Моя Родина Казахстан 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің Отаным -Қазақстан

Тақырыбы:Менің Отаным -Қазақстан

Сабақтың мақсаты:Балаларды Отанды сүюге,Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге ,еліне,туған жерге деген сүйіспеншіліктерінарттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп,танымдық қызығушылықта-рын арттыру

Керекті құралдар:Елбасының суреті,Қ.Р рәміздері ,″Менің Отаным-Қазақстан″презентация

Сабақ барысы:Сабақ еліміздің әнұранымен басталады.

Мұғалім: Құрметті оқушылар,ата-аналар сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймын.Ал,қазір Менің -Отаным Қазақстан атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Мұғалім:Қане, балалар ,Отан деген не?Оны қалай түсінесіңдер?

Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен ,жақындары

мен бірге тұратын атамекені,қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.

Мұғалім:Біз тұратын мемлекет қалай аталады ?

Оқушылар :Қазақстан

Балалар әр мемлекеттің өз президенті бар.

Ал біздің елбасымыз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Дұрыс айтасыңдар.

Біз Қазақстан елінде тұрамыз.Қазақстанның жері кең,байтақ,табиғаты алуан түрлі.Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет.Биыл сендерге Елбасымыз білім күніне орай Менің- Отаным Қазақстан атты кітапты сыйға тартып отыр.Осы кітаптың ішінде қай жерлерде қала,әдемі ормандар,биік таулар,теңіз ,көл,қазына байлықтары бар көрсетілген.

Біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады ?кім біледі?

Астана-Отанымыздың Елордасы.Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 19997 жылы Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды.

″Астана-Бәйтерек″-кешені Астананың символы.

Мұғалім:Ал,еліміздің мемлекеттік рәміздерін кім айтады?

Оқушылар:Ту,Елтаңба,Әнұран

-Дұрыс,мемлекеттің рәміздері:елтаңба,ту,әнұран жатады.Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін.Мынау Қазақстан Республикасының Туы.Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды,-көк ортасында күн шуағы.Астында қыран құс ұшып келе жатыр.Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап,қырандай самғай берсін дегені.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы:суретші:Шәкен Ниязбеков.

Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы.Елтаңбаның ортақ элементі шаңырақ болып табылады.Шаңырақ бастауы-отбасы ошағын бейнелейді.Қанатты тұлпар -мәңгілік өмір,болашақ үміт артар жас ұрпақтың арманы,самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар.Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады.Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Елтаңбаның төменгі жағында ″Қазақстан ″деген жазу бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер;Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Ал,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев,әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Отан туралы мақал-мәтелдер

«Отан-елдің анасы»

«Отан-оттан да ыстық »

«Отанды сүю отбасынан басталады »

«Жері байдың елі бай »

Ал,балалар біз осымен Менің Отаным-Қазақстан атты тәрбие сағатымызды қорыта келе,дендеріңізге саулық,бастарыңызға байлық,балаларыңыз еліміздің білімді ,тәрбиелі азаматы болуыңа тілектеспін.

© 2010-2022