Урок по начальных классах на тему Апамның астауы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ тақырыбы: О.Бөкей. Апамның астауы
Сабақ мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, талдай білуге, көркемдік ерекшелігін аша білуге үйрету. Мінездеу туралы түсінік қалыптастыру Жақын адамдарға деген сүйіспеншілікке баулу, үлкенге деген құрмет сезімін ояту. Шапшаң оқу, сөйлеу дағдыларын жетілдіре түсу, сөздік қорларын кеңейте түсу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа білім меңгерту
Әдіс тәсілдер: көрнекілік, қосымша материалдармен жұмыс, ауызша сөйлеу, сұрақ жауап, түсіндіру, талдау, оқулықпен жұмыс, тірек сызба,
Көрнекілік: О.Бөкей суреті, музей үйі суреті, буклет, астау, келі суреттері,
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру а) сабаққа назарларын аудару ә) психологиялық ахуал туғызу /Сиқырлы сандық/
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана тілі» өлеңін жатқа айту;
ІІІ. Жаңа сабақ: а) О.Бөкей өмірі, шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат (қосымша материалдар бойынша жұмыс, О.Бөкейдің «Алғашқы нөсер» өлеңін оқу )

Бір құйын шауып өтті жепілдетіп,

Түңлігін киіз үйдің желпілдетіп.

Аспан аунап тұңғыш күн күркіреді,

Нөсердің прологы секілденіп.

Бұлт әбігер әрлі-берлі жосып жатты,

Сонау қыз жаға түріп, төсін жапты.

Япыр-ау, әдеті әлі қалмаған ба?

Қарт әжем үй айналып, шөміш қақты.

Дарқан далам бір сәтке тына қалды,

Жел ойнады жұлмалап бұйра талды.

Кең төсінен от бишік бір осқанда,

Бұрқ-сарқ етіп, қара аспан жылап алды.

Сәби көк қуат алып бір талайға,

Бөленді дүр сілкініп нұрлы арайға.

Арудың жаңа киген камзолындай, Не жетсін жаңбырдан соң бұл маңайға
ә)«Апамның астауы» әңгімесін іштей оқыту;
б)«Апамның астауы» әңгімесін кезекпен дауыстап оқыту, сөздік жұмысы; келі- келсап- астау- в) талдау жұмысы, шығарманың көркемдік ерекшелігін ашу: мәтіндегі портретті тапқызу; мінездеудің анықтамасын түсіндіру; мәтіннен автордың апасына берген мінездемесін тапқызу;
г) дәптермен жұмыс: мәтінді пайдалана отырып, жазушының апасын сағынған, аңсаған сезісін білдіретін жолдарды тауып көшіріп жаздыру;
ІV.Бекіту: а) сызбаны пайдаланып Апаға мінездеме беру кеңпейіл, еңбекқор мысалдар
ә) мінездеу деген не?
V. Қорытындылау: Тақтадағы күн сәулесі шашақтарына әркім не білгенін жазады
VI. Үйге: Апамның астауы» әңгімесін оқып, 3-тапсырманы жазбаша орындап келу

































© 2010-2022