«Берекелі күз - мерекелі күз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Берекелі күз - мерекелі күз»


Қызылорда қаласының №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Ақмарал» шағын орталығының тәрбиешісі

Абуова Дүрияш Бекболатқызы


Ертеңгілік кеш жоспары:

Күні: 14.11.2013ж

Уақыты: 15:30

Өткізілетін орны: «Балдырған» тобы

Тақырыбы: «Берекелі күз - мерекелі күз»

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған,

Кешімізді бастайық!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ата - аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп бүгінгі «Берекелі күз - мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

І жүргізуші: Біз - бақытты баламыз

Би билеп, ән саламыз.

Құс боп қанат қағамыз

Міне, былай қараңыз.

(Ортаға «Балдырған» тобын шақырамыз. (Музыка ырғағымен шығады).

ІІ жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән берер,

Ән де айта аламыз.

Хор: «Жау, жау жаңбыр» әні

І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды айтайық.

Балбала: Бұтағындай емініп,

Күзде жеміс піседі.

Сабағынан жел үзіп,

Жерге топ - топ түседі.

Жәния: Ой, балалар, балалар,

Қоңырай күз болыпты.

Құрап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты,

Ақ үзіктер жауыпты.

Айзат: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан - алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Мадияр: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштар жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Аруна: Таудан жақын жел соқсаң,

Сыбдырлайды қалтырап.

Жақын қалды желтоқсан

Жабыр қайды жапырақ.

І жүргізуші: Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып жапырағы ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді

Сабырлы сары алтындай күз келді.

(Ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағылған Алтын күз ханшайымы кіреді).

ІІ жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.

Алтын күз: Балалар мен сендерге әдемі түрлі - түсті жапырақтар ала келдім. Қане, балаларымыздың маған қандай сыйы бар екен.

ІІ жүргізуші: Ән: «Біз бақытты баламыз».

І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік:

Назым: Үйрек - үйрек қаздарды,

Шулайды көл жағасы,

Дәурен өтіп жаздағы

Күздің желі соғады.

Гүлден: Алма, өрікті қамбаларға ,

Толтырыпты Алтын күз.

Шәкірт болып парталарға,

Отырыпты Алтын күз.

Абдрасул: Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісін.

Күзге біз де ризамыз

Аянбаған ел үшін.

Даниял: О, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Айғаным: Сау - сау етіп жапырақ,

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырап,

Көкте құстар тізілді.

Алтын күз: Балалар мен сендерге бір ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме?

  • Балалар: Ия.

Ойын: «Көкеністер мен жемістер» жинау.

І жүргізуші: Балалар Адельдің орындауында «Қуыршақ» әні.

ІІ жүргізуші: Бала, бала балдаймыз,

Балдай тәтті баламыз.

Бала болып ән салып,

Би де билей аламыз.

Би: Орыс биі

І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік.

Дильназ: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерде секірді.

Дамир: Астық, жеміс жиналды,

Қамбаларға құйылды,

Ардақты күз, мың алғыс,

Алдым өнім сайымды.

Нұрперзент: Дала сары секілді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын дән.

Бекзат: Көбейеді құт - береке,

Астық толы қамбамыз,

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Ж.Ислам: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Әлкен: Туған жерден кетерде,

Қоңыр әнге саламыз.

Қош болыңдар бәрің де,

Қимай кетіп барамыз.

ІІ жүргізуші: Айзеренің орындауында «Анашым» әнін қабылалыңыздар.

І жүргізуші: Ендігі кезекті «Шалқан» ертегісіне берейік.

ІІ жүргізуші: Бізге қонаққа шие, жүзім, құлпынай, өрік келіпті, қарсыалайық.

Өрік: Өрік, алма, шие, алша,

Қауын, қарбыз, қияр

Дүкендерге түседі.

Шие: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Жүзім: Жүзім пісті бір - бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді

Қоңырауы күңбірлеп

Қыркүйекте күз келеді.

Құлпынай: Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша - бақ.

Күлен қызыл шиені - ай,

Оның аты құлпынай.

І жүргізуші: Балалардың орындауында «Балапан»әнін қабылалыңыздар.

Хор: «Балапан» әні. І жүргізуші: Балалар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын. ІІ жүргізуші: Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын. Осымен біздің «Берекелі күз - мерекелі күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

3


© 2010-2022