План урока по казахскому языку на тему Қаратпа сөз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақтың мақсаты: І Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, қаратпа сөздер, олардың жасалу жолдары туралы, сондай-ақ, қаратпа сөздердің сөйлемнің басында, ортасында және соңында келетіндігі туралы мәліметтер беру.

ІІ Дамытушылығы:Оқушылардың есте сақтау қабілетін,ой-өрісін,шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.

ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, сауттылыққа, білімпаздыққа жетелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір -талас. Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату. Қуанамын мен де, Қуанасын сен де. Қуанайық, достарым! Арайлап атқан әр күнге.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 4-жаттығу. Сұрақтардың орнына жауап болатын сөздерді қойып, сөйлем құрап жаз.

2) Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

Балалар әр тапсырмадан кейін бағалау парақшасына өздерінді бағалап отырасыңдыр

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Мағыналарында, тыныс белгілерінде қандай айырмашылық бар? Оқу кезінде айырмашылық байқала ма?

І топ: Бағдат ертегі оқыды.

ІІ топ: Бағдат, ертегі оқы.

ІІІ топ: Оқушылар мектепте тәртіпті

ІV топ: Оқушылар, мектепте тәртіп сақтаңдар.

3.Жаңа сабақ:

1) Қаратпа сөз - адамдар өзара қарым-қатынасқа түсіп, пікір алысу кезінде өз сөзіңді қарата айтқан адамның көңілін аудару үшін қолданылады. Осы сабақта түрлі жаттығуды орындау арқылы ойдың кімге арналып, кімге қаратылып айтылғанын оқушылар анықтай білуі тиіс. Қаратпа сөздің мағынасын оқушылар өзара, мұғаліммен сөйлесу барысында меңгеруі керек. Мысалы, сыныпқа сұрақ қойып:

- Айман, сен жауап берші, - деп сұраққа көңілін аудартып, оның жауабын айту кімге қаратылып отырғанын нақты түсіндіру. Сол сияқты, қаратпа сөзді қолданып оқушыларды өзара сөйлестіру.

Қаратпа сөздің мағынасын ашу кезінде оның дербес сөйлем мүшесі бола алмайтынын, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленіп айтылатынына көңіл аударылады. Бұл жерде қаратпа сөздің мағынасы бір сөзге қатысты емес, сөйлемде айтылып отырған негізгі ойға байланысты екені ескеріледі. Сол себепті қаратпа сөз сөйлемнің бірде басында, бірде ортасында, бірде аяғында келетіні мысалдар арқылы көрсетіледі.

Ереже қорыту. Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөз деп аталады:

Балам, дәптеріңді таза ұста! Әже, кесте тігуді үйретші

2) Оқулықта берілген жаттығулар орындалады .

І топ: 2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қаратпа сөздің астын сызу. Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгі қойылған?

ІІ топ: 2-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен рөлге бөліп оқу.

Ата мен бала

-Ата, жаңғағымды шағып бершы!

-Тісімді жақ.

-Ата, портфелімді алып берші!

- Күшім жоқ.

Балам неге күлесің?

Менің жасымда-

Тоқсаннан ассаң, білесің. С.Мәуленов

ІІІ топ: 3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.

Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

- Қызым-ау, бәрін жей салмадың ба? Еріп кетеді ғой, - дейді.

- Апа, мен оны жылағанда жеймін, - деді қызы.

ІV топ: 4-жаттығу. Оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

Айым, бөлмедегі гүлдерге су құй.Балам, аталарыңа батырлар жырын айтып берші. Көрші, үйге кіріңіз!

4. Өздік жұмыс. Дидактикалық материалдардан

- Құлагердің үйі ата келеді қашан?

(Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?)

- Келеді құдай балам күні қалаған

( Балам, Құдай қалаған күні келеді, - деді атасы. )

- Күреңтөбел аман-сау келсе ата өзім білдіремін деді Жарас.

( Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім бас білдіремін, - деді Жарас.)

- Деді Күреңтөбел атасы саған көне қоймас асау ғой Жарасжан

(Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.)

Сергіту сәті

5. Қорытынды бөлім

5-жаттығу. Суретке қарап, қаратпа сөзі бар сөйлемдермен ертегі құрастыру.

  1. Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысал келтіру.

(Оқушылардың жауабы) 6.Үйге тапсырма: ережені ереже дәптеріне жазу. Жатап алу 7. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.


© 2010-2022