1 сынып Ана тілі Пингвиндер неге ұша алмайды?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Утебаева Жанаргүл Серікқызы,

бастауыш сынып мұғалімі

Егіндікөл ауданы, Жаңақоныс негізгі мектебі


1 сынып, Ана тілі пәні


Сабақтың тақырыбы: Пингвиндер неге ұша алмайды? И, у дыбыстары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға пингвин туралы мәлімет бере отырып, мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру. И, у дыбыстарының жіңішке және жуан айтылу қалпын меңгерту;

  2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін оқу мен жазу мәдениетін дамыту және оқу дағдысын жетілдіру;

  3. Пингвиннің келбеті ажыратып, суреттеп, оларға қамқорлық жасауға уйрете отырып, дүниетанымын кеңету, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Құралдар: Пингвин суреті, А-4,маркер, қарындаш, интербелсенді тақта, конверттер, оқулық, жануарлар туралы энциклопедия.

Әдіс-тәсілдер: жеке жұмыс, топпен жұмыс.

Оқыту нәтижесі: пингвиндер жайлы тақырыпты меңгереді, қолдана алады, біледі. Орындаған тапсырмаларына қарап салыстыра отыып ойланады. Шығармашылық жұмыс жасайды.

Сілтеме: 1 сынып Ана тілі, Г.И. Уайсова, А.Е.Жумабаева, Г.Ж. Омарова, «Алматыкітап баспасы» 2012 ж

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі

3 минут

Амандасу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. 4 түсті шарлар арқылы топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Оқушылар сабаққа дайындалады. 4 топқа бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды.

Білу

3минут

-Пингвин деген не?

-Пингвин неге ұша алмайды?

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы ойларын ортаға салады.

Түсіну

5 минут

4 топқа 4 конверт беріледі.

Тапсырма: конверттін ішіндегі жұмбақтарды шешіп, алғашқы әріптерінен сөз құрау. «Дыбыс» сөзіне байланысты дыбыстардың түрлерін ажырату. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды бөлек жазу, дауысты дыбыстардың санын табу және жазу.

Оқушылар конверттегі жұмбақты шешіп, жауабынның басқы әріпіннен дыбыс сөзін тауып, жіңішке және жуан дауыстыларды ажыратып, топтастырып жазады.

Қолдану

13 минут

Оқушыларға мәтін беріледі.

  1. деңгей.

Мәтіннен жуан дауысты сөздерді теріп жазу.

2 - деңгей:

Мәтінен жіңішке айылған сөздерді теріп жазу.

3-деңгей

Пингвинді суретке қарап сипатта. Пингвиндер қайда тіршілік етеді?

4-деңгей:

Сурет салу. Пингвин сөзіндегі И дыбысы қалай естілетінің айту.

Сергіту сәті

2 минут

Интерактивті тақтадағы бейнежаттығуға қарап, көңілді жаттығу жасатамын.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Талдау

10 минут

  1. 37 жаттығу

  2. Әр оқушыға жеке тапсырма беремін.

  1. Мәтін

  2. Карточкадағы сөздерді жуан және жіңішке айтылуы мен жазылуына қарай бөліп жазу.

Жинақтау

4 минут

Синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыру.

Өледерін оқиды.

Бағалау

5 минут

Дауысты дыбыстар дегеніміз не, оның түрлері.

Постер жасау. Оқушыларға сөз беремін. Жиынтық баға қоямын.

Әр топ өз постерін тақтаға іліп қорғайды. Өзіндік бағалау, жұбын бағалау, тобын бағалау, қойылған бағаның себебін айтып түсіндіреді.


© 2010-2022