Тақырыбы: Дауыссыз к мен г ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г

Сабақтың мақсаты:

  • 1.Оқушыларға дауыссыз к,г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.

  • 2.Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту.

  • 3.Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тест тапсырмалары,ребус, сюжетті суреттер т.б.

Сабақтың барысы: Үйымдастыру(оқушыларды сабаққа әзірлеу)

Қазақ тілі-байтақ тіл,

Тереңдеп ұғын,байқап біл!

Психологиялық дайындық. слайд

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне - менің қолым

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау.

Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін тексеру.

-Дауысты дыбыстар қанша түрге бөлінеді?

-Дауыссыз дыбыстар қанша түрге бөлінеді?

Жұмбақтарды шешу.слайд

Иесі оның сәби,

Әрі төсек,

Әрі үй.(Бесік)

Күндіз төбеңе шығады,

Түнде шегеге шығады.(Бөрік)

Қалпағы бар,

Жиегі жоқ,

Аузы бар иегі жоқ.(Шәйнек)

- Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазанның 15-і

Сынып жұмысы

Дауыссыз к мен г.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сөздердегі к,г дыбыстарының қалай айтылатынын, қандай буында жазылатынын аңғар.

2-жаттығу.Тақтамен жұмыс.

Санамақты жатқа айту.

К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазғызу.

Сергіту сәті

Видеролик

Ережемен таныстыру. слайд

3-жаттығу.Өзіндік жұмыс.Суреттегі заттардың атын жазғызу.слайд

5-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемдерді көшіріп жазу.

Ребусты шешу.слайд

Тақырыбы: Дауыссыз к мен г ашық сабақ

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта өтілген дауыссыз к мен г дыбыстары туралы сабақты қорытындылап бекітемін.

Үйге тапсырма

4-жаттығуды жазып келуге беремін.

Бағалау :Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалаймын.


© 2010-2022