Ана тілім -мәңгі құламайтын бәйтерек

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.

Толығырақ

60 жыл бұрын жас маман, орыс тілі мұғалімі Левченко Качир ауданының Покровка (Мухина) Александра Анатольевна Качир ауданының Покровка мектебінің табалдырығын аттады. Покровка мектебінде жұмыс істеген жылдары қызықтар мен қиындықтарға толы болды. Оқушылардың көпшілігінің жасы Александра Анатольевнадан үлкен болғанымен оқуға деген ынталары жоғары, мұғалімнің әр сөзін ойына түйе отыратын. Покровка мектебінде 10 жыл жұмыс істеген соң оны Трофимовка мектебіне ауыстырды. Ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Зейнетке шыққанға дейін Александра Анатольевна осы мектепте жұмыс істеді. Өмірінің отыз жылдан астам уақытын мұғалімдік қызметке арнады.





«Толағай» ЖҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан ұстаздарының шығармашылық, интелектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды, республика ұстаздарының басты мәселелерін негізге ала отырып ұстаздар арасында жаңа технологияларды меңгеру және тарату мақсатында «Менің білімге қосқан жаңалығым» тақырыбында ұстаздар арасында Республикалық конкурсын өткіземіз. Мақсатымыз: Республика ұстаздарына қолдау білдіру, жаңа жобалардың кеңінен таратып насихаттау. Сайысқа материалдарды қабылдау 2016 жылдың 11-ші қаңтар күні сағат 8-00 ден бастап наурыз айының 20-сы кешкі сағат 22-00 ге дейін жалғасады.

ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ Барлық келген материалдар фейсбук бетіндегі іс-шаралар пункітінен «Менің білімге қосқан жаңалығым» деген атпен іздеп табуына болады. Сол жерге барлық материалдарыңызды жариялайсыз. СКРИНШОТТЫ қоса тіркеп қоясыз. Сайыс сырттай және осы фейсбук әлеуметтік желісінде, kazbilim.kz сайтында өтеді. Егер оған кіре алмаған жағдайда [email protected] электронды почтамызға жолдауларыңызға болады. Біз сол жерге материалдарыңызды шығарып қоямыз. Ол жерде дауыс лайк түрінде жиналады. Сын-пікірлер де жазуларыңызға болады.

КОНКУРСТЫҚ МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Конкурсқа қатысатын материал электронды оқулық, немесе сайттар, тб технологиялар болуы мүмкін. Оның барлығының көлемі үлкен немесе кіші болуы, кейбір жерлерде интернеттің қолжетімділігі нашарлығын ескере отырып, сол оқу материалы немесе технологиясы туралы қысқаша техникалық құжаттама дайындайды. Техникалық құжаттамаға қойылатын талап:

  • Бағдарламаның, басқа да материалдардың суретін немесе скриншотын сурет ретінде мәтінмен қоса жариялайсыз;
  • Әр мұғалім тек 1 ғана жұмыс жариялай алады;
  • Егер материал сайт түрінде берілген болса гиперссылкасы қоса жазылуы тиіс;

САЙЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ Сайыс жеңімпаздары арнайы кубоктармен, грамоталармен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ Сайысқа қатысушылар 50:50 бағаланады. 50 оқырмандар, 50 тәуелсіз сарапшы әділқазылар береді де екі ұпай қосылып сайыстың жалпы нәтижесі шығады. Материалдар фейсбук әлеуметтік желісінде, kazbilim.kz сайтында жарияланып дауысқа салынады. БАРЛЫҚ САЙЫСҚА ҚАТЫСҚАН МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҚ БОЛЫП ШЫҒАДЫ, ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ. Республикалық конкурсқа Республикамыздық әр өңірінен Тәуелсіз әділқазылар алқасы қазылық етеді: Әділқазылар төрағасы:

  1. Өмір Шыныбекұлы
А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 1-деңгейлі курс сертификатының иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақ Хандығына - 550 жыл» медалдерінің иегері Сарапшылар: Айбек Қуандықұлы. Тарих жане география пән мұғалімі
  1. Татьяна Жұмабаева
Учитель русского языка и литературы. Имеет высшую квалификационную категорию высшего уровня квалификации. Сертифицированный учитель второго (основного) уровня Программы обучения преподавателей, созданной Центром педагогическогомастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» (Казахстан) в сотрудничестве с Международным экзаменационным советом Кембриджа и Факультетом образования Кембриджского университета
  1. Аятжан Ахметжан.
Химия ғылымдарының магистірі, ақын. Қазбілім порталының бас редакторы
  1. Дана Рау
Тарих пәнінің мұғалімі
  1. Айман Сағидулла
Қазақ тілі әдебиеті мұғалімі
  1. Ербол Іргебай
Тарихшы, Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері
  1. Мейіржан Темірбек
« Информатика және есептеуіш техника техник, технологы», информатика ғылымдарының магистрі. «Толағай» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақпараттық демеуші: ұстаздарға арналған kazbilim.kz, Sabaq.kz интернет порталдар «Толағай» жастар қоға мдық бірлестігінің төрағасы: М. Темірбек

САГИТЖАНОВ Еркебулан

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»

2-СЫНЫПТАР

№000001258


1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
А) 25 В) 35 С) 42 Д) 40

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгіле:
А) с, м, р, о, ш, е, т, ю В) я, ю, ә, н ы, г, р, ж С) і, ф, ч, м, и, б, ю, ұ Д) ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө

3. У әрпі дауыссыз болатын сөзді тап:
А) Қуат В) туған С) уақыт Д) жу

4. Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) тайақ В) кіиім С) аяз Д) қәзір

5. Ұяң дауыссыздарды тап:
А) к, қ, с, т, ш, щ, ц В) л, м, н, ң, р, й, б С) б, в, г, ғ, д, ж, з Д) ч, в, к, й, ф, м, р

6. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап:
А) лайық В) мереке С) тарту Д) балық

7. Мәтіннің түрін анықта: Мен екінші сыныпта оқимын. Сабағымды қызыға дайындаймын. Кітап оқығанды ұнатамын.
А) Сипаттау В) пайымдау С) әңгімелеу Д) ешқайсысы емес

8. Сұраулы сөйлемді тап:
А) Олар тату тұра ма В) Әжем келді. С) Су ақты Д) Сабақтан кешікпе

9. Лепті сөйлем қалай айтылады?
А) Жай дауыспен В) Көтеріңкі дауыспен С) Жауап алу мақсатымен Д) Бірыңғай дауыспен

10. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөзді тап:
А) бес В) алтау С) екінші Д) қырық





ТӨРӘЛІ Жансейіт

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»

2-СЫНЫПТАР

№000001236

1. Дыбыссыз әріптерді тап:
А) һ, т В) ю, я С) ь, ъ Д) қ, й

2. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:
А) балалық В) теңіз С) жайлау Д) жүгіру

3. Мәндес сөздерді тап:
А) Қария, шал В) үйге кел С) жап - жақсы Д) ақ - қара

4. Түбір сөзді тап:
А) Домбыра В) сазсырнай С) сызғыш Д) аққала

5. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) Жұмыста В) жұмысқа С) жұмысшы Д) жұмыспен

6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
А) Жұрнақ В) жалғау С) түбір Д) қосымша

7. Қосымшаның неше түрі бар?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5

8. Зат есімнің сұрағын тап:
А) Қанша? неше? В) қандай? қай? С) кім? не? Д) қайтті? не істеді?

9. Қате жазылған сөзді тап:
А) фудбол В) баскетбол С) теннис Д) хоккей
10. Сұлу сөзіне мәндес сөздерді тап:
А) Ибалы, сыпайы В) ару, көркем С) қатігез, долы Д) айдай, аппақ

ГАПАРОВА Гүлжамал

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»

2-СЫНЫПТАР

№000001259


  1. Сөйлеу не үшін қажет?

а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту

  1. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

а)тіл ә) ауыз б) көз

  1. Тіл арқылы не үйренуге болады?

а) білім алады, ғылымды үйренеді

ә) ойнайды, жүгіреді, көреді

  1. Қай сөйлем дұрыс байланысып, жазылған?

а) Қыс қызығы басталды.

ә) Ұнады сабақ бәрімізге.

б) Кірді мектепке оқушылар.

  1. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:

а) құл-ын-шақ ә) құ-лын-шақ б) құ-лы-нш-ақ

6.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:

а) ба-уырсақ ә) бау-ырсақ б) бауы-расақ

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

а) кітаб ә) кітап б) кітәп

  1. Бір буынды сөзді тап

а) жер ә) кітап б) күнделік

  1. Екі буынды сөзді тап

а) тал ә) Отан б) жауқазын

10.Үш буынды сөзді тап

а) қала ә) балалық б) ақын





НАРЕКЕШОВА Назгүл

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»

2-СЫНЫПТАР

№000003654


  1. Мәтінде неше сөйлем бар?

Көктем келді. Күн жылынды. Жаңбыр жауды. Жер беті көгерді.

а) 5 ә) 9 б) 4

  1. «Аққала» сөзінде неше дыбыс бар?

а) 3 ә) 5 б) 6

  1. Мына сөздің дұрыс жазылуын тап.

а) жұлдүз ә) жұлдыз б) жұлдұз

  1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

а) 36 әріп ә) 40 әріп б) 42 әріп

  1. Сөйлем неден құралады?

а) Сөзден ә) әріптен б) дыбыстан

  1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

а) о - қу - шы ә) оқ - у - шы б) оқу - шы

  1. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?

а) бөлек ә) бірге б) жұптасып

  1. Жуан айтылатын сөзді тап

а) оқушылар ә) әншілер б) күйшілер

  1. Жіңішке айтылатын сөзді тап

а) теңізшілер ә) малшылар б) доптар

10.Тиісті сөзді тауып белгіле

Біздің туымыздың түсі …

а) қызыл ә) ақ б) көгілдір







ҚҰРМЕТОВА Жаңыл

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»

2-СЫНЫПТАР

№000001258


  1. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап.

а) тау ә) сусын б) әуен

  1. Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап.

а) қауын ә) сурет б) елу

  1. Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.

а) мал ә) бұлақ б) кітап

  1. Ұяң дыбыстан басталған сөді тап.

а) ғарыш ә) ұршық б) парақ

  1. Үнді дыбыстан басталған сөзді тап.

а) бұзау ә) қозы б) лақ

  1. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) сайа ә) сая б) саий

  1. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?

а) Ұ ә) У б) Ү

8.Жұп дауысты дыбыстар қатарын көрсет:

а) а-ә,ұ-ү,о-ө,ы-і. ә) а-я,у-ұ,о-е,и-ы б) ю-у,о-ө,с-з.

9.И қандай дыбыс?

а) дауысты ә) дауыссыз б) ашық

10.Дауысты дыбыстан басталған сөзді белгіле.

А) қалта В) етік С) шөп





Дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле.

А) аспан В) әке С) бала

  1. У дыбысы дауысты болатын сөзді белгіле.

А) улану В) уық С) уәде

  1. У дыбысы дауыссыз болатын сөзді белгіле.

А) сурет В) дәулет С) қурай

  1. Қате жазылған сөзді тап.

А) сайман В) кйік С) ойын

  1. Дұрыс нұсқаны белгіле

А) силық В) сиылық С) сыйлық

  1. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.

А) қоян В) қойан С) қойян

  1. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.

А) қойу В) қоу С) қою

  1. Қатаң дауыссыздар қатарын белгіле

А) б, в, г, ж В) п, с, т, ц С) н, ң, р, л

  1. Бірыңғай ұяң дыбыстардан тұратын қатарды белгіле

А) ч, ж, з, м

В) л, м, д, ф

С) ж, з, ғ, в

Мәтін

  1. Мына ережеге сәйкес сөзді тап: … мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады, Оған ат қоюға болады.

а) сөйлем

ә) мәтін

б) сөз

  1. Мәтіннің қандай түрлері болады?

а) әңгімелеу, сипаттау, хабарлау

ә) пайымдау, сипаттау, лепті

б) әңгімелеу,сипаттау,пайымдау

  1. Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады?

Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысынқы, шашы бұйра. Мінезі салмақты, қағылез, тіл алғыш. Сыныпта оқу озаты.

а) әңгімелеу

ә) сипаттау

б) пайымдау

  1. Мына сөздер қай мәтіннің тірек сөздері болып табылады?

Қыс, қар, аяз, мұзайдын, шана, шаңғы, коньки, балалар, аққала, төбе, шырша.

а) Ақ баран ә) Қысқы ойындар б) Қыс

  1. Сөйлемнің ережесін тап.

а) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

ә) Сөйлем бірнеше сөздерден құралады.

б) Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады.

  1. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай тексереміз?

а) оқып тексереміз

ә) сұрақ қойып тексереміз

б) жазып тексереміз

  1. Мәтін дегеніміз не?

а) Ұзақ бір сөйлем

ә) Мағына жағынан байланысқан екі не оданда көп сөйлем

б) Байланыспаған бірнеше сөйлем.

  1. Мәтінді көрсет:

а). Отан

ә). Отан оттан да ыстық

б). Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол -оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады.

  1. Мәтін дегеніміз не?

а) Сөйлем

ә) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.

б) адамдардың хабарды жазып беруі.

  1. Мәтіннің құрылымын көрсет

а) Басы

ә) басы, негізгі бөлім, соңы

б) соңы

Сөйлемді қайталауға арналған тест тапсырмалары

1-нұсқа

  1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді. а) 2 ә) 3 б) 4 2. Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап. а) сұраулы

ә) хабарлы

б) лепті 3. Лепті сөйлем дегеніміз не? а) білу және жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем ә) адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем б) бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем 4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі? а) лепті ә) хабарлы б) сұраулы

  1. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап. Қуану, ренжу, өкіну, Мақсатым - соны сездіру. Ұранды да айтамын, Қарқындап барып қайтамын.

а) нүкте

ә) сұрау

б) леп 6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле. а) көтерді

ә) неге

б) айтпа 7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді тап. а) барма

ә) сүртпе

б) бар ма

  1. Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?

а) бірқалыпты ә) бәсең дауыспен б) көтеріңкі дауыспен

  1. Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді? а) сұраулы

ә) лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескедіру, ұран)

б) біреу, бір нәрсе туралы хабарлау

  1. Қантқа сипаттама бер : а) үлкен,ауыр

ә) тәтті,ерігіш

б) ақ,жеңіл

2-нұсқа

  1. Мәндес сөздер қатарын белгіле:

А) қала, ауыл;

В) ақ, қара;

С) көрікті, сұлу.

  1. Бірінің орнына бірі қолданыла беретін сөздер -

А) мәндес сөздер В) әртүрлі мағыналы сөздер

С) қарама-қарсы мағыналы сөздер

  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздер қатарын белгіле.

А) ат, жылқы

В) арзан, қымбат

С) жол, жолаушы

4.«Терең» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап:

А) тұнық

В) шұңқыр

С) таяз

  1. Қой - үй жануары. Кітапты орнына қой.

Сөйлемдердегі қарамен берілген сөздер - …..

А) дыбысталуы бірдей, мағыналы әртүрлі сөздер;

В) мәндес сөздер;

С) қарама-қарсы мағыналы сөздер.

  1. «Қалың» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді көрсет: а) үлкен

ә) жұқа

б) жылы

  1. Мақал-мәтелді толықтыр : Жақсы бала-қуаныш, … бала - өкініш. а) жаман

ә) кішкентай

б) үлкен

  1. «Әдемі» сөзіне мәндес сөзді көрсет : а) сұлу

ә) жазық

б) айлакер

  1. Төмендегі сөзге қарсы мәндес сөздер тауып жаз

Қатты-

Ауыр-

Кең-

  1. Ақсақал, қария ( бұл сөздер қалай аталады?)

А) Мәндес сөздер

Ә) Қарама - қарсы мағыналы сөздер

Б) Әртүрлі мағыналы сөздер

Сөз құрамын қайталауға арналған тест тапсырмалары

1 нұсқа

  1. Түбір сөзді тап.

а) жаңалық ә) күй б) құрылысшы

  1. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?

а) қосымша ә) түбір б) жалғау

  1. Қосымшаның неше түрі бар?

а) 4 ә) 2 б) 3

  1. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

а) көлдер ә) батырлық б) досым

  1. Жалғау жалғанған сөзді тап.

а) зейнеткер ә) қобызшы б) гүлді

  1. Түбірге жалғау мен жұрақтан бұрын қайсысы жалғанады?

а) жұрнақ ә) жалғау б) қосымша

  1. Жұрнақ деген не?

а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша б) түбір сөзге жалғанатын қосымша

8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.

1.жылы, құс, ұш, жақ.

  1. Жалғау…

А) Сөздің мағынасын өзгертпейді

Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді

10.Жұрнағы бар сөздерді белгіле.

а) биші

ә) балалар

в) іскер

2- нұсқа

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі - ….. .

А) түбір

В) жалғау

С) жұрнақ

2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша - ….. .

А) жалғау

В) буын

С) жұрнақ

3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле.

А) оқулық, оқушы;

В) кітап, оқулық;

С) оқушы, шәкірт.

4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымшаның атауын белгіле.

А) жалғау

В) жұрнақ

С) қосымша

5.Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет.

А) түбір + жалғау + жұрнақ;

В) түбір + жұрнақ + жалғау;

6.Түбір сөзді белгіле.

А) орын

В) бастық

С) атақты

7.Жұрнақ…

А) Сөздің мағынасын өзгертпейді

Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді

8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.

  1. Айгүл, бар, дүкен.

  2. Мақалды аяқта

Оқу -білім …….., білім - өмір….. .

А. Бұлағы,шырағы

Ә. Асылы,өткелі

Б. Қайығы,бұлағы

  1. Түбір дегеніміз не?

А.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі

Ә. Сөзге қосылатын жалғауды

Б. Жұрнақсыз сөзді

Сөз таптарын қайталауға арналған тест тапсырмалары

1-нұсқа

  1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

а) қашан? қайда? ә) кім? не? б) неше? қанша?

  1. Зат есімнің көпше түрін тап.

а) өсімдік ә) кітап б) ағаштар

  1. Жалқы есімді тап.

а) құс ә) Абай б) орман

  1. Жалпы есімді тап.

а) Тараз ә) Іле б) қайың

  1. Етістік нені білдіреді?

а) заттың қимылын, іс-әрекетін ә) заттың санын, сынын б) заттың мөлшерін, көлемін

  1. Етістіктің сұрақтарын тап.

а) қалай? қашан? ә) не істеді? қайтті? б) кімдер? нелер?

  1. Күрделі етістікті тап.

а) жазды ә) көрді б) оқып отыр

  1. Дара етістікті көрсет.

а) сүзіп жатыр ә) оқып жүр б) ойнады

  1. Сын есім нені білдіреді?

а) Заттың түрін, түсін, сапасын ә)заттың қимылын, іс-әрекетін б) қимылдың қашан қайда болғанын

  1. Сын есім қай сөз табымен байланысады?

а) етістікпен ә) сан есіммен б) зат есіммен

2-нұсқа

  1. Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.

а) жіңішке ә) жұқа б) жуан

  1. Сын есімнің сұрағын көрсет.

а) неліктен? қалай? ә) қандай? қай? б) қайтті, неғылды?

  1. Қайсысы сын есім?

а) дала, құм ә) ертең, биыл б) жүйрік әдемі

  1. Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) жетінші ә) тоғыз б) жиырма

  1. Сан есім қай сөз табымен байланысады?

а) етістікпен ә) зат есіммен б) сын есіммен

  1. Сан есімнің сұрағын тап. а) кім? не? кімдер? нелер? ә) неше? қанша? нешінші? б) қалай? қанша?

  2. Сан есімді тап. а) елік, емен ә) елу, жетеу б) бүгін, ертең

8.Заттың қимылын білдіретін сөз табы : а) етістік

ә) сан есім

б) сын есім

9.Етістіктің сұрақтары: а) кім? не?

ә) қандай?

Б) не істеді? не қылды?

10.Қимылды білдіретін сөзді көрсет : а) оқыды

ә) гүл

б) жасыл

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз _____________________________________

І- тарау .

1-сыныпта өткенді қайталау

Тіл және сөйлеу_________________________________

ІІ тарау .

Дыбыс және әріп _______________________________

ІІІ- тарау .

Мәтін___________________________________

ІV -тарау

Сөйлем ___________________________________

V- тарау.

Cөз және оның мағынасы _________________________

VІ- тарау.

Cөз құрамы _________________________

VІІ- тарау

Сөз таптары_________________________



© 2010-2022