. Төленова Аянаның орындауында «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар. III. Ойын. Қоян анасына алған гүлдерін шашып алыпты. Қане, балалар біз қоянға гүлдерін жинауға көмектесейік. Ол үшін бізге гүлдерде берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беруіміз керек. Тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы! Тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы! Тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы! Тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы!
  • Анаңның сүйікті түсі
  • Анаңның дайындаған тағамдарынан саған қайсысы қатты ұнайды?
  • «Ана» тақырыбында өлең жолдарын айт.
  • Анаңа қандай сыйлық жасағың келеді?
  • Анаңның көңіл күйі болмаса қалай қуантасын.
  • Жарайсындар, балалар, сендер қоянға көмектестіңдер, ол анасына гүлді сыйлайтын болды.
IV. Топтастыру. Күннің шуақтарына қызға тән қасиеттерді жазу. Тәрбие сағаты Ана-өмірдің шуағы! «Мейірімді, сыпайы, сұлу, көңілді, ерке, инабатты, әдепті, тәртіпті» V. Оқушылардың орындауында вальс биі. «Аяла» әніне Асанәлі, Аяулым, Досмұхаммед, Ажар, Диас, Арайлым, Кенжебек, Жанель. VI. Анаға арналған өлен шұмақтары.

Шыңғыс.

Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам!

Нұрпатша.

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Дулат.

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

Назира.

Сағындым жан ана өзінді

Шуағын шашқан көзіңді

Мейірге тола құшағын

Оятар асыл сезімді.

Әділет.

Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам

Аялайтын бідерді

Көп жасасын жан анам.

Диана

Кір түсірмей жағаға

Шашымды да тарайсың

Мектебіме барарда

Мейірлене қарайсың

Сардар

Тау тоқарып, тасты үгіп

Тұрғыздың сен не қала

Саған қандай жақсылық

Жасай алам мен ана!

Ж.Аяулым

Менің әжем, гүл әжем

Алтын әже, күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз анам ол әжем

Нұрбақыт.

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балана.

Меруерт.

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

Саят.

Мамам- менің ақ мама

Менсіз таңы атпаған

Менсіз күні батпаған

Мен ұйықтамай жатпаған

Дильназ

Мамам- менің ақ мамам

Гүлді маған баптаған

Жырды маған жаттатқан

Жұрттың бәрі мақтаған

Бақдәулет.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Балауса

Ана деген - асыл жандар болаттай

Ана деген -мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл- ойды тоқтатпай!

Камила

Әлемге тыныштық тілеген

Жан ана жаныңа гүл егем

Балалық жүрекпен айтылған.

Махаббат белгісі - бұл өлең.

Ақжол

Ана - бала- өмірлік егіз ұғым

Арнау керек соларға жүрек жырын

Ана мен балаға арнап көк аспанан

Тәңірім сыйла берсін таңның нұрын.

Анель

Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған,

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып беріп үйреткен

Анамызға мың алғыс

Ерасыл

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс!

Дамир.

Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім ап келді

Қуанышты күнде енді

Құттықтаймыз сіздерді.

Адема.

Өзіңсін, сүйікті ана - құдіретім,

Жанымда жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіреді.


Айым

Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным -өзіңсің

Мәпелейсің, аялайсын әрқашан.


VII. Шығармашылық жұмыс.

«8-наурыз!» тақырыбында сурет салу.

VIII. Топпен жұмыс.

«Алтын сандық» ойыны. Шашыраған әріптерден сөз құрау.

«Аяулы анашым мерекеңіз құтты болсын!»

IX. Видеоролик.

Сынып оқушыларының аналарын құттықтауы.

X.Жүректен жүрекке.

Жүрекшеге ұлдар қыздарды құттықтау сөздерін жазады. Парталас құрбыларына сыйлайды.


XI. Қорытынды.

Ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді. Барлық оқушылаға шағын сыйлық.


























Астана қаласы Білім Басқармасы

Гуманитарлық колледжі




Келісілді: Бекітемін:

директорының оқу жұмысы директордың оқу өндірістік

жөніндегі орынбасары жұмысы жөніндегі орынбасары

_________ №___ ОМ _________ М. Асаинова

«___»_____ 2015ж.






«Бастауыш білім беру »

мамандығы бойынша 4ка тобының студенті


Қожабек Айзада

мемлекеттік педагогикалық практикадағы


Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»

Мерзімі : 06.03.15




Студент: ______________А.Қожабек

Әдіскер: ____________Н.Қалабаева

Сынып жетекші: _________А.Аушахманова











Астана 2015ж.


© 2010-2022