«С дыбысы және әрпі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : С дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Балаларға С дыбысы мен әрпін таныстыру.Сөз,сөйлем құруға дағдыландыру.

Дамытушылық : Балалардың оқуға,білімге деген қызығушылығын

қалыптастыру,дүниетанымын,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік : Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып,таза,сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдістері : Көрнекілік,суреттер,сөз,сөйлем құрау,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : Суреттер,кеспе әріптер,электронды оқулық.

Сабақтың барысы :

I .Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Мұғалім :

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн қонақтар.

Балалар :

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Жарайсыңдар, балалар,көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.

I I . Өткен сабақты пысықтау

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінің нешінші айы?Және қалай аталады?

Бүгін аптаның қай күні?

Ал енді сабақты «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз.

Дыбыстарды жеке-жеке айтамын,сендер текшемен белгілейсіңдер.\Оның ішінде

дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

Өте жақсы,балалар.

Енді біз «Алма жинау » ойынын ойнайық.

/Үлкен алма ағаштың суреті,жемісімен/

-Мына алма ағашында,алмалар пісіп тұр.Әр алманың артында дыбыс таңбасы /әріп /

жазылған,дыбысты атап,сол дыбысқа байланысты сөз құрап,мына себетке саламыз.

Аталған сөздерге буындық талдау жасап отыру.


I I I . Жаңа сабақ

1. «Ойлан тап» ойыны арқылы жұмбақ шештіру.

Жұмбақ:

Көрінбейді басы,

Көрінбейді шашы,

Көріп қойса қоян,

Тап береді оған.

/Сәбіз/

Сәбіз сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

С дыбысы /3-4 рет қайталау/

Қандай дыбыс?

Дауыссыз дыбыс ?

Қандай текшемен белгілейміз?

Көк текшемен белгілейміз.

2. Электронды оқулықпен жұмыс.

Сөздерді буынға бөлу.

3. Әліппе дәптермен жұмыс.

Суретте не белгіленген? /Сағат,асық,қас/

С дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі екен.

4. Ойын: Кім тапқыр?

«С» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты сұрыптап,қажет сандыққа сал.

«Сағат» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Сергіту сәті.

5. Кітаппен жумыс.

Ойын «Дыбыстар достығы»

С-а,с-о

Са-на, са-қ, са-л.

6. Дәптермен жұмыс.

С дыбысы.Мынау сол дыбыстың таңбасы-С әрпі.

Көрсетіп тақтаға ілінеді.

Қане,балалар осы әріпті ауаға әдемі етіп жазайық.

Тақтаға жазып көрсету.Дәптерлеріне үлгі етіп жаздыру.

7.Ойын «Сөз құра,тез құра»

Дос, сана, аспан

Ас-ан, ас- тана

Т-ас, қ-ас, л-ас.

8.Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу.

Балық, сүлгі, сиыр.

Балық суда жүзеді.Сиыр мөңірейді.

IҮ. Қорытынды.

Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Сол дыбыстарға сөз ойлаңдар.

Ендеше қонақтармен қоштасайық .

Күніміз ашық болсын.

Ауамыз таза болсын.

Түніміз тыныш болсын.

Сау болыңыздар.


© 2010-2022