ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ


Тәуелсіздігіміздің тірегі - білімді әрі саналы, парасатты, жан - жақты, мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек - ақ. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан - 2030» Жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, азат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп үміт артып отыр. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін жан - жақты тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте педагогикалық үрдістің жалғасын табатыны бәрімізге белгілі.

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басты міндеттерінің бірі - өз Отанына деген елжандылық сезімін жас ұрпақ бойына сіңіріп, ұлттық тәлім тәрбие беру, халық педагогикасы арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыру, әр халыққа тән салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты білуге тәрбиелеу болып отыр.

Халық педагогикасы халықаралық ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәжірибенің жиынтығы. Халық педагогикасы

ол-этнопедагогиканың зерттеу обьектісі болыптабылады.

Этнопедагогика - ұлттық мәдениеттің негізі

Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі - халық педагогикасы.
Этнопедагогиканың мақсаты - халқтық салт дәстүрді, ұлттық өнерді дәріс- тейтін, ана тілі мен дінін қастерлейін, отанын, елін, жерін сүйетін жан-жақты жетілген саналы, намысқой ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақ этнопедагогикасы - ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени үрдістерін жас ұрпаққа үйретіп одан әрі өркендетуге арқау болатын
асыл ғылым. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет - ғұрыптар салт-дәстүрлерге айналып, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі толысып, дамып, жаңарып отырады Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу жазу үрдісімен, этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттың педагогикаың дамып, ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.

Тіл - ұлттық ерекшеліктердің бірі, ұлт мәдениетінің басты формасы. Әр халықтың ұлттың дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айырықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.
Қазақ балалары ана тіліндегі - балабақшаларда тәрбиелену керек, сол себепті ана тілді үйретудің бастапқы ауыр жүгін көтеру, оның өз жағынан дәрежесінде шешімін табу мектепке дейінгі мекемелер мен ата - аналар қауымына жүктеледі. Бұл мәселе балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында жасына қарай жұпталған балалар тобына қарай берілетін тіл дамыту материалдарына көлем, мазмұн жағынан бір шама айқындалған. Ана тілін үйрету жұмыстары баланың жас ерекшелігіне қарай жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай дидактикалық принциптерге негізделе өтіледі. Арнайы сабақта ойын, еңбек, серуен барысында баланың жалпы сөз қорын дамыту, диалог, монолог түрінде ауызекі сөйлеуге үйрету, сөздік қорын сан жағынана ғана емес сапалық жағынан дамыту, үйренген сөздерді, берілген тапсырмаларды өздігінен орындауға үйрету, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту сауат ашуға тиісті ұғымдарды меңгерту көзделеді.
Халықтың тіл қазынасын байыту, тілді қоғамдық өмір тіршілігінің нақты құралы ету, оны жетілдіріп, дамытып, дәуір талабына орай көріктендіріп, ұстарта білу - нағыз өнер екені белгілі. Ата - бабамыз жасаған асыл мұраны меңгерту, болашақ ұрпақ игілігіне меншіктеу, ізгілікке, адамгершілікке, дербес ой қабілеттілігіне, өздігімен еркін әрекет жасауға, ата - анаға, айналасына жүрек сезімін оятып ана тілін қастерлеуге үйрету, оның музыкалық әуезін санасына ұялатып, зердесіне жеткізудің барлығы баланың нәрестелік шағынан басталатыны баршаға аян. Сол себептен халық ауыз әдебиетінде «Бесік жыры», «Қаз, қаз бас», «Әлди, әлди ақ бөпем» сияқты ана жүрегінің жылуын төге жырланатын өлең жырлар қазіргі ұрпаққа тіл үйретудің қайнар көзі.
Тіл дамыту жұмысының қызғылықсыз, үстірт, жүйесіз өтілуі нәтижесінде көп ретте баланың сөздік қорындағы жұтаңдық әрі жұрынылық жиі ұшырасады (балаларда ауызекі сөздерге кедейлік, қойылған сұраққа бір ғана сөзбен жауап берушілік байқалады).
Ана тілін еркін меңгеріп, түсінбейтіндер өз тілінде сөйлеуге қысылып, намыстанатын жағдайға кездесіп отырғаны мәлім. Сондықтан бала ана тілін еркін меңгеруі үшін балабақшада бүлдіршіндерді саралап оқыту қажет. Яғни тілді нашар білетін (немесе мүлдем білмейтін) балалармен бір бөлек, тілі жатқан, сөйлей білетін балалармен бір бөлек жеке жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Тіл дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтау, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілері, мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі. Ауыз әдебиеті нұсқалары өзінің құпия сырымен, көркем де күлдіргі, бейнелі, ойналық сөзімен баланы өзіне қызықтырып, еліктіре баурап алатыны, ғажайып дүние әлемімен таныстыратыны ежелден ақ мәлім.
Шағын әңгіме, ертегі, тақпақ, оқиғаны басталу, аяқталуын оқиға не? Кім? жайында екенін аңғартып, түсіндіріп, ауызша жоспар негізінде талдау тәсілдерін меңгерту.
Халықтық педагогиканың саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбе тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?

Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері балабақшамен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздеді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек. Халықтық ойындарды, әсіресе қуыршақ ойынын театрландырып, үй ішіне ата-ана ұйымдастыра білсе, үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. Әулет дәстүрлерін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды алға аппаруды насихаттап, игілікті істерді ұйымдастырушылар да ата-аналар мен тәрбиешілер дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгілері болып табылады. Халық педагогикасын пайдалану ісі одан әрі дамытылып балалар бақшасында "Ертегілер әлемінде" бөлмесімен қатар, ұлттық-фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тіл ширату, дәрістері ұйымдастырылады. Бәрінде де ертегілер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегілерден үзілді алынып, қызықты қойылымдарды, даярлап кезінде, өремдер кейіпкерлердің бет бейнесін, тірлік-тіршілігін орнын байқап, сол бейнесін айнытпай көрсетуге тырысады. Балалар бақшасында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым, негіздерін өрендеуге өнеге ретінде үйретіп жаттықтырып, оны іс-жүзінде олардан талап ету керек. Халық педагогикасының ауқымды бір саласы - ертегілер. Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, "Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиреншікті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп сурет әсерлі болады"- деп көрсетеді. Педагог жазушы:… "Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ халқының тілін байытады" - дейді. "Шешендік өнер", "Сөйлеу мәдениеті" пәнін сабақ кестесіне ендіру арқылы бұл істі ұлттық деңгейге көтеруге болады. Осындай тәрбие түрлерін алға қоя отырып, сабақта, сабақтан тыс мынандай әдістер арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады. А) Тәрбиелік маңызы зор сөздері бар мәтіндерді оқу. Ә) Суретті қолдана отырып әңгімелеу. Б) Тыйым сөздермен сабақтасқан мақал-мәтелдерді, тақпақтарды қолдану. В) Ойын әдісі т.б. Шығарманың түйіні мақал-мәтелдер болғандықтан, ата дәстүр сипатына ие болған тыйым сөздерді баланың жадында сақтауы үшін қолайлы тақпақ түрінде ұсынуға болады. Мысалы, М.Әлімбаевтың бірнеше өлеңін келтірейік 1.Ұнамасын, ұнасын, Бұзба құстың ұясын. 2. Құр беталды ермекке Бос бесікті тербетпе. Сабақта мәтінді, өлеңді дауыстап оқығанда, негізінен, оның мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа білім берумен қатар балалардың эмоциялық сезімдерін, қызығуын тудыру керек. Шығарманың мазмұнын баяндау үстінде суреттерді қолдануға болады Сабақта халықтың ұлттық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Ойында сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа балалардың түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданса, онда балалардың көңіл күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып ерік-жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланған. Кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсарин ұлағатты сөздерді, педагогикалық мұраларды халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңғырту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, ұстаздың борышы болуы қажет.

Халықтық педагогика белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән, ерекшелігі бар дүние танымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы.

Ұлттық тәрбиенің көздері - фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер, ізгілік сынды сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттары болады.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол, терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Халық педагогикасының тағы бір саласы - жас ұрпақтың тегін жете білуі. Яғни, шежірені білу-ұрпақ тәрбиесінде үлкен орынға ин болып отыр. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деп, қазақ баласының тілі шыға бастағаннан-ақ ата-тегін жаттатқан.

Біз этнопедагогиканы қолдануда баланың тілімен бірге ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелейміз


Бала түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан тәрбиешілер баланың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек. Балалардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, бала бақшада да эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек. Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, балабақшаның да басты борышы. Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына. Соңғы кезге дейін тәрбиеде халықтық педагогикаға өз деңгейінде мән берілмей келді. Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдардың, дүниетанымдық болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері - бір тұтас ғылыми педагогикалық психологияның негізінде, этнокомплекстік тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр. Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жутаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала бастды. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өшкен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың абройлы міндеті. Біз - арымыз берік, саналы салтымыз шыңдалған халықпыз.

.

© 2010-2022