«Күз – мерекем, күз – берекем» атты мектептегі күзгі бал кеші

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Күз - мерекем, күз - берекем» атты мектептегі күзгі бал кеші

Мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты сүюге, бағалауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, әдемілікті түсіне, көре білуге баулу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, жапырақтар, шарлар т.б.

Барысы:
1- жүргізуші:Тамылжып тұр Отанның «Алтын күзі»

Сәл ғана салғырт тартқан жердің жүзі

Табиғат картасынан қазір көшкен.

Жаздың да жасырынбай жатыр ізі.

2- жүргізуші:Көрдің бе,секілді бір жасыл барқұыт,

Бергендей бар бояуын түгел сарқып,

Көтеріп күздік егіс көк қанатын.

Құлпырған қырға жібек кілем тартып.

1-жүргізуші:Табиғаттың әр мезгілінің де адам өміріне маңы зы зор.Әр жылмезгілін де қазақ ерекше

тойлай білген. Мәселен,көктемде -Наурыз мейрамы, кыста- Жана жыл мерекесі, ал күзде -Сабан той жасаған.

2-жүргізуші: Осы жақсы дәстүрлердің жалғасы болатын бастауыш сынып оқушылары арасындағы

«Күзгі думан » сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызбен таныссақ:

4-сынып: «Көкөністер» тобы

3-сынып: «Жемістер»тобы

2-сынып: «Күзгі жапырақтар»тобы

1-сынып: «Алмалар»тобы

1-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарына тоқталып өтсек:

  1. Таныстыру (топ аты,төс белгі,альбом)

  2. Кім жылдам?( Жұмбақ шешу)

  3. Күлкілі мезет (көрініс көрсеті)

  4. Мүсіндеу (ермексазбен жұмыс)

  5. Өнерлі өрге жүзер….. (өз өнерін көрсету)

  6. Понтомимо (кеспе қағазы арқылы іс-қимыл көрсету)

  7. Күзгі сән үлгісі (1 оқушы)

Сайысты сарапшылар бағалайды

2-жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ

Сынып намысын қорғамақ

Топтар шықты ортаға,деп сайсымыздың

1-кезеңі: Таныстыру (Әр топ өз тобын таныстырады, төс белгілерін және альбомдарын көрсетеді)

1-жүргізуші:Сайысымыздың 2-кезеңі:Кім жылдам?(кеспе қағаздар арқылы әр топ 5 жұмбақтан шешеді)

2-жүргізуші: Қанаттанса балапан,

Қалайша ол ұшпайды

Әр бір қыз бен әр бала,

Өнерліге ұксайды

Келесі 3-кезең: «Күлкілі мезет» (әр топ күлкілі қойылым көрсетеді)

1-жүргізуші:Сайысымыздың келесі 4-кезеңі: Мүсіндеу (әр топ кеспе қағаздарын алып, барілген тапсырма бойынша ермексазбен жұмыс жасайды)

2-жүргзуші: Асыл тастан,өнер-жастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса,халық сөзі,

Әрқашанда нанымды Келесі 5-кезең: Өнерлі өрге жүзер… (әр топ өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Думан қызық,көрсетті топ өнерін,

Жатыр не бір айтылып сөз де керім.

Білім бұлағының кайнарынан қанып ішкен,

Көрсетшінші әр тобымыз өз өнерін

Сайысымыздың 6-кезеңі: Пантомимо ( әр топ кеспе қағазын алып , тапсырманы іс-қимылмен көрсетеді)

2-жүргізуші: Арулар неткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Алтын күнге үн қатты

Сәнді киім түрімен,деп сайсымыздың

7-кезеңі: Күзгі сән үлгісі.



© 2010-2022