Урок на теме Күз сыйы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Урок на теме Күз сыйы

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Өтес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Ұлықпанова Раушан Оңғарбекқызы

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. а)Көкөніс пен жеміс-жидектерді бақта және бақшада өсетіні жайлы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, адам денсаулығына маңызы жөнінде білімдерін тереңдету. Күздің атауы «Жомарт күз» деп неліктен аталатынын түсіндіру, күзгі ерекшелігін, көрінісін бақылауға үйрету;

Күз байлығын әсемдікті сезіне білуге, сурет бойынша, заттық нәрселерді бақылап, салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.

ә) Балалардың өз ойларын жүйелі, анық жеткізуге үйрету; ой-өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін, қызығушылығын, танымын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

б) Табиғатты, өсімдіктерді қорғауға, аялауға, әсемдікті көріп сезінуге үйрету; Күзгі адамдар еңбегін құрметтеу, күзгі байлықты, сиын бей-берекет шашпай пайдалануға жол бермеуге тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, венн диаграммасы

Жаңа сөздер: Ызғар, дымқыл, жамарт күз

Көрнекілігі: Күз көрінісі бейнелеген суретті плакат, жемістер, көкөністер

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

«Сиқырлы жапырақ»

Мақсаты: Бір-біріне жылы, мейірімді сөзін, тілектерін білдіру.

- Балалар менің қолымда не бар екен?

- Жапырақ

- Ол қайдан түсті?

- Ағаштан саудырап түсті

- Түсі, пішіні қандай екен?

- Түсі- сары, пішіні сопақша

- Қай ағаштың жапырағы екен?

- Сыр талы

Бұл жапырақ жай жапырақ емес, сиқырлы…. ендеше осы жапырақты бір-бірімізге сыйлайықшы, мейірімді сөзімізді аямайықшы.

Қуан! Шаттан! Алақай!

Қаунатын келді күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн де бүгін

Сұрақ- жауап

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Күз мезгілінде бау- бақшада нелер піседі?

- Күзді «Жомарт күз» деп неліктен айтып жүреміз?

- Күзде адамдар қандай еңбек етеді?

- Күз туралы не білесіздер?

Тақпақтарын жатқа айту.

«Күз» мезгілі туралы балалардан жеке сұрау.

1- бала: Марлен 2-бала: Асанәлі

Тәрбиеші түсіндірмесі

- Мінеки, балалар, күз өте ерекше, жомарт, алтын, тамаша мезгілдің бірі екен.

Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл, жасыл болса, аплқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады.жауын-шашын көбейеді, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «Жомарт», «Алтын» деп атайды. «Жомарт» сөзі молдықты, дархандықты, мырзалықты білдіреді. Күз- жылдың берекелі мезгілі.

(Күз мезгілі бойынша салынған суретті көрініс бойынша әңгімелеу)

ІІ. Таңғажайып сәт!

Күз падишасының келуі.

- Балалар бізге қонаққа күз падишасының келді.

- Кәне, сәлемдесейік.

- Сәлеметсіз бе! Хош келдіңіз!

Күз падилшасы:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер, бүгін тамаша екенсіңдер!Балалар, мен - күз падишасымын . Сонау күз патшалығы елінен келдім. Сендердің «Күзгі сыйы »туралы білетіндеріңді естідім. Әрі күз мезгілін қалай ұнайтындығын байқап көруге келіп тұрмын. Мен сендерге тапсырма әкелдім. Осыны орындап берсеңдер, мен сендерге күзгі сыйлығынан тамаша бір сый тартамын. «Сыйға - сый » деген мақал бар емес пе? - қане, бәріміз дайынбыз ба?

- Балалар, сіздің тапсырмаңызды орындайды. Күз туралы өз білімін, өнерлерін аямайды.

Күз падишасы келіңіз, төрлетіңіз! Сіз отырып балалардың білімін бақылап көріңізші !

1 - тапсырма Өлең оқу

Шолып едім бақшаны

Көкөніс біткен көңілді

Жасыл, сары, қызыл - көк

Сан алуан көкөніс

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

- Өлең не жайлы екен ?

- Бақшада не өседі?

- Бақта нелер өседі ?

- Көкөкністерге нелер жатады ?

- Жемістерді ата ?

Танымдық саласы.

2. Дидактикалық ойын. «Жеміс пе, көкөніс пе? »

Мақсаты: Екі себеттегі жемістер мен көкөністер түрлерін ажырытып, бөліп салуға үйрету;

Олардың пішімін, көлемін, түр түсін салыстыру.

Қатынас білім беру саласы.

№ 1 - тапсырма

Сурет бойынша әңгіме құрап, әңгімеге ат қою. Сұрақ - жауап арқылы балалардың сөздік қорын, тілін жаттықтыру.

- Балалар күз падишасы мына сурет не туралы салынған екенің және оның қалай атауға болатының түсінбей көңілі жабырқанды қане көмектесейікші.

Тақырыбы: Күз сыйы

Мына суретте күз мезгілі бейнеленген. Күз суық бірде ашық болып тұр. Ағашта жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Күзгі бақта қып - қызыл алмалар көп. Балалар күзгі баққа келді. Бағбан атай алмаларды жаздай егіп күзде піскен соң жинап, дүкендерге береді. Балалар атайға көмектесті. Олар ағаштың жоғарғы жағында піскен алманы сатымен мініп жинады. Жерге түскен алмаларды қыздар жәшікке салды. Алмалар доп - домалақ, қвп- қызыл өте дәмді екен. Кірпі де өз ініне алманы тасып, қысқа азық дайындауда. Күз мезгілі адамдарға да, жануарларға да өзінің мол сыйымен бағалы.

Сұрақ - жауап әдісі:

- Суретте қай мезгіл бейнеленген ?

- Ағаштан нелер сарғайып түсіп жатыр?

- Алмалардың түсі мен пішіні қандай?

- Бағбан атайға көмекке кімдер келді ?

- Неліктен күзді жомарт дейміз ?

- Күздің сыйлығы қандай екен ?

- ( Балалардың жауабы )

Күз падишасы :

Балалар, рахмет ! Сендерге күз мезгілі қатты ұнайды екен

Күз келгенде бақшадағы көкөністер, бақтағы жемістер жиналады. Көкөністерден қысқа сақтауға түрлі салаттар, шырындар дайындайды. Жемістен түрлы тосаптар, шырындар жасайды.

Көкөніс- адамның ағзасының өсуіне, дамуына пайдалы түрлі заттарға бай.

Жемістер - адамға өте пайдалы, бақта өседі.

Жемістерді кептіріп қақ жасауға болады. Шырынын ішеді. Адамдар мол өнім алу үшін жемісті күтіп өсіреді. Түбін қопсытып, ағашты әктейді.

- Ендеше, жемістердің түрлерімен танысайық.

№2 тапсырма

Шығармашылық саласы.

Көрініс көрсету «Жемістер жыры»

Дидактикалық ойын: «Дәмін татып, ажырат»

Шарты: Балаларға күзгі сыйлықтан жемістер мен көкөністерді араластырып, бір баланың аузына салып көрсету; Қай жемісті не көкөністі дәмін татып көрсе, сол жемістің дәмін, түрін, пішінін сипаттап береді.

№ 3 тапсырма «Жұмбақ жасыру»

- Ал, мынау нелер?

- Көкөністер.

- Ендеше, жұмбақтар жасырамын, көкөкністің қай түрі екенін айтып, көрсетіңіздер?

Жұмбақтар

Үстінде тігін көк жатыр

Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)

Аласа талда алуан-алуан алма

Алөызыл болмай аузына салма (қызанақ)

Қалын киімді үнатады

Шешіндірсен жылатады. (пияз)

Жаздай інге тығылып

Жатқан түлкі түлкіні

Әкелді әкем бір күні

Ол не? (сәбіз)

- Енді, сәбіз бен қызанақты салыстырайықшы

Венн диаграммасы

сәбіз сопақша, екеуіде көкөніс бақшада, қызанақ жұмсақ,

қызыл сары, қатты топырақта түстері-қызыл домалақ, жұмыр қызыл

түсті келеді

- сәбіз - сопақша, түсі қызғылт сары, қатты

- қызанақ - домалақ, түсі- қып-қызыл, сырты-тегіс, жұмыр болады.

ІІ. Алма мен өрікті салыстыру.

Алма-қатты домалақ, қызыл, жасыл түсті ағашта өседі, үлкендеу.

өрік-домалақ, қара түсті, жұмсақ, ағашта өседі.

Алма ұстелдің ұстінде тарелкада тұр, өрік себеттің ішіңде төменде тұр.

Алма ағаштың басында, жоғарыда салбырап піседі.

ІV. Дидактикалық ойын «не артық?»

Балаларға жемістердің арасында ұқсамайтын затты тапқызу.

№ 4 тапсырма

Мақал- мәтел

Бір тал ексең он тал ек !

Не ексең соны орасың !

Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер.

VІІ. Қорытынды бөлімі

- Балалар, біз бүгін біраз еңбек еттік. Күз падишасының берген тапсырманы бәрін жақсы орындадындар, бізге күз падишасы көп жемістерін үйлестіреді.

Осының бәрі еңбектің нәтижесі

Судан аттап өтсең

Мұны аты - еңбек

Ағаш басына шықсаң өрлеп

Мұның аты - еңбек

Жеміс жинап терсең

Мұның аты - еңбек

Табиғатқа қамқорлық,

Бұл ғажайып - еңбек.


© 2010-2022