Сочинения на тему Менің алғашқы ұстазым (4 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4«ә» сынып оқушыларының «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбына жазған шығармалары.

Менің алғашқы ұстазым-Ильясова Назгуль Смаилқызы. Есімде Әліппені жаттатқызып, ең алғаш қолға қалам ұстатқаның-деп өлең жолдарында жазылғандай Назгуль апайымның маған «Әліппе» мен қалам ұстатқаны әліде есімде. Біз апайды өте қатты жақсы көреміз. Апайымыздың айтқанын тыңдаймыз, оны ренжітпеуге тырысамыз. Өйткені, апай соған лайық.

Қуаныш Дильназ.

Менің алғашқы ұстазым-Ильясова Назгуль Смаилқызы . Ұстазым маған ең алғаш жазуды, оқуды үйреткен. Өзі бір тыным таппайды. Біз үшін бәріне дайын. Бұл өмірде менің ұстазымнан артық ұстаз жоқ. Ұстазым менің екінші анам, мектеп менің екінші үйім деп білем. Мен апайымның сенімін ақтаймын. Мен ұстазымды жақсы көремін.

Бақытжан Адина

Менің алғашқы ұстазым-Нұрғайша Жабайқызы. Ол алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытты. Ал екінші сыныптан бастап менің ұстазым - Назгуль Смаилқызы. Мен ұстазымның әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен қамқорлықтың, аналық сезімнің ыстық лебін сеземін. Иә, менің жан дүниемді түсініп, ренжітпей, қателігімді сездіре білуі ұстазымның нағыз шеберлігі деп түсінемін. Ұстазым мені білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойыма дарытып, адамгершілік рухта тәрбиелегені үшін мақтан етемін және әрқашан бас иемін.

Серік Қалижан

Біздің алғашқы ұстазымыз - Ильясова Назгуль Смаилқызы. Біз апайымызды жақсы көреміз. Апайымыз мейірімді, ақкөңіл. Биыл төртінші сыныпта оқимыз, апайымызбен қоштасамыз, біздің қошасқымыз келмейді.

Күлбаева Амина

Менің алғашқы ұстазым -Назгуль апай. Мен өзімнің ұстазымды өте жақсы көремін. Себебі, алғаш қолыма қалам ұсттатты. «Әліппені» қолыма ұстатып, әріпті танытты. Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды үйретті. Сонымен қатар өз Отанымды, елімді құрметтеуді әрқашан құлағыма құйып отырады. Апайымды әрқашан жадымда сақтаймын. Апайым сияқты менде ұстаз болғым келеді.

Нұргелді Алтынай

Менің алғашқы ұстазым-Назгуль апай. Менің ұстазым өте ақылды, мейірімді, кеңпейіл, кешірімді адам. Ылғида бізге ақылын айтады. Мен апйымды екінші анам деп санаймын. Сыныптастарым менің бауырымдай. Ұстазымның арқасында білім алып жатырмын. Ұстазыма мына өлең жолдарын арнаймын.

Білім беріп келесің ғой өзіме,

Сондықтанда қарыздармын өзіңе.

Алғаш рет ұстатқаның қаламды,

Әлі күнге келеді ғой көзіме.

Қартбаева Аян


© 2010-2022