Разработка открытого урока тема: Жануарлар дүниесін қорғау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№2 мектеп-гимназия

Болысбаева Майгүл Сейітқалиқызы

Дүниетану 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:




«Көпір» тапсырмалары









Теориясы

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)














«Түсіну»

(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)






«Талдау»

(салыстыр, ерекшелігі неде? т.б.)




«Жинақтау»

(схема құру-толтыру, анықтама бер)



Практикасы:

«Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)

«Баға беру»

( Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)



Теориясы:


«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)




Практикасы:

«Қолдану»

(II кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша




Теориясы:

«Түсіну»

( Неліктен, Себебі? Не үшін? Неге?)









«Талдау»

( салыстыру ерекшелігі неде?)














Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, ребус т.б. түрінде)












Практикасы «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың?)

Жануарлар дүниесін қорғау


  1. Оқушыға табиғи ортаның бүлінуі, құрып бара жатқан жануарлар туралы әңгімелеу

  2. Экологиялық тәрбие беру

  3. Ой-өрістерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

I кезең

Ұйымдастыру кезеңі

1. Өсімдіктер адамға не сыйлайды?

жеміс, көкөніс, баспана...

2. Жануарлар адамға не береді?

ет, сүт, тері, мамық...

3. Жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар бар ма?

Бар. Шектен тыс ату, аулау, ормандарды кесу салдарынан құрып кету қаупі бар

II кезең

1. Адамның табиғатта жүргізген шаруашылықтардың жануарларға әсері бар ма?

Жер салу, үй тұрғызу, мұнай-газ құбырларын салғанда жер қазылады, ормандарды кеседі. Мұндай жағдайда өсімдіктер ғана емес, құс, жәндіктер де өз тіршілік ортасынан ажырайды

2. Жер бетінен жойылып кеткен жануарларды ата

Қазақ жерінде ерте заманда жосып жүретін жабайы түйелер, құлан,тарпаң, жолбарыстардан қазір тұқым да қалмаған

3. Жойылып бара жатқан жануарларды ата

Даламызда, тауларымызда топ-тобымен, үйірімен жүретін арқар,бұғы, қарақұйрық, орман сусары, ақ тырна, құндыз, дуадақ т.б. жануарларды іздеп табу қиын

4. Халықта табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздер айтқан

Қазақта көкті жұлма, ұяны бұзба, ағашты сындырма деген сияқты тыйым сөздерді айтып отырған

5. Адамдар табиғатқа қамқорлық жасауға тиіс

Себебі, табиғат адамды тамақты, киіммен, отынмен және басқа да өмірге қажетті материалдармен қамтамасыз етеді

6. Қандай мемлекеттік қорықтар бар?

Табиғат байлығын сақтау үшін Алматы, Ақсу-Жабағылы,Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл т.б. Мемлекеттік қорықтар бар

7. Қызыл кітапты не үшін ойлап шығарған?

1996 жылы Қазақстанда жойылып кету қаупіндегі жануарлар тіркелген Қызыл кітап шықты. Ондағы жануарларды ерекше қорғау қажет

8Разработка открытого урока тема: Жануарлар дүниесін қорғау. Суреттегі жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген. Олардың санының азаю себебін түсіндір.


9. Табиғатты қорғау. Мына белгілер нені білдіреді?

Разработка открытого урока тема: Жануарлар дүниесін қорғау

Өзің де табиғатты қорғауға белгілер тап

Разработка открытого урока тема: Жануарлар дүниесін қорғау

10. 9-тапсырмаға сәйкес анықтама бер

а)__________________________________________________________

ә)__________________________________________________________

Қызыл кітап- қауіп-қатердің белгісі және тірі табиғатты қорғау үшін күрестің символы.

III кезең

I деңгей (5 балл)

1. Жер бетінен жойылып кеткен жануарларды ата

Жабайы түйелер, құлан, жолбарыс,...

2. Қызыл кітап дегеніміз не?

Қызыл кітап- қауіп-қатердің белгісі және тірі табиғатты қорғау үшін күрестің символы.

3. Табиғатқа байланысты тыйым сөздерді ата

Көкті жұлма, құстың ұясын бұзба,...

4. Қорықтарды ата

Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын, ...

5. Қазақстанда Қызыл кітап қашан шықты

1996 жылы

II деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

6. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғаумен кімдер айналысады?

экологтар

7. Неліктен, кейбір жануарларға бүгінгі күні қауіп төніп тұр

Себебі, адамдар оларды көптеп аулайды немесе мекен ортасынан ығыстырады

8. Жануарларға байланысты қандай дәстүр бар

Үйге кіріп кеткен жыланды өлтірмей, басына ақ құйып шығаратын дәстүр бар

9. Қорықтар не үшін құрылған?

Табиғат байлығын сақтау, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту мақсатымен құрылған

10. Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды жаз

Ақ дегелек, жетісулық, бақатіс, Алтайлық ұлар, Қарақұйрық ...

11. Қызыл кітапқа енген жануарларды ата.

Разработка открытого урока тема: Жануарлар дүниесін қорғауРазработка открытого урока тема: Жануарлар дүниесін қорғау

III деңгей ( 9 балл + 3 балл= 12балл)

Тест

1. Қазақстанда Қызыл кітапқа құстардың қанша түрі енгізілді?

а) 40 түрі ә) 56 түрі б) 90 түрі

2. Қызыл кітапқа қандай жануарлар тіркеледі?

а) жойылып кету қаупіндегі жануарлар

ә) барлық жануарлар

б) барлық бунақденелілер

3. Жойылып кеткен жануарларды ата

а) Ақ тырна,дуадақ , қарақұйрық

ә) Жабайы түйелер, құлан, тарпаң

б) Қасқыр, арқар, құндыз

4. Тіршілік ету ортасы

а) орналасу ерекшелігін айтады

ә) тұрғызылған қоныс мекенді

б) тіршілікке қолайлы ортаны

5. Экология ғылымы нені зерттейді?

а) Құстар мен бунақденелілерді зерттейді

ә) Адамдарды зерттейді

б) Тірі және өлі табиғаттағы өзгерістерді, олардың себептерін зерттейді.


  1. Табиғатқа байланысты қандай тілек айтар едіңдер.

Аспанымыз ашық болсын,...



© 2010-2022