Урок казахского языка на тему Қазақ ұлттық ойындары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып _________

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды басқа ұлттың салт дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Фонетикалық сәті

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV. Өткенді қайталау

V. Жаңа сабақ

- Сабағымызды бастамас бұрын балалар сендер қандай қазақтын ұлттық ойындарын білесіңдер?

- Көкпар, сайыс, қазақша күрес, қыз куу, арқан тарту, т. б


  1. Сөздікпен жұмыс
    Қызық - интересное
    Жігіт - парень
    Қуады - догоняют
    Жету керек - должен догнать
    Сүйеді - целует
    Соғады - будет бить
    Байланысты - связано
    Төрт - түлік мал - четыре вида скота
    Тұрмыс - быт
    Салт- дәстүрлер - обычаи и традиции
    Ұпай - очко
    Икемділік - склонность к чему - либо
    Ептілік - ловкость, проворность
    Тапқырлық - находчивость
    Есеп - счет
    Зеректік - сообразительность, смышленность

Рухани - духовное

- Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және
икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.

- Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т. б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын - ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

Қыз қуу.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жеті керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма - жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

«Асық »

«Тоғызқұмалақ»

«Көкпар»

«Айгөлек»


  1. Мәтінмен жұмыс
    Қазақтың ұлттық ойындары - ескі заманнан бері келе жатыр. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның ұзақ даму тарихы бар. Кез келген ойыннан халық өмірін, тарихын көруге болады.

Қазақ халқының ойындары, тұрмысы, салт - дәстүрі, көбінесе төрт түлік малмен, әлеуметтік жағдаймен, адамдар арасындағы қарым - қатынаспен, еңбекпен, шаруашылықпен байланысты.


  1. Сергіту сәті


  1. «Тақия тастамақ» балалар ойыны тақия кімде қалса сол мысал келтіреді. Аудармасын айтады. Мысалы, дәптер - тетрадь, терезе - окно

«Тақия тастамақ» - «Тюбитейка - невидимка»


  1. Дәптермен жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Айг...лек, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, ж...г...т, қ...з қуу, тең...е алу.

6. Тест 1.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді ? а) Кім ? не? б) қашан? Қанша? 2. Баяндауыш үнемі сөйлемнің ……………. тұрады. а) басында б) соңында

3. «Тақия - тастамақ» ойында неше бала ойнайды?
А) бір бала
Ә) жүз бала
Б) екі бала
В) бірнеше бала

4. «Түйілген орамал» сөз тіркесінің аудармасы
А) завязанный платок
Ә) одень платок
Б) завяжи платок
В) сними платок

VІ.Сабақты қорытындылау

VІІ.Бағалау

VIІІ. Үйге тапсырма беру

«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы жазып келу.





© 2010-2022