Урок по казахской грамоте Фф дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтыңтақырыбы: Фф дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Оқушыларды Фф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін түсіндіру. Сөздерді, мәтінді дұрыс оқуға жаттықтыру. Ффдыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасауға үйрету.
2. Сабақта ойын элементтерін қолдана отырып, сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тіліндамыту, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шығармашылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: жа сабақ

Формасы: топпен жұмыс
Әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (Сабаққа әзірлеу. Сәлемдесу)

Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Сабағымыздың ұраны: «Көп білеміз, аз сөйлейміз».

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
- В дыбысы қандай дыбыс?
- Сөздің қай жерінде кездеседі?
- В дыбысы қай тілден енген дыбыс ? Мысалы келтір.
- Дыбыс дегеніміз не ?
- Әріп дегеніміз не ?

ІІІ. Жаңа сабақ:
«Құпия зат» ойыны
Мына сиқырлы қорапта бір зат жасырынған. Ол затты табу үшін маған сұрақтар қою арқылы біле аласыңдар?

ЭО

Телефонның суретін көрсету.

«Телефон» сөзіне ассоциация құрастыру.

  • Балалар, телефонның қандай түрлерін білесіңдер ?

Сөзге дыбыстық, буындық талдау жасау.
Сөздік жұмысы

Сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы

Фартук - оқушы формасы, ас үйде киетін фартук

Кофе - сусын

Фонтан-су атқылайтын бұрқақ
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен 2 топқа бөлініп ойнайтын спорттық ойын түрі

Әр сөзді буынға бөлу, әріп және дыбыс санын анықтау,Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды. Тек қазақша адам аттарында кездеседі. Мысалы: Фатима, Фазыл, Файзолла, Фархат, Фарида.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
Мәтінді оқыту; Мәтіннің мазмұны кімнің баяндауына жақын болды?

  • Тізбектеп оқыту, хормен оқыту, жеке оқыту

  • Сұрақтарға жауап алу;

  • Мазмұнын сұрау;

  • Мәтіннің тақырыбын ата

  • Неше сөйлемнен құралған ?


Сергіту сәті: «Ф» әрпі неге ұқсайды? ЭО 1
Орнымыздан тұрып қолымызды белімізге қойып көрейік, неге ұқсайды?
Әуенді сергіту сәтін қолдану.

Ү. Дәптермен жұмыс.

  1. Фф әрпінің жазба түрімен таныстыру.ЭО 2

  2. Ауада жазу, үлгіге қарап жазу.

  3. Ф мен в әрпінің айырмашылығын меңгерту.

  4. Электронды оқулықпен жұмыс

  • 3 топ бір-бір сөйлем құрап тақтада жазады. ЭО 3

1. Мен аршыдым ...ияз.

2. ...атима ішті ко...е

3. Отырды ...окзалда жолаушылар.

ҮІ. Сурет бойынша жұмыс. ЭО 4 Әңгіме не жайлы? Қандай фабрика туралы айтылған?

«Аяқ киім фабрикасы» видеоматериал көрсету арқылы біздің өңіріміздегі аяқ киім фабрикасы туралы мәлімет беру.

1-топ.Оқулықтағы «Аяқкиім» туралы сурет бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер: Фарида, Файзолла, фабрика, қайшы, тері, желім, қалып, шебер

2-топ.Аяқкиімдердің қандай түрлерін білесіңдер ?

3-топ.«Телефонмен сөйлесу әдебі» диалог құрастыру


ҮІІ . Сабақты бекіту.

«Домино» ойыны арқылы буындардан сыңарын тауып сөз құрау.
1-топ. 2-топ 3-топ
Фут - бол теле - фон фо - то
Фон - тан микро- фон фа - брика
фер - ма магни - тофон фир - ма


Әр топ өздері құрастырған сөздерін оқып береді.

1-топ.Берілген жұмбақтарды шешіп, атауларын жаз:

Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір допқа. (футбол)

Қыста демалып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)

2-топ.

Коллаж құру. Оқушыларға суреттер беріледі, сол суреттерден ф дыбысы кездесетін суреттерді жинақтап жапсырады, өз жұмыстарын қорғайды..

3-топ. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз:

... агон, ....ирма, ...абрика, а...тобус, ко....е, ...утбол, ...азелин.

Әр топ өз тапсырмаларын орындап қорғап береді.


4. «Менің орным қайда?» эстафеталық ойын. Оқушыларға сөздер беріледі. Ф дыбысының орналасуына қарай сөздің басында, ортасында және соңында екенін 3 топ 3 сандыққа жапсырады.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақтан не білдік?
- Ф дыбысы қандай дыбыс ?

  • Сөздің қай жерінде кездеседі ?

Оқушылар смайликтар арқылы сабақтан алған әсерін білдіреді.

ІХ. Үй тапсырмасы

Х. Бағалау




С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия



















Сауат ашу пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: «Фф дыбысы мен әрпі»

1 «А» сынып













Мұғалім: Атакулова Г.С.







Петропавл қаласы, 2015 ж

© 2010-2022