Тақырыбы: Халық кегінің күйшісі әдебиеттік оқу пәні

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 05.12.2014ж Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Халық кегінің күйшісі. Әбу Сәрсенбаев.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға артына өсиет мұра қалдырған Құрманғазы туралы, мәтін авторы Әбу Сәрсенбаев туралы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға машықтандыру.
Дамытушылық: олардың өмірін, халқына жасаған еңбегін үлгі ете отырып, ой - өрісін тіл байлығын, сөздік қорын, сауатты оқуын дамыту.

Тәрбиелік: халық күйшілері, ақындарының өмірін біле отырып, құрметтеуге, ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдістері: Джиксо, бес жолды өлең, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: күйшілер, Әбу Сәрсенбаев, Махамбет Өтемісұлы портреттері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды 3 топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау.
ІІ.Үй жұмысын сұрау.
1 - топ. С. Бердіқұлов зерттеу.
2 - топ. Мәтін мазмұнын айту.
3 - топ. Ғ. Қосанов туралы айту.
- С. Бердіқұлов, Ғ. Қосанов жайлы толығырақ мәліметтер біліп келу.
- Мәтін түсінігін айту.
- Олай болса, біз әр тапсырманы әр топтан сұраймын.
- Ғ. Қосанов кім екен?
спортпен шұғылданған атын әлемге әйгілі еткен спортшы екен.
- Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
Шахтер, күйші, жазушы, спортшы, дәрігер, мұғалім, әнші
Біз мамандық түрлерін атадық. Сонымен күйші деген кім?
- Қандай күйшілерді білеміз?
- Құрманғазы, Дина, Асылбек Еңсепов, Сәкен Тұрсынбеков т. б.
Олай, болса бүгін күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы өтеміз.
«Халық кегінің күйшісі» Әбу Сәрсенбаевтің мәтінімен танысамыз.

ІІІ.Мағынаны тану.

Сәрсенбаев Әбу (Әбуғали) (1905 - 1995) - қазақ ақыны, жазушысы. Атырау облысы, Құрманғазы ауданында, Ботахан, қазiргi Мақаш ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы.
1.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді «Джигсо» әдісімен оқып шығымыз.
1 - топ. Қой баққан бала
2 - топ. Махамбет пен Құрманғазының кездесуі
3 - топ. Махамбетпен қоштасуы

- Махамбет Өтемісұлы кім? Оқушылардан сұрау.
Мәтін түсінігін сұрап, бөлімге ат қоюы.
- Мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру.
1 - топ. Әңгімедегі табиғатты суреттеген жерді тауып оқы.
2 - топ. Махамбет пен Құрманғазының кездескен жерін тауып оқы.
3 - топ. Махамбет пен Құрманғазы мен қоштасуын тауып оқы.
Құрманғазы Сағырбайұлы - Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Кедей отбасында дүниеге келген. Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері. Ұстазы Ұзақ күйші. Құрманғазы күйлерін 30 - жылдардағы ұлт - азаттық көтеріліске арнаған. ʺТүрмеден қашқанʺ, ʺАдайʺ, ʺКішкентайʺ, ʺАқсақ киікʺ. т. б
2.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу.
Сылти басып -ақсаңдап
Қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған - әлі жассың

Құрманғазының күйлерін жазу.

IV.Бекіту.
- Мәтіндегі баланың ағаш тамырынан жасағаны не?
- Құрманғазы кіммен кездесті?
-Құрманғазы Махамбетке қандай өтініш айтты?
-Махамбет Құрманғазыға не деп жауап берді?
-Құрманғазы домбыраны не үшін жасамақшы болды?
-Бала неге батырмен кетіп қалғысы келді?
V.Сабақты қорытындылау.
1 - топ. Құрманғазы туралы бес жолды өлең топтастыру
2 - топ. Әбу Сәрсенбаевқа бес жолды өлең құрастыр.
3 - топ. Махамбетке бес жолды өлең.
Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
VI.Бағалау. Текшелер арқылы бағалау.
VII.Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау. Құрманғазы туралы мәлімет жинау.


© 2010-2022