Сабақтың тақырыбы: Cәндік ашық хат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Садуакасова Базаркул Ертасовна

Бастауыш класс мұғалімі

№39 қазақ орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Cәндік ашық хат. Декоративті.

Мақсаты:Оқушыларға ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайындағы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Сәнді ашық хат түрлерімен таныса отырып, қағаздан ашық хат дайындауға үйрену.

2.Эстетикалық талғамдарын, ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Еңбекке, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Түрі:Аралас сабақ

Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Көрнекілігі: сәнді ашық хаттар, слайдтар.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

Сабаққа әзірлеу

Мақсатын хабарлау

II Үй тапсырмасын тексеру

Үй жануарларын мүсіндеу тақырыбына сурет салу. Оқушыларды жеке-жеке тексеру.

III Жаңа сабақ

Слайд арқылы сәндік ашық хат түрлерін көрсете отырып,бүгін сабақта ашық хат жасап үйренеміз.Біз ашық хатты түрлі мейрамдарда, аналар мейрамында бір-бірімізге сыйлаймыз. Ашық хат ішіне көңілден шыққан жақсы тілектер жазылады.

IV Практикалық жұмыс

Оқушылардың назарын экранға аударып,үлгіге қарап,бәріміз сәндік ашық хат жасаймыз.

  1. Балалардың алдарына екі бүктелген түсті қағаз таратылады.

  2. Үлгіге қарап балалар сәндік ашық хаттарын сәндейді. Сыртына гүл жасаймыз.

  3. Бәрін әсемдеп болған соң,ішіне жақсы тілектер жазамыз.

  4. Жұмысты толық аяқтаған оқушыларды бағалау.

V Сабақты бекіту.

Оқушылар, бәріміз сабақ барысында сәндік ашық хатты қалай жасау керектігін түсіндік. Енді бәріміз ашық хат жасап, бір-бірлеріңе мерекеде табыс етулеріңе болады.

1.Сәндік ашық хат дегенді кім қалай түсінді?

2. Сәндік ашық хатты біз қалай қолданамыз?

© 2010-2022