Конспект урока по казахскому языку на тему Үй жануарлары (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары.

Сабақтың міндеті: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және білімдерін тереңдету.

Сабақтың мақсаты: 1.Үй жануарлары атауларын дұрыс айту

және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қызықты

тапсырмалар арқылы дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Жануарларға қамқор болуға ықпал ету мақсатында

тәрбиелік әңгімелер жүргізу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, карточкалар.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сұрақ- жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыста күн қандай болады?

  • Не жауады?

  • Қандай мерекелер болады ?

Класты түгендеу

ІІ. Фонетикалық жаттығу.

- қазақ тіліне тән дыбыстарды әндетіп айту

-қазақ тілінде «Жылқы» өлеңін жатқа бірге айту.

ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.

- Балалар интерактивті тақтаға қараңдар, тақтада бүгінгі сабақтың тақырыбы жұмбақтар арқылы жасырылған.

Жұмбақтарды шешуін тауып, сабақтың тақырыбын айту

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Секіреді -
Бала емес.
Сақалы бар -
Шал емес. (Серке)

- Ал, кім бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады?

-Дұрыс. Үй жануарлары атауларын дұрыс айту және сауатты жазу дағдыларын қалыптастырамыз.

ІV. Жаңа тақырыппен жұмыс

1. Сөздікпен жұмыс

- оқу үлгісі;

- дауыстап бірге айту;

- сөйлем құрастыру.

2. Суретпен жұмыс

- Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай айтамыз?
Түйенің төлі - ботақан,
Қойдың төлі - қошақан,
Ешкінің төлі - лақ,
Жылқының төлі - құлын,
Сиырдың төлі - бұзау.

Үй жануарларына байланысты есептер шығару:

  1. Өрісте екі қой, үш қозы жайылып жүр. Өрісте барлығы қанша мал?

  2. Қорада бес сиыр бар. Оның екеуін далаға шығарды. Қорада неше сиыр қалды?

3. Дәптермен жұмыс

- Дәптерлеріңді ашып, күнің жадын жазып алыңдар.

Көркем жазу

2.Тақтада берілген сөздерді алфавит бойынша жазу.

3.Интерактивті тақтада берілген сөздерге нүктенің орнына тиісті әріпті жазып сәйкесін табу.

V. Сергіту сәті

Үй жануарларының атауларын естісеңдер - қолдарыңды жоғары көтересіңдер,

ал жабайы жануарлардың атауларын естісеңдер - төмен түсіресіңдер.

VІ. Бекіту

1. Жұптық жұмыс . «Пирамиданы» құрастыру.

2. «Бинго» ойыны

3. Әр оқушыға карточкалар беріледі. Онда суреттер және әріптер берілген, суретке сәйкес әріптерден қазақша сөздер құрастыру керек.

6. Интерактивті тақта бойынша жұмыс.

- Мынау ненің төлі? Сұрағына жауап беру

Мысалы: Бұзау сиырдың төлі.

VІІ . Қорытындылау.

  • Немен таныстық?

  • Не үйрендік?

  • Кімге тапсырмаларды орындау оңай болды?

  • Кімге қиын болды?

VІІІ . Бағалау

Оқушыларды алған жетондарына сәйкес бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма беру

Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі

- Ұнаған аңдарды таңдап алыңдар , артында тапсырма жазылды, осы тапсырмаларды үйден орындап келіңдер.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

Имя_________________________

  1. Напиши нужное слово.

Сиырдың ...................... бар. Түйенің ......................... бар. Қойдың .................... бар.

Ешкінің .................... бар. Жылқының ....................... бар. Шошқаның ......................бар.

  1. Напиши на английском языке животных которых ты знаешь. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үйге тапсырма:

© 2010-2022