Ашық сабақ қазақ тілі пәнінен Зат есім (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.

  2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауғаарналған көрнекіліктер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Психологиялық дайындық орындау.

-Әрбір адам? -Туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сабақ? -Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
-Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік , адалдық.

Олай болса бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлу

1 топ -Түбір 2 топ -Жұрнақ 3 топ -Жалғау

Топ басшысын сайлап алалы.

ІІ. Ой қозғау: Біздің еліміз - ҚазақстанРеспубликасы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ел болашағы- білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде .Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.

Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне , гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймызә демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

315-жаттығу Бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын, екінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздер тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.

ІV. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту: «Сөзжұмбақты шешіп көр».

Ерекше жолдағы сөзге түсіндірме жұмыс жүргізу.

Ашық сабақ қазақ тілі пәнінен Зат есім (2 сынып)

Ережені түсіндіру жұмысы.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу сәті:Зз әрпі.

Сөздік диктант

Мұғалім , дәрігер, қобызшы.

V. Жаңа сабақты пысықтау. Мағынаны ашу

318-жаттығу Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

VI.Сергіту сәті:

«Жасырын сөзді тап» ойыны

319-жаттығу Сызбаның орнына не? сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

VІІ .Дәлелдеу. Топтық жұмыс

321- жаттығу. Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу

1 топ Мамандықтардың аттарын жазып оның пайдасы. Постер құру.

2 топ Көкөністердің аттарын жазып оның пайдасы. Постер құру.

3 топ Үй жануарларының аттарын жазып оның пайдасы. Постер құру.

VІІІ.Ой толғаныс. Синквейн ( бес жолды ойын)

Кім ?

Қандай ?

Не істеді?

Сөйлем

Синоним (ұқсас сөз)

ІХ.Қорытындылау:

«Гүл таңдау» ойыны

1.Зат есім дегеніміз не?

2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

3.Зат есімге мысал келтіру.

Х. Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

320 - жаттығу.

Кім? сұрағына жауап беретін зат

есімдерді бір бағанға, не? сұрағына жауап беретін зат есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

ХІ. Бағалау.









© 2010-2022