Дүниетану пәнінен Адам табиғатты қалай бақылайды? тақырыбының жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Адам табиғатты қалай бақылайды?

Сабақтың мақсаты: балаларды қоршаған ортаның сұлулығын бақылауға үйрету; бақылау, зерттеу қабілетін дамыту; тірі және өлі табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылау,
сараптау, қорытынды жасауды үйрету.
Сабаққа қажетті құралдар: дәптер, қарындаш, қалам,
табиғи материалдарды жинақтайтын папка.

Топсеруен барысы:

  1. Психологиялыц дайындық.

Балалар өлеңді өздері оқиды:

Табиғатты сүйіңдер,

Орман, көлді бағала.

Ыстың күнге шіліңгір,

Аязға да қарама.

Туып-өскен даламыз
Біздің мәңгі панамыз.
Туған жерге құрметтеген,
Қамқорлықпен қараңыз.

Қумайықшы құстарды,

Самғасын көкте, қалыңтап.

Тимейікші аңдарға,

Жетімсірер атырап.

  1. Ой салу.

  • Бұл өлеңдегі негізгі ой қандай?

Балалар пікірлерін білдіреді.

Мұғалім оқушылардың пікірін қорытып, бүгінгі сабақ топ-
серуен түрінде өтетінін хабарлайды. Онда балалар өлі жөне тірі
табиғатты бақылайды. Бүл көп еңбекті қажететеді. Балалардың
шыдамды, тағатшыл және мұқият болғаны дұрыс.

Балалардың алдына мақсат қойылып, топсеруеннің міндеттері белгіленеді.

Балалар бірнеше топқа бөлініп, өздерінің зерттеу жұмысына қажетті нысанды таңдап алады.

  1. Жүзеге асыру.

Өсімдіктер мен жәндіктер тіршілігін бақылау жоспары. Әр топ өзі бақылайтын нысанды таңдап алады.

1-топ - өсімдіктерді, 2-топ - жәндіктерді, 3-топ құстарды бақылайды.

Балалар өсімдіктер, жәндіктер, құстар тіршілігінен тандайтың дүниелер байқағанын, қандай қызықты оқиғаларға куә болғандарын әңгімелеп береді.

  1. Әңгімелесу.

Табиғатты бақылап, оны сезінуге және сұлулығын көруге қандай сезім мүшелері көмектеседі?

-Зерттеу жүргізген кезде сендер өздеріңді қалай ұстауларың
керек? Қоршаған ортаға қандай қарым-қатынас жасаған
дұрыс?

  1. Дәптерде орындалатын жұмыс.

Сөздік жұмыс.

Зерттеу нәтижелерін дәптерге жазу.

Негештің сұрағы:

  • Бақылаудың барысын не үшін дәптерге түсіріп отыру қажет?

  1. Оқулықпен жұмыс істеу.

Топта мәтінді оқу.

Мәтінде бақылаудың қай түрлері туралы айтылған?

  1. Ой толғау.

Балалар эссе жазады.

  • Топсеруен кезінде өзің көрген дүниелердің қайсысы
    қуантып, қайсысы көңіліңді жабырқатты?

  • Сен қоршған ортаға жанашыр дос бола аласың ба?

  1. Үй жұмысы.

Жазбаларыңды ретке келтір. Өз зерттеулерің туралы балаларга айтып беруге дайындал. Мәтінді оқып, Өзіңді тексер айдары бойынша берілген тапсырмаларды орында.



© 2010-2022