Разработка на тему М. Сүндетов Қайырымдылық

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка на тему М.Сүндетов ҚайырымдылықРазработка на тему М.Сүндетов ҚайырымдылықРазработка на тему М.Сүндетов ҚайырымдылықРазработка на тему М.Сүндетов ҚайырымдылықАна тілі

сабақ

3 күн

Сабақ атауы

М.Сүндетов «Қайырымдылық»

Сілтеме

Ана тілі 3 сынып Алматы «Атамұра» 2010жыл Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова, Б.Қабатай

Мақсаты

М.Сүндетов өмірімен таныстыру, әңгіменің мазмұны мен идеясын тәрбиелік мәнін ашу. Кейіпкердің іс- әрекетіне өз көзқарасын анықтай білу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;

2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
3. Қайырымдылыққа тағы не жататынын білу;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ- жауап, баяндау, СТО стратегиясы, топпен жұмыс ,рефлексия, бірін-бірі бағалау

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, жазушы М.Сүндетовтың портреті,суреттер,мақал-мәтелдер

Тапсырмалар

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Қызығушылықты ояту

  4. Ойлан, жұптас, талқылы

  5. Мағынаны тану

  6. Оқулықпен жұмыс

  7. Ой қозғау

  8. Сергіту сәті

  9. Бейнебаян

  10. Жұптық тапсырма

  11. Шығармашылық тапсырма

  12. Рефлексия

Сабақтың жүру барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Жүректен жүрекке жылу сыйлау.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

Үй тапсырмасын тексеру

«Кубизм» әдісі бойынша тексеріледі

1. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесіз?
2. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?
3. Сұр жылан қандай күш көрсетті?
4. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?
5. Ақбілек деген кім?
6. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?

Қызығушылықт

ояту

Сөзжұмбақ шешу


Қ

а

й

ы

қ

А

р

а


а

Й



Ы

д

ы

с


Р

а

д

и

о

Ы

р

ы

м


М

а

с

а

Д

о

п


Ы

м

ы

р

т

Л

а

қ



ж

Ы

л

қ

ы


Қ

а

с



Ойлан, жұптас, талқыла

«Қайырымдылық» дегенді қалай түсінесің?

Қайырымдылық сөзін топтастыру

Қайырымдылық

Мағынаны тану

А) Автортану Мағзұм Сүндетов

І топ: Автордың өмірбаянын таныстырады

ІІ топ:Автордың шығармаларын таныстырады

ІІІ топ: Автордың Еңбек жоларымен таныстырады

Ә) Мәтін үнтаспадан тыңдалады

Оқулықпен жұмыс

«ДЖИКСО» әдісі бойынша мәтін үш бөлікке бөлініп беріледі

I топ: Монтиған құрбыларынан ерекше.
II топ: Күшікті құтқарғанына қуанышты.
III топ: Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды

Әр топ топта талдайды, жұптасып жұмыс істейді. Әр топтан бір оқушы шығып түсінгенін айтады.

Ой қозғау

1. Мұхтар қандай бала?
2. Ол қандай бала?
3. Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?
4. Қайырымдылық деген не?
5. Қайырымдылыққа тағы не жатады?

Сергіту сәті

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын теріп ал

Сонда аязға тоңбайсың

Бейнебаян

Қайырымдылыққа байланысты бейнебаян көрсетіледі

Өзіміздің мектепте де Қайырымдылық айлығы жүріп отырады,
Мысалы: Айдар аға Мақтым ағаның отбасына көмек ретінде оқу құралдарын берді, ал біздің көмегіміз жоқ оқулықты кезек беріп көмектесу.
Енді балалар қабырғаға қарап осы айтқандар бойынша әңгіме жазамыз.
Осы жазылған әңгімені автор орындығына отырып оқу.

Жұптық жұмыс

Енді балалар сабағымызды қорыта келе толықтыру тестіні пайдаланамыз.
1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.
3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты.
4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды.
5. Әрине, әр кез солай _____ бол!
6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, - ___ бетінен сүйді.
Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды; баласының.

Шығармашылық тапсырма

І топ

Еркін жазу: Мұхтарға хат

ІІ топ

Мұхтарға мінездеме бер

ІІІ топ

Мұхтардың орнында болсаң не істер едің?

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек»

  • Сабақ саған ұнады ма?

  • Несімен қызықты болды?

  • Келесі сабаққа ұсыныстарыңыз бар ма?

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып келу

Бағалау

Өзін - өзі бағалау парағы ұсынылады

Формативті бағалау, Жиынтық бағалау

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Қызығушылық ояту

Ойлан, жұптас, талқылы

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Ой қозғау

Бейнебаян

Жұптық жұмыс

Шығармашылық тапсырма





















Бағаның критерилері

30-45 балл - «5» баға

20 -30 балл - «4» баға

10-15 балл - «3» баға

© 2010-2022