Шиден композиция. Аққала жасау 4 класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 4-сынып

Пән мұғалімі: Кадырмагамбетова Алия

Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Шиден композиция «Аққала» құрастыру.

Сабақтың мақсаты : а) Оқушыларға шиден аққала жасау үшін жұмыс кезеңдерін

түсіндіру

ә)Оқушыларды тазалыққа және иекемділікке баулу

б) білімділікке тәрбиелеу

а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Жасалу үлгісі салынған плакат,ши.

Оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар: ши,ПВА желімі,барқыт мата,қатты қағаз,кескіш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Білімдерін тексеру:1.Аққаланы жылдың қай мезгілінде жасайды?

2.Аққаланы неден және қалай жасайды?

IV. Жаңа сабақ . 1) мұғалімнің түсіндірмесі.

Аққала - қыста балалардың қардан мүсін жасап ойнайтын ойыны. Аққаланы мектептің, үйдің ауласында жасауға болады. Бүгін сендермен аққаланы шиден жасап көрейік..Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.

2)Сұрақ-жауап

3) Жұмыстың орындалу реті:

1.Шиді аққала жасауға жететіндей етіп дайындап алып, тазалаймыз да, суда жібітеміз.

2. Судан алып, оларды кеңсе пышағымен бойлай жарамыз.

3. Жарылған шилерді астына және бетіне қағаз төсеп, үтіктейміз. Одан кейін шилерді ұсақтап бөлеміз.

4. Барқыт матасын қатты қағазға желімдеп аламыз. Содан соң бормен аққаланың мүсінін бейнелейміз.

5. Аққалаға ұсақталған шилерді, ал сыпыртқысының сабы мен басына ұзын жіңішке шилерді желімдейміз.

6.Аққаланың айналасындағы қар ұлпаларын да шимен жапсырмалаймыз.

7. Ұсақ шимен аққаланы тұтас толтырып шығамыз.

V.Сергіту сәті. Жаңа жыл туралы өлең, тақпақтар айтады.

VI.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. 1. Ши қайда өседі?

2.Шиден кілем тоқуға бола ма?

3.Шиден тағы қандай мүсіндер жасауға болады?

VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып ,бағалау

Жұмыс орнын жинастыру



© 2010-2022