Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Күні: 27.11.14 Сыныбы: 4 «В» Тақырыбы: Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы.
  • Мақсаты:

  • Білімділік - оқушыларға А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, әдеби-теориялық талдау жасау.

  • Дамытушылық - сұрақ, тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.
  • Тәрбиелік - адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, слайд, тапсырмалар, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Көк аспан!

амансың ба, жан досым

Міне, менің қолым! ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Анатолийдің қылығы дұрыс па? Сенің класыңда осындай балалар бар ма? Шоқан қандай кане бәріміз кластер құрайық Шоқан тарихшы, этнограф, шығыстанушы, ағартушы, географ, әжесі Айғаным, Әкесі-Шыңғыс Уәлиханов, Анасы- Зейнеп Шорманова, Жұбайы- Айсара Уәлиханова. ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар бүгін біз топтасып жұмыс істейміз. Яғни 2 топқа бөлінеміз. «Қыран» және «Тұлпар» топтары.
Кіріспе.

Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлттың ұлы ұстазы

Ағартушы-ұстаз

Тілші-ғалым

Аудармашы

Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

Ахмет Байтұрсынов өз халқың сүйген патриот адам


  • Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі - уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Ахмет Байтұрсынұлы ақын, ағартушы, ғалым. «Қазақ» газетін 1913 жылы шығарған. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітаптары бар.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде орыс ақын-жазушыларынан аударған мысалдары, ертегілері өте көп. Мысалы: Пушкиннен- «Ат», «Алтын әтеш», «Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы» Араб тілінен- «Нәбік аты» Вальтер-«Алтын әтеш» Надсоннан-«Шайылған көз жасымен» Крыловтан- «Аққу, шортан, hәм шаян», «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа» т.б

Мысал - Басня Мысал - қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес, хайуанаттар, жәндіктер де, түрлі - түсті нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет жасайды. Мысал шығармада автор жануарларды, құстар мен өсімдіктерді суреттегенде оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықты, адамгершілікті, әділдікті дәріптейді. Мұндай астарлы, тұспал мәнді суреттеу тәсілі АЛЛЕГОРИЯ деп аталады. Сөйтіп, мысал дегеніміз - өнеге айту сипатындағы шағын аллегориялық шығарма. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Олай болса тыңдаңдар:

Басқа жәндіктерге азық, ауада ұшады, жерде жорғалайды. 6 аяғы, 2 қанаты бар. Лас жерде жүреді, түрлі аурулар таратады,ғаламшардың кез - келген түкпірінде таралған. Буынаяқтыларға жатады (шыбын)

  • Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Крыловтан аударған аудармаларының бірі - «Екі шыбын» мысалы

Екі шыбын Бір өгіз күні бойы тартып сабан, Қайтты елге сабанымен кешке таман. Мүйізінде қара шыбын отыр еді, Кез болды бір танысы жолда оған Танысы мұны көріп келе жатқан, Астында өгізі бар сабан тартқан. "Көзіме күні бойы көрінбеп ең, Келесің,сөйле,-деді,-сен қай жақтан?" Сонда ол мұрнын көкке көтереді, Адамсып, маңғазданып жөтеледі: "Жер жыртып күні бойы шаршап келем, Мазалап сұрап саған не керегі?" Адамды кейбір түрлі алып еске, Қарасақ ғибрат бар бұл кеңесте. Біреудің я қайратын, я дәулетін Өзімсіп жүретіндер бар емес пе? Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, Өз әлін өзі білген адам көп пе? Мақтанып, бәрін де өзім айттым дейді, Біреудің шылауында жүріп текке.
Дәптермен жұмыс

Сөздікпен жұмыс

Маңғаздану-паңсыну, тәкаппарлану.

Мақтаншақ адам -мақтау айтуды сүйетін, өзін өзі асыра бағалайтын адам.

Әлін-шамасын, күшін.

Ғибрат-үлгі, өнеге.

Мұрнын көкке көтеру- менсінбеу.

Сергіту сәті

1 ші шыбын Адам 2 ші шыбын

бойындағы қасиеттер

Өзімшіл емес, ақылды

Тәкаппар, әлін білмейтін, маңғаздана сөйлейтін, мақтаншақ

Мақтаншақ, маңғаздану,







Балалар біз мысалды оқып шықтық, енді осыған мысалға кесте құрып көрейік. Балалар өлеңнің тәрбиелік мәні неде екенін кім түсіндіреді? Өлеңнің тәрбиелік мәні - шыбынның бейнесі арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкәппарлық, өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.

Шығарманың аты Кейіпкер Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге берілетін баға Ой-тұжырым, мақал-мәтел «Екі шыбын» шыбын мақтаншақ төмен Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай



Шығармашылық жұмыс (шыбын бунақ денелілерге жатады, кейбір жәндіктердің азығы, 6 аяқты, 2 қанаты бар. Өте лас жерлерде жүреді. ) Өлеңді құрылысына талда 3 4 4 Бір ө/гіз //кү/ні бо/йы //тар/тып са/бан //, 11а 4 4 4 Қайт/ты ел/ге// са/ба/ны/мен //кеш/ке та/ман. // 12а 4 4 4 Мү/йі/зін/де// қа/ра шы/бын// о/тыр е/ді, // 12б 3 4 4 Кез бол/ды// бір та/ны/сы //жол/да о/ған //. 12а 1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасы
Балалар, адамның жақсы-жаман қасиеттері туралы қандай мақал-мәтел, афоризмдерді білеміз? Өсек, өтірік, мақтаншақ, өзімшіл, тәкаппар Шыншыл, адал, үлкенге құрмет, кішіге ізет
Балалар енді қазір біз Ахмет Байтұрсыныовтың қандай адам екенін схемаға кіргізіп қояйық. Ұлттың ұлы ұстазы Ағартушы-ұстаз Тілші-ғалым Аудармашы Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Патриот адам


ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ахмет Байтұрсыновтың мысалы арқылы мен нені үйрендім?







Біреудің еңбегін бағалауға. Өтірік айтпауға



«Екі шыбын» мысалын оқи отырып мен қандай ой түйдім?





Мақтаншақ болмауға Өзімшіл болмауға
ҮІІ. Қорыту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, мысалды жаттау, мысалға байланысты сурет салу, өлеңге жоспар құру




Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)

Тексерілді: Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)

Оқу және тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары: Р.К.Жундибаева

Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)


Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»




4 «В» сынып жетекшісі:

Марданова М.С.

Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы (ашық сабақ)

СЕМЕЙ

© 2010-2022