- Преподавателю
- Начальные классы
- ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК, АМАН-ЕСЕН ЖҮРЕЙІК 1 КЛАСС
ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК, АМАН-ЕСЕН ЖҮРЕЙІК 1 КЛАСС
Раздел | Начальные классы |
Класс | 1 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Жубанова Г.А. |
Дата | 20.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
Тәрбие сағаты: "Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік" Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, Жол белгілері, плакатқа жазылған сөздер, макеттер.
Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу. Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! "Жол тәртібін білейік, Аман - есен жүрейік" атты жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып. Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп - Ол ортақ Үлкен - кіші баршамызға! Жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Жарысымыз басталсын сәлемменен. Жүргізуші: Бүгін бізге келген қонақтарды таныстырып өтейік: .............
Жүргізуші: 1 тур. Топтарды таныстыру. 1 - топ -«Бағдаршам». Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып! 2 - топ - «Жол белгілері». Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл! 3 - топ - «Жүргізуші». Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік! Жүргізуші: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын, Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы бәріміз сұрақтарға жауап берейік.
2 - тур. Сұрақтар:
- Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
- Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында
І - топ. Көзін ашып жұмады. Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам) ІІ - топ. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері) ІІІ - топ. Арқаным тым ұзын. Ала алмайсың бір үзім. (Жол) Сөйлегенде білмейді Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді. (Бағдаршам) Екі аяқты бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмен ол менің, Аяғымды жүргізді. (Велосипед) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Үлкен - үлкен қалаларда жүреді, Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)
7 тур. Жүргізуші: Көрген дәу қырағы, Көшемізде тұрады. Ол бергенде команда. Бағынамыз әмәндә - деп кім? «Қай топ жылдам» ойынын ойнайық! (Белгілердің ішінен аталған белгіні тауып көрсету)
Әділқазылар өз бағаларын береді. Жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі - заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау - саламат жүреміз. Қорытынды: Келген қонақтар оқушыларға баға беріп, жақсы қатысқан үшін сыйлықтар береді.