Открытый урок по начальному классу С дыбысы мен әріпі (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 15.10.15ж

Пән: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру. С с дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Тәрбиелік: Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, С с дыбысының баспа түрі, текшелер,түрлі суреттер.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу.

Саған білім жемісін

Оқулығыі береді

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

  • Балалар бүгін көңіл-күйлерің қалай? (.....)

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (күз)

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

  • Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • «Б» қандай дыбыс?

  • Б дыбысы сөздердің қай жерленінде кезігеді?

Дидактикалық ойын «Сөз ойла ,тез ойла»

Шарты; Балалар «Бб» дыбысынан басталатын немесе сөз арсында «Бб» дыбысы бар сөздерді айтады. Айтқан сөзді буынға бөледі.

Қабақ , бағбан , бақша, табақ, балуан, Болат , бота, дорба, шабақ, балта.

«Баспалдақ» ойыны:

б

а

с

б

а

л

б

а

қ

а

б

о

т

а

б

а

л

ғ

а

б

а

қ

ш

а

б

а

л

а

қ

а

й

б

а

л

а

п

а

н

Оқулықпен жұмыс :

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру: «Дәл тауып айт»

Қыздар құлағына тағады - Сырға.
Қыздар қолына тағады - Сақина.
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Сиырдан не алынады - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Мектепте не оқимыз - Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмке.

Кірді немен жуамыз - Сабын

Балалар шайнайды - Сағыз

-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

-Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз

Сергіту сәті; - Жаңа әріпті есімізге жақсы сақталу үшін бойымызды сергітіп алайық

Жұмбақ шешу: Түсі суық ызғарлы

Аузында айыр тілі бар (жылан)

-Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?

-С-С-С-С

-Олай болса балалар «С с» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма?

-Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз.

-Ең алдымен дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Ендеше барлығымыз хормен айтып «С с» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, «С с» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр.

Мұғалім балаларға суреттермен «С с» дыбысы туралы түсінік береді.

-Балалар, «С с» дыбысы сөздің барлық буындарында (басында, ортасында, соңында) кездеседі.

Мысалы: сүзбе, маса, троллейбус, автобус, Досымжан, Ерсұлтан, Диас, Сая, құс, сауысқан, саусақ,

Оқулықпен жұмыс: - Оқулықтарыңда ненің суреті тұр?

  • Балалар не істеп жатыр?

Оқы: сан, сана. Санат, сал, сала, саба, сабақ, сағат, маса, (сөздерді оқыту)

Әліппе-дәптермен жұмыс

Әліппе-дәптердегі (суретке қарап) сандық,глобус, үстел, мысық С с дыбысы қай жерде келіп тұрғанын сұрау.

С с әрпінің жазба түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

Бір, екі, үш

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

а) С с әрпін ayада жазу.

ә) С с әрпін қолымен үстінен бастыру.

б) С с әрпін әліппе-дәптерге жаздыру.

Сергіту жаттығуларын жасату

Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Жаңбыр ақырын жауды.

Жаңбыр басыла қалды,

Түн батты.Таң атты.

«Қалып қойған әріпті тап» Алдарыңда тұрған қағазшаға қалап қойған әріпті жазамыз.

Қабілеті жоғары балаларға таратпа тарату.

ІҮ.Сабақты қорытындылау. Суретке қарап әңгіме құрау. (мұғалімнің көмегімен орындалады)

ҮІ. Оқушыларды мадақтау




« Көкпекті орта мектебі» КММ












Сс дыбысы мен әріпі

(ашық сабақ)


Өткізген: Аяганова А.О.




2015 - 2016 оқу жылы


© 2010-2022