Мен тандайтын мамандык (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Мен тандайтын мамандык (4 сынып)Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Рахат орта мектебі

Хабдоллаева Нургуль Бейсембаевна


Ана тілі. 4«Б»сынып Тақырыбы: Мен таңдайтын мамандық. Мақсаты:1) Оқушыларға Ө.Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңін меңгерту. Өлең мазмұнын түсінуге ықпал ету және өздігінен ақынның ой-түйінін ашуға жағдай жасай отырып, тиянақты білім беру, жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде өлеңді сатылай кешенді талдауды көрсету. 2) Оқушыларға өлеңде берілген мамандық түрлері туралы қосымша мағлұматтар айтқызу арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. 3) Балаларға кәсіптік бағдар бере отырып, оларды мамандық таңдауға баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы Әдістер: сатылай кешенді талдау, сөздік, көрнекілік, проблемалық Көрнекілігі:интерактивті тақта, мамандық иелерінің суреттері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі -Балалар,бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар, менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Менің білімді, алғыр болғым келеді. Сабақ мақсатын таныстыру -Қандай мамандық таңдасам екен? Мүмкін мына өлеңде менің болашақ мамандығым бар шығар... -Балалар,бүгін біз Ө.Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз. Жаңа материалды түсіндіру. -Балалар, сызбаға назар аударайық. Берілгені: «Мен таңдайтын мамандық» 4-сынып 189-бет. Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Өлеңді мәнерлеп оқу, әр шумағына тоқталу. (оқушылар дәптерге сызба бойынша өлеңді сатылай талдап жазып отырады)







1.Шығарманың авторы кім? Ол туралы не білесің? (1балл) Жауап: Өтепберген Ақыпбекұлы 1950 жылы 8 қазанда Қызылағаш ауылы, Ақсу ауданы, қазіргі Алматы облысында туған. «Ажарлы Астана»,«Қызықты әліппе»,«Балабақтың бір күні»т.б. өлең-кітаптары бар. 2.Өлеңнің құрылымы:(2балл) Ай/-һой/, ға/жап/ қан/дай/ бұл!/-7буын Ал,/ қа/не,/ кә/ сіп/ таң/дай/ біл:/-8буын А/ла/мын /қан/дай/ ма/ман/дық,/-8буын Ал/дым/да/ тол/ған / таң/дау/ тұр/.-8буын

3.Өлеңдегі жаңа сөздер:(2балл)

ғұмыр-өмір, жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер, ғанибет-игілік,игілікті іс. - Әр тармақ жолдары қай дыбыстан басталған? Мысалы:1-шумақ «А»дыбысынан басталған. Қалған шумақтарға да назар аударыңдаршы. 4.Өлеңдегі негізгі ойды ата:(2балл) Жауабы:Өмірде қажет маман иелері болуды мақсат ету. 5.Өлеңнің тәрбиелік мәнін аш:(2балл) Жауабы:Балаларға мамандық таңдауға бағыт беру 6.Ұқсас сөздер тізбегін құр:(2балл) Жауабы:қандай ,таңдай т.б сөздер 7.Өлеңді жалғастырып көр:(1балл) Жауабы:......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Жаңа материалды түсінгендерін сұрау -Егер сендер, оқулықтағы аталған маман иесі болсаңдар, халыққа қалай қызмет етер едіңдер?(оқушыларды 6топқа бөлу, пікірлерін айтқызу) 1-топ-әншілер 4-топ-геолог-ғалымдар 2-топ-кәсіпкерлер 5-топ-ғарышкерлер 3-топ-вело-спортшылар 6-топ-елшілер Әр топтың пікірі тыңдалады. Тілшінің сұрақтарына жауап беру Өлеңдегі Күләш пен Әміре деп кімдерді айтып отыр? Вело-спортшы А.Винокуров туралы білесің бе? Геолог-ғалым Қ.Сатпаев жайлы қандай әңгіме оқыдық? Қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы не білесің? Т.Мұсабаев кім? «Бәрі керек маманның» слайды бойынша жылдам жауап беру. -Киімді кім тігеді? -тігінші -Үйлерді кім салады? -құрылысшы -Сиырды кім сауады? -сауыншы -Жылқыны кім бағады? -жылқышы -Көмірді кім қазады? -шахтер -Ұшақты кім ұшырады? -ұшқыш -Ауруды кім емдейді? -дәрігер . -Енді сурет бойынша сұрақ ойлаңдар. (шопан, жүргізуші, етікші, аспазшы, наубайшы) Сабақты бекіту кезеңі а) «Кім болам?»шағын эссе жазу ә) Мамандық түрлеріне байланысты өлең -тақпақтар айту В) Ұпайларын есептеп оқушылар білімін бағалау Үйге тапсырма: Өлеңнен үзінді жаттау,қалған шумақтардағы ұқсас сөздер тізбегін жазып келу. Балалар, сабақ аяқталды, сау болыңдар!


© 2010-2022