1 класс Саяхат сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты:1) Өлеңді түсініп оқу арқылы төрт түлік малдың пайдасын жете ұғындыру. Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін одан әрі кеңейту.

2)Төрт түлік арқылы балалардың танымын, ойын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

3)Еңбекқорлыққа, әдет-ғұрыпты қастерлеуге тәрбиелеу, төрт түлік малға деген қамқорлық сезімін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, төрт түлік малдың суреттері, бейнефильм, флипчарт

Сабақтың түрі: саяхат ссабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Себебі бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтарымызды білімімізбен қуантып, жақсы көңіл- күй сыйлайық. Психологиялық дайындық.

1 класс Саяхат сабақ

-Сабақта жауап берген оқушыларға фишкалар таратып отырамын. Кім көп фишка жинаса сол оқушының бағасы да жақсы болады.

Сауат ашудан қандай тақырыпты өтіп жатырмыз. Ендеше осы түрт түлік малмен жақынырақ танысу үшін біз сендермен ауылға саяхатқа шығамыз. Біздің баратын ауылымыз алыс, жолда көптеген кедергілер кездеседі. Ол кедергілерден өту үшін сендер тапсырмаларды дұрыс, әрі тез орындауларың керек. Дайынбыз ба? Сәт сапар тілеймін!

  • Балалар, біз саяхатқа автобуспен шығамыз. Автобусымыз келгенше төрт түлік мал туралы білетінімізді есімізге түсіре қояйық.

Өткен сабақты пысықтау. (слайд):

1 класс Саяхат сабақ

-Математикадан қандай сандарды өтіп жатырмыз? (Ондықтарды)

«Бәйге» ойынын ойнағыларың келе ме?

. Ол үшін қалаған ондықты таңдап аласыңдар да, сұраққа жауап бересіңдер.

1 класс Саяхат сабақ

-Автобусымыз да келіп қалыпты.

1 класс Саяхат сабақ

11 класс Саяхат сабақ-кедергі:- Балалар, бүгін күн түнеріп тұр екен. Жаңбыр жауса ауылға жете алмаймыз. Бұлтты сейілту үшін бізге тапсырмаларды орындау керек.

Ендеше сөз туралы білетінімізді ортаға салайық. Слайд.

-Сөз неден тұрады? (дыбыстан)

-Сөзден не құраймыз? (сөйлем)

- Сөз мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?

-Көп мағыналы.

-Мағыналары жуық.

-Мағыналары қарама-қарсы.

-Сөз дегеніміз заттың несін білдіреді?

-Заттың атын.

-Заттың қимылын.

-Заттың сапасын.

-Заттың санын білдіреді.

Ассоциация

1 класс Саяхат сабақ

-Аспанымыз ашылды, енді алаңдамай жолға шығуға да болады.

Бірақ алдымызда тағы кедергі бар.

1 класс Саяхат сабақ

-Қаладан шығу үшін бізге бірнеше қиылыстан өтуге тура келеді. Ендеше бағдаршамдардан дұрыс өту үшін біз оқулығымыздың 117-бетін ашып, келесі тапсырманы орындай қояйық. Мұнда Өтебай Тұрманжановтың «Малдың пайдасы» өлеңі берілген. Өтебай Тұрманжанов - ақын, жазушы және аудармашы. Ол балаларға арнап көптеген ертегі, әңгімелер, өлең, тақпақтар жазған.

1 класс Саяхат сабақ

1. Оқулықпен жұмыс.

2.Өлеңді мәнерлеп оқып беру

3.Сөздік жұмысы

1 класс Саяхат сабақ.

Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

-Енді автобустан түсіп, бойымызды сергітіп ала қояйық. «Қара жорға» биі.

-Біздің автобусымыз орманға келіп тоқтап қалды.

1 класс Саяхат сабақ

Орманнан адаспай өту үшін біз төрт түлік мал туралы білетінімізді еске түсіре кетейік.

(Оқушылар төлдер туралы жаттаған тақпақтарын айтады.)

-Осы төлдер енелерінен адасып қалыпты. Егер біз олардың ерекшелігін айтып берсек, оларды табыстырамыз.

-Сиыр туралы не білеміз?

-Түйе туралы ше?

Жылқы малы туралы не айтар едіңдер?

-Қой туралы ше?

-Өте жақсы. Малдарды төлдерімен табыстырдық. Олар бізге риза болған сияқты.

1 класс Саяхат сабақ

-Алдымызда тағы кедергі кездесті. Енді көпірден аман-есен өту үшін біз дәптермен жұмыс жасайық.

1 класс Саяхат сабақ

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп жазайық!

1 класс Саяхат сабақ

Келесі тапсырма: «Артық сөзді тап.»

(Бір оқушы тақтада, қалғандары дәптерлерінде орындайды)

1 класс Саяхат сабақ

1 класс Саяхат сабақ

-Алдымыздан шопан аға кездесті. Ауылға жақындаған сияқтымыз. Егер тапсырмасын орындасақ, шопан аға бізге ауылға апаратын жолды көрсетіп береді.

. (Мал қалай дыбыстайды? Слайд.)

1 класс Саяхат сабақ

Сәйкестендіру тесті (флипчарт)

-Балалар, алдымызда жылқыларды айдап келе жатқан кім, танисыңдар ма? Осы жылқышы ағаның соңынан барсақ, ауылға адаспай жететін шығармыз.

1 класс Саяхат сабақ

Жылқышы ағаның тапсырмасықандай екен?

1 класс Саяхат сабақ

1 класс Саяхат сабақ

- Ауылдың да шеті көрініп қалды. Енді ауылға кіру үшін төрт түлік малдың бізге қандай пайдасы бар екен, есімізге түсіріп жіберсек. ауылға да жетіп қаламыз.

1 класс Саяхат сабақ

Сабақты кесте бойынша қорыту. (Сұрақтың жауабын реттік санмен белгілеу)

1 класс Саяхат сабақ

Бейнефильм.

-Ұзақ жол жүріп, ауылға да келдік. Төрт түліктің адамға пайдасы қаншама. Сондықтан төрт түлік малды құрметтейік, күтіп баптайық.

1 класс Саяхат сабақ

Соңынан оқушыларға төрт түлік туралы жадынама тарату.


1 класс Саяхат сабақ






1.Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып жеткен.

(Құлын)

2.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Егіз құлағы бар,

Иегінде сақалы бар.

(Ешкі)

3.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

4.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

5.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

1 класс Саяхат сабақ


© 2010-2022