Әткеншек құрастыру 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Еңбекке баулу. Сабақтың тақырыбы: «Әткеншек құрастыру». Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға техникалық кұрастыру туралы түсінік мазмұнын ашу. 2. Есте сақтау, логикалық ойын, қиялын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру. 3. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жабдыктау: түрлі-түсті кағаз, желім қайшы.

Сабақтың мазмұны: 1. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

П. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Ш. Жаңа сабақ: а) Техникалық құрастыру туралы түсіндіру. Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау. Құрастыру бөліктері қағаздан, ағаштан, пластмассадан, металдан немесе керамикадан жасалады. Олардың бөліктерінен алуан түрлі құрылымдар құрастыруға болады. Құрал-саймандар: Қажетті бөлшектер. Бұрауыш. Қоспа Кілт. Қайырма Тістеуік. Бүкпе Бұранда және бұрама. ә) Үлгі бойынша құрастыру. 1) Тіреуіштің жоғарғы жағын бұранда мең бұраманың көмегімен бүкпеге бекітіңдер. 2) Тіреуіштің төменгі жағын да бұранда мен бұрама арқылы бекітіңдер. 3) Үлкен және кіші қайырма мен бір қоспадан орындық құрастырыңдар. 4) Бұранда мен бұраманы пайдаланып, оларды бекітіңдер.

ІҮ. Білімді бекіту. - Әткеншек құрастыруға қажетті құралдарды ата. -Әткеншек бөлшектерін атап шық. Ү. Үйге тапсырма: Үлгіге қарап әткеншек құрастырыңдар. ҮІ. Сабақты қорытьшдылау. Бүгінгі сабақта не жасауды үйрендік?



© 2010-2022