Сыныптас тыс шара Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (2 клаас)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы.Теректі ауданы,

Ақжайық жалпы орта білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Турегалиева Жанна Ибатовна

Сабақ тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ»

Мақсаты: Оқушылардың өздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оларды білім деңгейі мен ой-өрісін жан жақтылығына тәрбиелеу, ізденімпаздыққа, іскерлікке баулу.Ойынның барысы:Жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар, оқушылар мен жанкүйерлер!
Біле бер, қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле,-дей келе бүгінгі 2а және 2ә сыныптары арасында өтетін «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайыстарымызды ашық деп жариялаймыз және баршаңызға қош келдіңіздер демекпін.
Ойынымыз жарыс түрінде өтетіндіктен, оның шарты мен қатысушылары болады. Бұл ойынға 2 сыныптан -5 оқушыдан шығады. (сөйтіп жарысқа қатысатын оқушыларды топ жетекшісі таныстырады).
Ендігі кезек ойын шарттарымен таныстыру. Ойын 3 айналымнан тұрады.

І айналым « Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады.

ІІ айналым « Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады.

ІІІ айналым « Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады.

IV айналым " Сұрақ жауап»
І-айналымда . Мен оларға мақал-мәтел айтамын, мақал-мәтелдің басын бастап беремін, ал ойыншылар оны жалғастырып айтып беруі тиіс. Егер кімде-кім санды бірінші болып көрсетсе, дұрыс жауап берсе, оған 1 ұпай беріледі. Сөйтіп ойын жалғасады. Бұл айналымда кімнің ұпайы көп болса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.
ІІ-айналымда, оларға жұмбақ жасырылады. Ал ойыншылар оның дұрыс жауабын анықтайды. Кім көп жұмбақ шешсе сол жеңімпаз атанады.
ІІІ-айналымда сурет бойынша мақал айтп жарысады. Енді бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныстырып өтсем. (сөйтіп әділқазы мүшелерімен таныстырамын).Ендеше барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынымызды бастайық.
І-айналым:
1. Жаздың бір күні, Қыстың мың күнін асырайды.
2. Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы.
3. Ақыл-тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен.
4. Білімдегі дүние жарық Білімсіздің күні кәріп.
5. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
6. Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады.
7. Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала.
8. Ашу-дұшпан, ақыл-дос, Ақылыңа ақыл қос.
9. Ырыс алды- ынтымақ.
10. Өзін-өзі мақтаған -өліммен тең.
11. Әдептілік,белгісі иіліп сәлем бергені.
12. Күлме досыңа келер басыңа.
13. Досың сүйінсің дұшпанын күйінсің.
14. Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.

. Ананың көңілі балада Баланың көңілі далада
ІІ. Ұлдың ұяты әкеге Қыздың ұяты шешеге
3 Ананың сүті бал Баланың тілі бал

5. Кісі елінде сұлтан болғанша Өз еліңде ұлтан бол
6. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
7. Ел іші - алтын бесік

. алтау ала болса ауыздағы кетеді төртеу түгел болса төбедегі келеді
15. Мал қорасын іздейді Ер туысын іздейді

Жақсы байқап сөйлер Жаман шайқап сөйлер.
Бас кеспек болса да Тіл кеспек жоқ

Тіл тас жарады - тас жармаса бас жарады
Шебердің қолы ортақ , Шешеннің тілі ортақ
Адам аласы ішінде - Мал аласы сыртында


Туған жердің күні де ыстық , түні де ыстық
Білім қымбат білу қиын
Қыстың қамын жаз ойла
10. Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер
\ІІ-айналым: жұмбақ шешу.
1. Түіскенді түйреген,
Киімі бар инеден. ( кірпі).
2. Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық).
3. Тарағым бар- Таранбаймын. Орағым бар- Ора алмаймын. Сақалым бар, ал бірақ, Мен ақсақал бола алмаймын. (ешкі).
4. Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (мұғалім).

5. Ат міндім қарама аяң қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табаңдатып. (қалам)
6. Төрт қырылы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ. (бор)
7. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім жаны асыл? (ұстаз)
8. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
9. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (кітап)
10. Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта)
Жүргізуші:
Міне енді ІІ - айналым да аяқталды. ЕндігіІІІ айналым сурет бойынша мақал құрау әр топқа суреттер беріледі сол бойынша мақал айтады.

Жүргізуші:
Бәрекелді, енді келесі айналымға берейік.
ІV-айналым.

1 топ А әрпінен бастау.
1. ҚР астанасы? Астана
2. Қадірлі жан. Ана
3. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
4. Оқулықтың аты? Ана тілі
5. Ер адам және мұғалім Ағай
6. Алфавиттің бірінші әрпі? А
7. Жылқы, басқаша атауы Ат
8. Қаланың аты. Астана, Алматы, Ақтөбе, Алға.

2 топ Қ әрпінен бастау.
1. Біздің ұлтымыз Қазақ 2. Үлкен кісі, ата Қарт
3. Мемлекеттік тіл Қазақ 4. Сүттен алынған тағам? Қаймақ
5. Жылқының сүті? Қымыз 6. Музыкалық аспап Қобыз
7. Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан
8. Мына әріптен басталатын сөз Қ аз қасық қияр қас қоңыр


сөз кезегін әділқазыларға берсек........
Келесі айналымды бастамай тұрып, көрермендерзжұмбақ шешейік.жұмбақ:

. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2. Ы. Алтынсарин кім?
3. Ойыңды жазасың,
Аласың мазасын.
Беттері біткен соң,
Жаңасын бастарсың. (дәптер)
4. Есігі бар төбесінде,
Отырасың келесің де. (парта)
5. Кітап жазатын адамды кім дейміз? (жазушы)
6. Соңғы қоңырау мерекесі қай айда болады? (мамыр)
7. Алғашқы қоңырау мерекесі қай айда болады? (қыркүйек)
1. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (ұстаз)
Мысалы: Ұстазды жақсының ұстамы жақсы.
2. Биігіне бойлаған,Қанбайды адам құмары. (білім)
Жүргізуші:Міне енді соңғы айналым да аяқталды. Жарыс түрінде болғасын, оның міндетті жеңімпазы болады. (әділқазы қорытынды сөзін айтып, «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жеңімпазын атайды). Бүгінгі ойынға қатысқан ойыншыларға, көзайым болған жанкүйерлер мен әділқазы мүшелерімізге шексіз алғысымызды білдіріп, жарқын күндерде кездескенше демекпін. Ойын-сайысымыз аяқталды .



© 2010-2022