Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар Өзім және отбасым

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Дүниетану

Сабақ: Өзім және отбасым

Мектеп: №10 орта мектебі

Қостанай қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимова Т.С

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақты оқытудың мақсаты

Түрлі дерек көздерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

«Отбасы» ұғымының мәнін түсінеді, өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Туыстық байланыстар жүйесіне мысал келтіре алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз сыныптастарының айтқан әңгімелерін қайталап айтып бере алады

Тілді меңгерудің мақсаттары


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Отбасы өмірі,нағашы,жиен, жезде, жеңге,қарындас,іні,сіңлі,әпке

Талқылауға арналған сұрақтар:

Отбасындағы сенің міндетін қандай?

Туыстық атаулардың мағынасын түсіндіре аласың ба?

Отбасы сыйластығын қалай түсінесің?

Алдыңғы оқу

Отбасы мүшелерін біледі

Жоспар

Жоспарлан-

ған уақыт есебі

Сабақтағы іс - әрекет

Ресурстар

Ұйымдыстыру кезеңі

2 мин

Қызығушы-лықты ояту

3 мин

Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз,

Кішігі де сіз

Баршаңызды құрметтеп,

Үлгі аламыз біз

Ширату

«Мен-саған, сен-маған» бір-біріне мейірімді сөздер айту

Шеңберге тұрып балалар бір-біріне мейірімді сөздерді айтып шығады.

Бүгінгі мақсатымыз отбасы ұғымын түсініп, отбасы мүшелерінің байланыс жүйесін анықтай алуымыз керек.

-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-Сендер ата-әжеге кім боласыңдар?

-Нағашы ата-әже дегенді қалай түсінеміз?

Өлең шумақтары

Ортасы

4 мин


10 мин


6 мин

Жұппен жұмыс

Оқушылар бір-біріне өз отбасы туралы әңгімелейді.

Таңдау бойынша немесе өздері жаап беремін деген жұптардан отбасы туралы әңгімелерін сұрау.

Тақтаға өздері әкелген отбасы мүшелерінің суреттерін іліп қояды.

Топтық жұмыс

Ата, әже, ана, әке,бала сөздері арқылы топқа бөліп алу.

Өздеріне түскен сөз атауы бойынша отбасы мүшелерінің міндеттерін постерге алдын-ала дайындаған суреттер арқылы жапсыру немесе жазу.

Үйдегі отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы,сыйластығы туралы ауызша дайындалу.

Топтардың жасаған постерларын қорғауы және анықтама берулері

Топтық жұмысты бағдаршам арқылы бағалау.

Әр оқушының отбасы мүшелерінің фотосуреттері

Маркер, стикер, постер


бағдаршам

Соңы

6 мин

4 мин

Өздік жұмыс

« Отбасындағы менің бір күнім» тақырыбына алдын-ала дайындалған фотолары арқылы өздерін таныстырады.

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бір тілек»

Сабақта өздеріне ұнаған оқушыларды бағалайды.

Стикерлер,бояу қарындаштар, А4 жабыстырылған суреттер

Қосымша мәліметтер

Рефлексия

Маған ұнады, ұнамады

(Қ) Бағалау - смайликтер және түстер арқылы.

Пәнаралық байланыстар
Бейнелеу өнері
АКТ
Сауат ашу


© 2010-2022