Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу -2 сынып

Уақыты

16.02.2015 85сабақ

Сыныбы

2 «а»

Сабақ тақырыбы

Ү тарау- Адам болам десеңіз.

Амандасу салты

Мақсаты:

Мәтіннің негізгі идеясын,бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру.Оқушыларды әдептілікке,адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылар қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу,сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы әдептілікке,қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:

Шаттық шеңбер, ой қозғау,ББҮ кестесі,Жигсо,түртіп алу,сұқ саусақ,

Негізгі ресурстар:

Қағаз парағы,бақылау парағы,оқулық,сызба,маркер

Негізгі идеялар:

Әдептілік белгісі -сәлем беру.

Қамтылған модульдер

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беруде АКТ-ны пайдалану,білім берудегі және көшбасшылық.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Сабақтың барысы:

кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбер.

Шаттық шеңбер:Қандай тарауды бастадық?

-Адам болсын десеңіз.Бұл кімнің сөзі?Ұлы Абайдың сөзі.

-Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Топқа бөліну: өнеге,әдеп,парыз.

-Осы сөздердің қандай мағынасы бар?Әр топ сөздерге мақал-мәтелмен,нақыл сөзбен,сөздің мағынасын түсіндіреді.

Шаттық шеңберде тұрып,бірлесіп өлең жолдарын айтады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

-Қандай ертегі оқып едік?

-Сүт қалай ұйықтайды?

-Авторы кім?

-Автор жайлы не білеміз?

-Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?

-Ұйқышылдық қандай әдет?

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

-Ертегіде қандай қорытынды ой айтылған?

Оқушылардың жауаптары.

ІІІ.Қызығушылықты ояту

Ой қозғау -

Сөз құра-

А,м,а,д,у,с,н,а

с,а,т,л,ы

Амандасу салты

Сөз құра-

А,м,а,д,у,с,н,а

с,а,т,л,ы

Амандасу салты

-Амандасу салты жайлы не білесіңдер?Білгендеріңді мына кестеге толтырасыңдар.Не білгілерің келеді соңы екінші бөлігіне толтырыңдар.

Кестені толтыр:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

-Не білесіңдер?

-Нені білгілерің келеді?

Сөзді құрайды.сабақтың тақырыбын ашады.

Кестені әр қайсысы толтырып,топта оқиды.

1,2 бөлігін толтырады,ойларын ортаға салады.

ІІІ.Мағынаны ашу

«Жигсо»

«Бастапқы» топ



















«Сарапшылар» тобы

«Бастапқы» топ

«Сұқ саусақ» әдісі

Мәтінді талдау:

  • Топта 1,2,3- деп жұпқа бөлінеді .

Мәтін 3 бөлікке бөлінген:

-Амандасу деген не?

Оның мәні қандай?Осы сұрақтарға жауап алғың келсе,берілген мәтінді түсініп оқы.

І. Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.

Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады.

Сәлемдесудің мәні-ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру.

Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады. Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,

алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүммассалам» деп оң қолын береді. Ол «Аллланың нұры сізге де жаусын» дегені екен. Осылай қол беріп амандасқаннан кейін амандасушылар мына сияқты хал-жағдай сұрасқан:

-Денсаулығыңыз жақсы ма?

-Үй іші, мал-жаныңыз аман ба?

Ал екншісі:

-«Деніміз сау,Құдайға шүкір» немесе «Мал басы аман»,-деп жауап қатқан.

ІІ. Сыртта жүргенде қария адам не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасуға тиісті.

Амандасып болғаннан соң жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын, қария!»-дейді. Ал қария : «Сенің де жолың болсын!»-деп жауап береді.

Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас ,құрдас ,ағайын-туыстар қауышып амандасады. Олар әуелі қос қолдап амандасып, содан соң құшақтарын жайып барып бір-бірімен төс қағыстырып,оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасқан.Осылай қауышып амандасу ер-азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады.

ІІІ. Жастардың амандасу түрлері «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?» түрінде болып келеді.

Ауыл адамдарында алыстан келген ағайынға жиналып амандасу немесе алыс сапарға жүргелі жатқан адамға «Жол болсын!» деп тілек айту дәстүр болған. «Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы шал барып сәлем береді» деген халық сөзі соның дәлелі болса керек.

Ауыл аралап жүрген жастар жолы үлкен қарияның үйіне кірмей кетсе, оларды «Амандасуға да жарамады» деп сөккен. Бұл тәрбие негізі амандасудан басталады дегенді білдіреді.

Әр жұп өзінің бөлігін оқиды.Оқып блғаннан кейін « Сарапшылар» тобына барып мазмұнын талдайды

Қайтадан «Бастапқы» топқа келіп ойларын ортаға салады:1,2,3 жұптар толық мәтінді айтып шығарады.

-Сәлем сөзі қандай сөздерден шыққан?

-Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?

-Сәлем сөзінің мәні қандай?

-Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?Амандасудың тағы қандай түрлері бар?

-Мәтіндегі халық нақылын тауып,дауыстап оқы.Мағынасын түсіндір.

Сызбаны дәптеріңе толтыр:

Амандасу түрлері

Кімдерге арналған?

Ассалаумағалейкүм!

Сәлеметсіз бе?

Сәлем!

Сәлем бердік!

Сәлеметсіңдер ме?

Жағдаятты оқыңдар, осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.

Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді.Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі-өз құрбысы Жанар.Айгүлді көрген бетте құрбылысы оның бетінен сүйіп амандасты.

Әр халықтың сәлемдесуі де әр түрлі болып келеді.

әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдерімен танысқыларың келе ме?

1-слайд-Мадияр

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі - Тәңірге құлшылық ету.

Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.

2-слайд-Фарид

Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

3-слайд-Тахмина

Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған "хада" деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі - үлкен құрметтің белгісі.

4-слайд-Ясмин мен Мадияр

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Мадияр
Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім етудің - басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіндері қайын ата мен енелеріне, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады.

5-слайд-Эмирхан

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

6-слайд-Зульфия

Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің "куник" деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен ғашық жандар арасында кеңінен таралған. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.

7-слайд-Айым

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Еркежан
Ерте кезде Қытайда дос - жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.

8-слайд-Санияр

Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.

9-оқушы- Темирлан

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.

Данара мен Фархат

Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады.

Фархат
Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.
Сәлемдесуден кейін хал - ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора - салттар бар.

Ермахан

Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені.

Мөлдір

Мысалы, орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен.

Топ 1,2,3 жұпқа бөлініп ,бөлімдерін оқиды,сөздік жұмыс,сарапшылар тобына барып ойларын айтады.



















«Бастапқы»топ оралу,мәтіннің мазмұнын толық айту.

«Сұқ саусақ» әдісі бойынша таңдалған топ мазмұнын айтады.

ІҮ.Сергіту сәті

«Сәлемдесу» ойыны

Музыкамен орындайды.

Ойын ойнаймыз,қимылды жасаймыз.Амандас көзбен,қолмен,баспен,

иекпен,өкшемен.

Музыкамен орындайды.

Ойын ойнаймыз,қимылды жасаймыз.Амандас көзбен,қолмен,баспен,иекпен,

өкшемен.

Ү.Ой толғаныс

Постер құрайды.

Бүгінгі сабақтан не алдың?

-1 топ- Амандасу түрлерін ата.

2 топ-Амандасу түрлерін қимыл арқылы көрсет?

3 топ- Амандасудың мәні неде?

*Сәлем бер де-парыз,

Сәлем алу да-парыз.

*Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Парыз-міндет.

-Амандасу деген не?

Оның мәні қандай?Осы сұрақтарға жауап алғың келсе,берілген мәтінді түсініп оқы.

Постер құрайды.

ҮІ.Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Не істедік?

Қай тапсырма өзгеше болды?

Ойларын тыңдау

ҮІІ.Бағалау

Қорытынды

«Бір айналым сөйлем» әдісі

Өзін-өзі,жұп,топтар бағалайды.

-Сәлемдесе білу де - өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
-Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
- Сәлемдесуден жалықпайық.
-Сәлем беру - кішіліктің белгісі.
- Әдептілік белгісі -иіліп сәлем бергені.
Мұғалім: Сәлемдесу - ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.
Сәлеміміз түзу болсын!
Сәлемдесер адамымыз көп болсын!
*Сәлем беру де-парыз,

Сәлем алу да-парыз.

*Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.

Парыз-міндет.

Өзін-өзі,жұп,топтар бағалайды.

ҮІІІ.Үй тапсырмасы

152 бет 10-тапсырма:Әр халықтың сәлемдесуі де әр түрлі болып келеді.Өз бетіңше ізденіп,осыған нақты мысалдар келтір.

1 мақал-мәтел.



© 2010-2022