АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қауын мен қарбыз.

Сабақтың мақсаты:Қауын мен қарбыз ертегісі туралы ақпарат беру.

Оқушылардың топта бір-бірінің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.

Шығармашылық қабілетін дамыту,сөздік қорларын молайту.

Күтілетін нәтиже:Қауын мен қарбыз ертегісі туралы білетін болады.Батылдық пен

қорқақтықтың әсері туралы білетін болады.

Негізгі идеялар: Өмірде кез-келген жағдайда пайдаңды тигізе біл.Әрдайым әрбір істе

батыл бол.

Тапсырмалар: Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)

Жеке жұмыс(диалог құру)

Жұптық жұмыс(тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айту)

Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

(Психалогиялық дайындық)

АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

Топқа бөлу(Жеміс түрлерімен бөлу. Дәнді дақыл,Жемістер,Көкөністер)

Үй тапсырмасын сұрау(бес минут)

1-топ Адамға ең жақын жануарлар туралы не білесің?

2-топ Ормандағы оқиға ертегісіндегі негізгі ойды анықта.

3-топ Жақсы қасиет пен жаман қасиет туралы не білесің?

4- топ Орманның пайдасы жайлы не білесің?

Біз бүгінгі сабағымызда Жолтай Әлмашевтың « Қауын мен қарбыз» жайлы ертегісін өтеміз.

Ертегі дегеніміз адам бойындағы кемшіліктерді сынап,адамның жақсы қасиеттерін мадақтап жазу. Ата-бабаларымыздың қиялынан арманынан туындаған дүние.

Мұндай ертегіде өсімдіктер мен жануарлар,аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

-«Миға шабуыл» Жұмбақ жасыру.

-Домаланған алабас (қарбыз)

-Еті секер,сүті тәтті,

Дәмді шырын даяр ас.(қауын)

Топтық жұмыс.(Мәтінмен жұмыс)

Мәтіннің авторы Жолтай Әлмашев 1957 жылы Жаңақорған ауданы,Бірлік ауылында туған.Жазушы,ғалым,филалогия ғылыми кандидат.ҚАЗМУды журналистика факультетін,Алматы жоғары партия мектебін бітірген.1979-89-жылдары Қызылорда облысында газеттерде комсомол жұмысын 1991-жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында ,Президент пен өкімет аппаратында референт, консультант,білім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарады. Қазір үкіметтің басылымның бас редакторы .Ел тәуелсіздігінің он жылдығына арналған «Біздің команда» «Жетім жұлдыздар» «Күлкі мен жас» шығармаларын жазған.

АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

Қауын мен қарбыз бірі дөңгелек,сопақ пішінді дәмі тіл үйірер жемістер.Дәл қазір жас пен кәрінің ортақ тіске басарына айналған жеміс.Қауынның алғашқы мекенін дөп басып айту қиын.Дегенмен қауынның Отаны Египет ғибадатханаларынан,табыттардан табылған және олардан қауын суретін байқау қиын емес.Жер бетіндегі барлық мемлекеттер қауындар Египеттен таралған деседі.Араптар қауынды жерге түскен жұмақтың жемісі ретінде таныған.Қауын гректер мен римдіктерге де баяғы замандардан бері танымал,Италяндықтардың сүйікті тағамдары болғандығы соншалықты,зиялы қауым өкілдерінің өзі тамақтану мәдениетін ұмытып,естен шығара отырып,қауынды асқан ашқарақтықпен жейтін болған.Тарихшылардың айтуынша Рим императоры Клавдий Альбин таңғы асқа он қауынды жейді екен.

АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

Қауынның құрамында қантт,А,Р,С дәрумендері аскарбин қышқылдары ,темірдің минералды тұздары

калий,натри,фруктоза,сахароза,глюкоза көміртегі бар.Ол жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы болады. Қауынды ыстық немесе салқын тағамдармен араластырып жеу асқазанға өте зиян,сондықтан тамақтан кейін немесе тамақтан соң екі-үш сағаттан соң жегеніміз абзал.

Қарбыз -Отаны Африка дәлірек айтқанда Оңтүстік Африка саналады.Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады.Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне тараған.Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған ал Еуропада он жетінші ғасырдың ортасында ғана өсірілді.Бұл өсімдіктің қытайдағы мәртебесі жоғары «Батыс қарбызы »деп атау бергеніне қарағанда оны дәріптеген.Күні бүгінге дейін қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.Қарбыз суы мен еті -несеп пен өт айдауда пайдалы.Онда фруктоза,азотты заттар темірдің минералды тұздары В1, В2, С дәрумендері болады.

АНА ТІЛІ ПӘНІНЕН сабақ жоспары

-Мәтінмен танысу.

-Мәтінде қандай сөздерді түсінбедік?

Cергіту сәті.

Сөздік жұмыс:

Түйнек-өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні.

Түз тағылары-далада тіршілік ететін жабайы аңдар.

Пәлек-қауын-қарбыздың көлбей өскен өркені.

Жеке жұмыс.(Мысалды диалогқа айналдыру)

Жұптық жұмыс.(постер қорғау)

-Балалар қауын мен қарбызды қандай адамға теңер едіңіз?

1-топ Енді қорқақтық пен батылдық туралы постерге өз ойларыңызды түсіресіз.

2-топ Қауын мен қарбыз қандай шешімге келді?

Қауынды кім тауып алды?

Қарт қауынның дәнін не істеді?Мақал мәтел айт.

3-топ Қарбыздың жағдайы не болды? Қандай сезімде болдың?

Бұл ертегіден нені түсіндің?

4-топ Көкөністің суретін салып,оның пайдасы туралы айту керек.

«Дән қауынның жүрегі.Осы өлмесе,ол мәңгі жасайды»мақалының мағынасын түсіндіріп бер.

Кері байланыс.(маған ұнады,қиын болды сұрақ)

Қорытынды:Бүгінгі сабақтан не түйдік ойымызға?

Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022