1 сынып оқушыларының өлеңдері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өлеңге құмар жандармыз!

Қолыма қалам алып оңашада ән жазсам екен деген арманыма арман қосқан шәкірттерді өлеңге баулу,көркем сөзді нақышына келтіре оқу әр баланың қолынан келетінін паш ету әрбір ұстаздың қолынан келетін ісі.

Қазіргі балапан бүлдіршіндерімді алға сүйреп,өлеңге деген

қызығушылығына дем беру,теледидардан көретін мултьсер/дан алшақтату, кітаптың үлкен қазына екендігін

ұғындырып,шығармашылыққа баулу өзімнің алға қойған мақсаттарымның бірі. Болашағынан үлкен үміт күттірер өскелең ұрпағымыздың саналы, ой қиялының жүйрік болуы, мәдениеттілікке баулу әр ұстаз бен ата-ананың міндеті екені белгілі.Кіші де болса талпынған балаларымның жазған шығармаларын қабыл алыңыздар!

«Жеңіс» негізгі орта мектебі

Каспахбаева Айнур Сапаралықызы

Анама

Айналайын анашым,

Әр кез маған панасың.

Алға мені шын сүйреп,

Бақытымды бағасың.

Көңілімді табасың

Мен қуансам, шаттанып,

Жылы жүзге ауасың

Әр кез сені қуантып,

Жүрсем деймін, анашым!

Беркимбай Ақбаян

1 «А»сынып оқушысы

Әжеме

Әжемнің әр кетпеген назарында,

Қараймын күнде сенің жанарыңа

Ауырсаң, қиналамын әжетайым,

Аман боп, жүрсең деймін көз алдымда.

Балтабай Маржан

1 «А» сынып оқушысы

Ұстазым

Ұстазымды ұнатам,

Тез ұғамын айтқанын

Мен мұғалім боламын,

Ұғам тілін баланың.

Койгельдин Анвар

1 «А» сынып оқушысы

© 2010-2022