Бір уыс мақта

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәннің аты: сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Бір уыс мақта.

Сабақтың мақсаты: а) өлеңдер мен әңгімені мәнерлеп әрі түсініп оқуға үйрете отырып, еңбектің пайдасы туралы түсініктерін кеңейту;

ә) оқушылардың ауызекі және жазбаша сөйлеу дағдысын жетілдіру, сөздік

қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;

б) ерінбей еңбек етуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: талдау-жинақтау, көрнекілік, түсіндіру, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі: Әліппе серігі, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариндердің суреттері. Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Жаңа материалды түсіндіру.

Ұлы Абайдың суретін көрсете отырып, оның өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.

Сергіту сәті.

Ы. Алтынсариннің суретін көрсете отырып, оның өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.

Сөздік жұмыс:шапан, қиқым, мамық.

«Бір уыс мақта» әңгімесін оқыту.

4.Түсінгенін тексеру.

Сұрақтарға жауап алу.

-Шешесі қызына қандай ақыл айтты?

-Әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады?

5. Бекіту.

Әліппе серігі. «Көйлекті маған кім берді?» мәтіні. 73-бет.



© 2010-2022