Әдебиеттік оқу пәнінен Құрманғазы тақырыбына ҚМЖ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Күні: 11.12.2015 жыл Сыныбы: 4 «А» Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалім: Г.Үсенова

Сабақтың тақырыбы:

Сәкірбек Бақбергенов «Құрманғазы»

Сабақтың мақсаты:

1. С. Бақбергенов, Қ. Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығынмен таныстыру

2. Әңгіменің мазмұнын және ондағы жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру

3. Әңгімені мазмұндай алуға үйрету

Күтілетін нәтиже:

1. С. Бақбергенов, Қ. Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы біледі

2. Әңгіменің мазмұнын және ондағы жаңа сөздердің мағынасын түсінеді

3. Әңгімені мазмұндай алады, түсінгені бойынша тапсырмаларды орындай алады

Сабақтың түрі:

Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың формасы:

Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. «Серпілген сұрақтар» әдісі

2. «Не жетіспейді?» ойыны

3. «Топтастыру» әдісі

4. «Жалғастыр» ойыны

5. Кестемен жұмыс

Бағалау әдістері:

  1. « Бағдаршам түстерімен» бағалау

  2. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Плокаттар, сюжеттік суреттер, бағдаршам түстері, жұлдызшалар мен үшбұрыштар, кестелер, парақшалар, дербес компьютер, интербелсенді тақта, суреттер, слайдтар,

Пәнаралық байланыс:

  1. Музыка

  2. Әдебиет

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

Қосымша әдебиет:

Интернет ресурс:

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, 4-сынып. Алматы: Атамұра, 2015. 264 бет. Автор: С. Рахметова

«Әдебиеттік оқу пәнінің оқыту әдістемесі»

«Сұрақ және жауап» энциклопедиясы

«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы

«Менің алғашқы энциклопедиям»

Wiki беттері

Сайт «Қаламгер»

Сайт «»Сабақтар»





Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Мақсаты:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3. Сабаққа назар аударту

4. Көңіл-күйін сұрау

Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа назар аударып, сабаққа даярлығын көрсетеді

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау.

Топаралық жұмыс. Жеке жұмыс.



«Серпілген сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасы «Бала Тұрар» әңгімесі сұралады.

Оқушыларға парақшалар таратылады.

«Не жетіспейді?» ойыны арқылы топтастыру.

Әр топқа өткен сабақтардағы әңгіме сюжеті бойынша суреттер беріледі. Осылайша, топтарға ат беріледі.

І топ: Жазушылар - «Жас Мұхтар» әңгімесі бойынша

ІІ топ: Спортшылар - «Жиб - Жица күресі» әңгімесі бойынща

ІІІ топ: Саясаткелер - «»Бала Тұрар» әңгімесі бойынша

ІҮ топ: Күйшілер - « ? » әңгімесі бойынша

Жетелеу сұрақтары қойылады:

- Балалар, ІҮ топтың суреті бойынша келесі танысатын әңгімеміздің мазмұны не туралы болмақ?

Қалай ойлайсыңдар? (Т.с.с.оқушылар тақырып мазмұнын здері табу үшін жетелетін сұрақтар қойыла береді.)

Оқушылар берілген парақшаларға «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша сұрақтар құрастырып, астына өз есімдерін жазып келесі топтағы оқушыларға береді. Келесі топтың оқушысы сұраққа жауап бере отырып, өз есімдерін жазады. Сұрақтар иесіне қайтқанда «Бағдаршамның түстері» арқылы бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар берілген суретте не жетіспейтінін тауып, сурет қай мәтіннің мазмұнына ұқсас екенін табады.

І топ «Абай жолы» романының кітабының суретін алады

ІІ топ «Күрес алаңы» суретін алады

ІІІ топ «Географиялық карта» суретін алады

ІҮ топ «Домбыраның» суретін алады

Оқушылар қысқаша өз ойларын білдіреді. Тақырыптың мазмұнын табуға тырысады.

Оқушылардың сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру

Өткен тақырыптарды қайталай отырып, жаңа сабаққа көпірше орнату, оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту.

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс



Топтық жұмыс




Іздену тапсырмасы бойынша «Топтастыру» әдісі жүргізіледі.

І топ - С. Бақбергено кім?

ІІ топ - С. Бақбергеновтың шығармашылығы

ІІІ топ - Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

ІҮ топ - Құрманғазының күйлері
Құрманғазының «Қайран шешем!» күйін тыңдату.

Сұрақтар:

- Қандай әсер алдыңдар?

- Бұл күйдің шығу тарихын білеміз бе?

- Осы күдің шығу тарихын білгілерің келеме?

- Олай болса, оқулықтағы «Құрманғазы» мәтінімен танысайық.

Оқулықпен жұмыс:

  1. Мәтінді оқу

  2. Сөздік жұмыс жүргізу (Үш тілде)

Сөздік жұмыс

Суыт - асығыс - поспешный - pressing

Жігері құм болды - дәрменсіз күйге түсті - беспомощность - helplessness

Құқай - қиындық - трудность - difficulty

Шылау - Жүгеннің шаужайы, шылбыры - чембур узды - bridle

  1. Дәптермен жұмыс

«Жалғастыр» ойыны. Шарты: Оқушыларға «Құрманғазы» әңгімесі бойынша сөйлемдер беріледі. Берілген сөйлемнің жалғасын әр топтан бір оқушы тұрып ауызша мазмұндау арқылы жеткізеді

Оқушылар үйге берілген қосымша іздену тақырыптары бойынша топтастыру жасайды.

Оқушылар күйді тыңдап, алған әсерлерімен бөліседі.

Сұрақтарға жауап беріп, өз қызығушылықтарымен бөліседі. Оқулықтағы мәтінді оқиды.

Бір оқушы мәтінді мәтінді оқиды. Тақтада берілген жаңа сөздердің мағынасымен үш тілде танысады, дәптерге түсіреді.


Оқушылар мәтін ішінен алынған сөйлемді өз сөздерімен жалғастырады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Оқушылардың өзіндік білім алуына жағдай жасау.

Оқушыларды сергіту, жаңа сабақтың мазмұнын ашу

Жаңа сөздермен танысу және үш тілділікті дамыту.

Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгергендігін тексеру

Қорытынды:

Жеке оқушымен жұмыс.

Жұптық жұмыс

Үйге тапсырма:

Рефлексия

Кесте толтыру. Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша сөйлемдер жазылған кесте беріледі.Кестеде сонымен қатар «дұрыс» және «бұрыс» сөйлемді белгілейтін қатарлар берілген. Сөйлем мағынасына қарай келесі бағандарға қанатша қойып отырады.

Кестені жұптық жұмыс арқылы тексеру.

1. Мәтінді оқу. 2. Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы туралы ізденіс жұмыстарын жүргізу.

Оқушыларға «Не ұнады? Не ұамады? Келесі жолы сабақ қалай өткенін қалайсың?» дегн сұрақтар жазылған парақшалар таратылады.

Оқушылар берілген кестені толтырады. Толтырған кестені жұптарымен алмастырып, бір-бірінің жауаптарын тақтадағы дұрыс нұсқа мен бағалау критерийлеріне сүйене отырып тексереді және бағалайды. Кестелер өз иелеріне келгендер өз ұпайларымен танысады.

Оқушылар күнделікке үй тапсырмасын түсіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап жазады және мұғалімге тапсырады.

Жаңа тақырыпты бекіту, оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеру немесе дамыту.

Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу

Кері байланыс орнату


© 2010-2022