Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы; Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз.

Білімділігі; Бүлдіршіндерге елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан- жақты дамыту,мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын ,оны ерекше құрметтеп,мақтан тұту керектігін түсіндіру;

Дамытушылығы; ой -өрісін, танымдық қабілетін,дара тұлға ретінде дамыту.Тәуелсіздік жайлы жан- жақты түсінік бере отырып,олардың ой -өрісін арттыру.

Көрнекіліктер; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері; Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н. Ә.Назарбаевтың портреті, бүктеме, әнұранның фонограммасы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Жүргізуші ; Қазақстан Республикасы біздің туып өскен жеріміз! Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады .Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының Гимні . .Қазақстан Республикасының елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.

1-.Бала. Рәмізім -елдігімнің белгісі

Білу керек бала -дағы ең кіші.

Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші ; Мемлекеттік туымыз бірыңғайкөгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына . адалдығын білдіреді .Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді .Күн - қозғалыс ,даму, өсіп -өркендеудің, өмірдің бейнесі.Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенің бастауындай , билік, айбындылықтың бейнесі . Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді және тік жолақ ою- өрнектер бар. Күн, қыран, ою- өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.

2 -Бала. Қазақстан Туы Елдің ашық қабағы.

Көк аспандай көкпенбек Ақ ниеті алтын күн.

Қазақстан жалауы. Елдің ашық қабағы.

Көк емес ол тектен тек. Асқақ арман қыраны

Жүргізуші ; . Шәкен Ондасынұлы Ниязбеков - ҚР Мемлекеттік Туының авторы .Елтаңба негізі - Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың , отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлдүлі ,ер - адамзаттың сәйгүлігі ,жеңіске деген қажымас қайраттың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақытпен кеңістікті біріктіреді. Ол -өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз «Бағыңыз ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсін!» деген асыл тілекті айқындап тұр. «Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы. Елтаңбаның авторлары Ж.Мәлібеков, Ш.Уалиханов.

3- Бала. Мәртебесі мақтаны 4- Бала.Қанатты қос арғымақ,

Елтаңбасы елімнің Екі жақтан көмкерген.

Елтаңбасы елімнің Тәуелсіздік жолында

Неткен әйбәт әдемі. Талай талай тер төккен...

Тұнығындай көңілдің Билігім өз қолымда,

Ортада аспан әлемі. Еркіндігім елтаңбам!

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

5 -Бала. Жандарбек Мәлібекұлы - ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.

6 -Бала. Шот- Аман Ыдырысұлы Уалихан - ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.

Жүргізуші ; . Гимн мәтінінде ғасырлыр бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең - байтақтығы , жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздыңболашағына айқын жол ашатын көрініс тапқан.

7 -Бала. 2006 жылы 7қаңтарда Қазақстан Республикасының Гимні қабылданды.

Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жүмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен түзетулер енгізілді. Әнұран авторлары; Шәмші Қалдаяқов, Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Жүргізуші ; . Гимн салтанатты жиындарда, мәжілістерде, жаңа ескерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып ,қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.

Бүлдіршіндердің орындауында « Достық» әні.

8 -Бала. Әнұраным- жан ұраным Тоқтамайды дабыр әні

Айтар әнім,сөйлер сөзім, Мәңгі бақи шырқалады

Туған жерім сағынарым Республикам Әнұраны!

Бақыт- бірлік күн талабы.

Жүргізуші ; . Балаларға Туған жер. Отан туралы мақал мәтелдер айтқызады.

Отанды сүю - отбасынан басталады. Т.б...

9 - Бала. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас. Т.б...

Темірланның орындауында «Жаса,Қазақстан!» әні.

10 -Бала. Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаматтығым, көпке айғағым,

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

11 - Бала. Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Көк байрақ көгерт менің көсегемді ,

Аспандат Атам қазақ Аруағын !

Тәрбиеші. Еліміз әрқашанда тыныш болсын!

Еліміздің Егемендігі жасасын!

Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі ,

Әнұранымен айбатты бола берсін деп сынып сағатымызды аяқтаймыз!

Оқушылар әні; « Әрқашан күн сөнбесін!




© 2010-2022