Ақ боз ат мінген қолбасшы 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайырбек Шағыр "Ақбоз ат мінген қолбасшы"

Сабақтың мақсаты: "Ақбоз ат мінген қолбасшы" мәтінімен таныстыра отырып, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерімен, ерлік істерімен таныстыру.

Міндеттері: Оқушылардың дүниетанымымен ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін сөздік қорын және есете сақтау дағдыларын қалыптастыру. Батыр бойындағы жақсы қасиеттерін дарыту,ерлікке, батырлыққа, ержүректілікке, ұлтжандылыққа , өз Отанын сүюге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтижелер: Шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениеттерін жетілдіре отырып өз бетінше жұмыс жасай алады. Сыни тұрғыдан ойланады.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, оқулық, таратпа материалдар, постер, слайд.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: Топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, диологтік оқыту, формативтік бағалау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе. (1 мин)

Шаттық шеңбері

Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын құру

І. Ұйымдастыру (сәлемдесу)

Оқушылар шеңберге тұрып хормен. "Күндей күлімдеп, Айдай арайлап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі сабақты бастаймыз"- деп бір-біріне сәттілік тілейді.

Топтарға бөлу: (3 мин)

Оқушыларды Ы.Алтынсариннің "Кел балалар, оқылық" өлеңін( ұйқас жолдарымен топқа бөлу.

Оқушылар шеңберге тұрып өздеріне ұнаған өлең шумақтарын алып, (алған өлең шумағының жалғасын тауып өлеңді тұтастай толықтырады.

Үй тапсырмасын сұрау: (3 мин)

Ы.Алтынсаринның өміржолы, шығармалары. "Кел балалар, оқылық" өлеңін жаттап келу.

Оқушылар Ы. Алтынсарин туралы жазғандарын оқиды. "Кел балалар, оқылық" өлеңін жатқа айтады.

Негізгі бөлім.Мақсаты: (20мин) Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу(5 мин)

Ұлы Отан соғысы жайлы фильмнен үзінді көрсету. Фильмнен алған әсерлерін поскерге жазып қорғайды.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Жасаған жұмыстарын баяндамашы қорғайды.

Ой қозғау (10 мин)

Слайдтан 1941-1945 деген сандар көрсетіледі. Бұл сандар нені білдіреді? Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?

-Ендеше , бүгін біз Қайырбек Шағырдың "Ақ боз ат мінген қолбасшы" атты мәтінмен таныстыру.

Авторды таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзімоқып беремін.

Топпен жұмыс.

І - топ. Б.Момышұлының балалық шағы.

ІІ- топ: Б.Момышұлының балалық шағын суретпен бейнелеу.

ІІІ- топ: Әскердегі өмірі

ІV- топ: Әскердегі өмірінің суретін салу.

1941 ж. Ұлы Отан соғысының басталған жылы. 1945 жылы -Ұлы Отан соғысының аяқталған жылы.

1. Әлия Молдағұлова

2. Мәншүк Маметова

3.Бауыржан Момышұлы

4. Төлеген Тоқтаров

Оқушылар мәтінді іштей оқып танысады. Оқушыларға тізбектей оқытамын.

Оқушылар постерге Б. Момышұлының балалық шағын, әскердегі өмірін баяндап, сурет арқылы жеткізеді. тақтаға шығып қорғайды.

Оқушылар жұмысы кретерий арқылы бағалайды.

Дәптермен жұмыс

Мәтіннен ұлттық ойын түрлерін, әскердегі өмірі суреттелген мәтіндегі сөз тіркестерін теріп жаз.

Жұппен жұмыс: Мақалдың жалғасын тап:

Топпен жұмыс: Бауыржан мен Қабанбай күрескен жаулар кімдер?

Оқушылар мәтіннен ұлттық ойын түрлерін теріп, әскердегі өмірі суреттелген мәтіндегі сөз тіркестерін дәптерлеріне жазады.

Оқушылар топта жұптасады. Берілген мақалдың жалғасын табады. Смайликпен бағалайды.

Оқушылар Қабанбай мен Бауыржанның күрескен жауларын салыстырады. Венн диаграммасы бойынша 2- 1 тілек бағалайды.

Қорытындылау( 5 мин)

І- топ: Бауыржан кім?

ІІ-топ: Бауыржан Момышұлының өлең шумағын жаз.

ІІІ- топ: "Егер мен батыр болсам"өз пікірлерін жазу.

ІV- топ: Бауыржан Момышұлына хат.



© 2010-2022