Ынтымақ күні (ана тілі) 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Ынтымақ күні.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге және өлеңді накышына келтіріп оқуына мүмкіндік жасау; заттың сынын білдіретін сөздерді ажырата білуін, оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; ұйымшылдыққа, ынтымақшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, плакаттар Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең. Қане, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын тауып көріңдер. Ақ шапанын үстінен Бір құс бар ұшып жүріпән салады Алты ай бойы шешпейді Әркімге қонақ болып бір барады. Қара шапан үстінен Барлығы миқұлықтан ығыр болып, Алты ай бойы түспейді Дауысын естігендер жар қағады. (Қара жер мен ақ қар) (Сары маса)

  • Сары маса, қара жер, ақ жер қандай сұраққа жауап береді?
Келесі тапсырма. Суреттегі заттарды салыстыру: мысалы, қызанақ,жидектің суреті. Сұрақтарға жауап беру:
  1. Түрі қандай?
  2. Түсі қандай?
  3. Дәмі қандай?
II. Операционалдық-орындаушылық кезең. 264-жаттығу:
  1. Өлеңді мәнерлеп оқу. («Ынтымақ күні» Ө. Ақыпбекұлы)
  2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
  3. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Өлең не жайында?
  • Өлең неліктен «Ынтымақ күні» деп аталган?
    1. Сөздік жұмысы: алып - үлкен
шыңға - биікке паш ету - жария ету, бәріне айту
  1. Өлеңнің алғашқы үш жолын көшіріп жаз. Қандай? сұрағына жауап беретін создердің астын сыз.
«Түсін тап» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар плакаттағы суреттердің түсін ажыратып, сұрақ қоюы тиіс (орамжапырақ, шар, тон (ішік), қой, көк-сары шар, қиярдың суреті). 265, 266-жаттыгулар. III. Рефлексиялык-бағалау кезеңі: «Орамал тастамақ» ойыны. Ойынның шарты: Мұғалім қолындағы қол орамалын кез келген оқушының алдына тастап, заттың сынын білдіретін бір сез айтады. Мысалы: сары, әдемі, ұзын т.б. Оқушы тез арада сол сөзге сөйлем құрайды.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Алтын шеттеуік. Сабақтың мақсаты: оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту; дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі. Көру диктанты. Ақ, телефон, үлкен, алып, жаңғақ. Заттың сынын білдіретін сездердің астын сыздыру. - Енді заттың сынын білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтайық: II. Операционалды-орыидаушылық кезең. 267-жаттығу:

  1. Кіріспе сөз (Ыбырай Алтынсарин жайында қысқаша мәлімет беру).
  2. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  3. Оқушылардың мәтінді тізбектей оқуы.
  4. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Әкесі балаларына не әкелді?
  • Кенже қызы қандай шеттеуікке қызықты?
  • Шешесі шеттеуіктерді қалай бөліп берді?
  • Алтын түсті шеттеуіктің дәні болды ма?
  • Атасы не айтты? Бұдан қандай ой түюге болады?
  • Мәтіннен қандай сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
    1. Сөздік жұмысы: шеттеуік - жеміс сүйегі
тысы - затты қабы дереу - тез, шапшаң
  1. жаттығу.
  • Балалар, мынау не?
  • Алманың түсі қандай?
  • Алманың дәмі қандай болады?
Оның көлемі үлкен бе, әлде кішкентай ма? Алманың пішіні сопақтау ма, әлде домалақ па? - деген сияқты сұрақтарды қойып, жаттығуды орындату.
  1. жаттығу.
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі Толыктыру тесті. Төменде берілген сөздерді заттың сынын білдіретін сөздермен толықтыр. Жапырақ ...,.... доп, бала ...,... үй,... ат, кітап , ата ....

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.












Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Көктем. Гүлдер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуына, сұрақтарға толық жауап беруіне мүмкіндік жасау; заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейгу, байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту; дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, экологиялықтәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

  • Балалар, сендер қоянның басынан өтксн жағдайды білгілерін келеді ме? Ондай болса, тыныштықты сақтап мұқият тыңдаңдар.
Бірдеқоянкаладакележатып,айналасындигі.іліірді.іц эдеміліктеріне тамсанып келе жатып, адасып калыпты. Ол жолда кездескен аюдан көмек сұрайды: -Кешіріңізші, мен судың жағалауындагы үлкеп үйде тұрушы едім, адасып қалдым. Маған ол үйге қалай баратынымды айтып бере алмай- сыз ба? Өтінемін, аю ағай. -Жарайды, ол үшін сен мынатұрған бағдаршамнан отіп, оңға қарай бұрылуын керек,- дейді аю. Қоян бағдаршамның қасына келіп, қалай өтемін, деп ойланып қалды.
  • Балалар, біздің қоянға көмегіміз керек! Қане, бағдаршамнан отуді барлығымыз білеміз ғой. Дереу қоянға көмектесейік.
  1. Қоян кандай түс жанғанда тоқтауы керек'?
  2. Қандай түс жанғанда оған жүруге болады?
  3. Қандай түс жанғанда ол жүруге дайындалады?
  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, сендер коянға көмектестіңдер. Қоян аман-есен бағдаршамнан өтіп, үйіне жетті.
  • Бағдаршамда қандай түстер болады?
  • Қызыл, сары, жасыл деген сөздер қай сұракка жауап береді?
  • Балалар, біз заттың сынын білдіретін сөздер тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
  1. Операционалдық-орындаушылық кезең
    1. жаттығу:
      1. Кіріспе сөз (Қасым Аманжолов жайында қыскаша мәлімет беру).
      2. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
      3. Оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуы.
      4. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар
  • Өлең не жайында?
  • Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Бұйра бұлақ еркелеп дегенді қалай түсінесің?
  • Өлеңнен заттың сынын білдіретін сөздерді тап.
    1. Сөздік жұмысы:
Нәзік - бәсең, кұлаққа жағымды
    1. жаттығу (жазбаша).
    2. жаттығу.
а) Жаңылпашты мұғалімнің оқуыэ) Жаңылтпашты оқушылардың жеке оқуы б) Жаңылпаштағы жаңа сөзбен жұмыс. елтірі - сойылған қозы-лақтың терісі. в) Хормен оқуы г) жаңылпашты жатқа айтуы ғ) Тапсырмалар
  • Қаракөл елтірі дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Түсті білдіретін сөздерді тап.
  1. Рефлексиялык-бағалау кезеңі.
Терме диктанты Төмендегі берілген сөздердің ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді теріп жаз. Алатау, қызыл, дөңгелек, бал, жүйрік, сырға, дәптер, сары, доп, кітап, жұка, қалың, гүлдер.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл.


Сабақтың мақсаты:оқушылардың түсініп оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, заттың сынын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау; олардың ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабактың көрнекілігі:жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба. Сабақ барысы:

  1. Бағдарлау-мотивациялық кезең (оқушы қызығушылығын ояту):
  • Балалар, біз сіздермен «Жұмбақтар әлеміне» де келіп қалыппыз. Енді мына жұмбақтың жауабың тауып көріңдер:
Ортасында ак көлдің, Қара көлге тап болдым. (Көздің ағы мен қарасы)
  • Көздің ағы, қарасы сөздеріне не деп сұрақ қоямыз?
  • Қандай? сұрағын коямыз.
- Сонда олар заттың несін білдіреді?
  1. Операционалдық-орындаушылық кезең:
279-жаттығу:
    1. Кіріспе әңгіме:
  • Әр жыл мезгілдеріне қандай айлар тиесілі?
  • Қай мезгілді ұнатасыңдар? т.б.
    1. Ертегіні түсініп оқу.
    2. Окушылардың тізбектей оқуы,
    3. Ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Жыл ақсақал төрт мезгіл, қандай өсиет айтты?
  • Көктемді неліктсн сұлуға теңеген?
  • Күзде ауа райы қандай болады? Жазда ше?
  • Жыл мезгілдсрінің адамдарға қызмет етуі дегенді қалай түсінесің?
280, 281-жаттығулар. Шығармашылық диктант: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Айдын ... қарындаш алды. Айман есікті ... сырмен сырлады.
  1. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Оқушыларға заттың сының білдіретін сөздерді қатыстырып, бір- біріне мінездеме жазу тапсырылады. Рефлексиялық-танымдық тапсырмалар талданып, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытындысын жасайды.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл қатады шөптер де. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау; өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру, оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; өз тілін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер Сабақ барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

  • Балалар, барлығымыз далаға қарайықшы. Бүгін ауа райы қандай?
  • Жылы, ашық, таза.
  • Ал даладан не көріп тұрсыңдар?
  • Ағаштар, аспан.
  • Ағаш қандай?
  • Жасыл.
  • Аспан ше?
  • Көк.
  • Дұрыс, балалар, қандай? деген сүраққа жауап берген сөздер заттың несін білдіреді?
  • Заттың сынын білдіреді.
  • Балалар, біздің сыныптың терезелері кай жақта орналасқан?
  • Сол жақта орналасқан.
  • Біз сабақ айтар кезде қай қолымызды көтеріп, барып айтамыз?
  • Оң қолымызды көтереміз.
  • Бәрекелді, демек біз бүгін заттың сынын білдіретін сөздерді ары қарай жалғастырамыз. Сонымен, заттың сынын білдіретін сөздер қандай? деген сұраққа ғана жауап беріп қандай? қай? сұрағына да жауап береді екен.
II. Операционалдық-орындаушылық кезең: 282-жаттығу.
  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Оқушыларға тізбектетіп мәнерлеп оқыту.
  3. Өлеңнің мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
  • Өлеңде табиғат көрінісі қалай суреттелген?
  • Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
  1. Сөздік жұмысы: ну - қалың
түрлентіп - жайнатып аңғарға - далаға
  1. Өлеңнен заттың сынын білдіретін сөздерді тапқызу: самал, қалың,
көк. 283-жаттығу, 284-жаттығу. Сергіту жаттығуы. Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа. Қолды айналдыр бұлданбай. III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі. 285-жаттығу:
  • Балалар, жаттығуда берілген сөздерді оқиықшы: қызыл, алма, биік үй.
  • Балалар, бізде қызыл түсті тағы қандай заттар болуы мүмкін? (көйлек, шар, алма, т.б.)
  • Ал биік не болуы мүмкін? (Үй, ағаш, тау.)
  • Енді өз дәптерлеріңе мұнда айтылмаған сөздерді көп нүктенің орнына өздерің қойып жазыңдар.
Қай оқушы бірінші жазып бітсе, сол оқушы мадақталады. Сәйкестендіру тесті. Төменде берілген заттар атауы мен оған тиісті сынын білдіретін сөздермен сәйкестендіру.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Он саусақ. Заттың санын білдіретін сөздер.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларың жетілдіру, заттың санын білдіретін сөздер туралы түсінік беру; оқушылардың логикалық ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет. Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялык кезең: Алады жақсы бала.

Үздік баға «бес» деген,

Еңсесі биік өзгеден. «Бір» деген болымсыз сан, Айтуға толымсыз сан. «Екі» де оңып тұрған жоқ

Осылай саны артады,

Сан артса, мән артады.

Орта сан «Үш» деген,

Жоқ онда күш деген. «Төрт» деген жақсы баға,

  • Ал, балалар өлең не жайында айтылған? Сандар туралы айтылған.
Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар? Бірінші сыныпта оқимыз.
  • Сендердің жастарың қаншада? Бүгін аптаның қай күні?
  • Сонымен сан бізге не үшін қажет екен? Заттарды санау үшін керек.
  • Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
  • Неше? нешінші? қанша? нешеу?

Олай болса, заттың санын білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік. Заттың санын білдіретін сөздер

Заттың санын білу үшін қажет Оларға қанша? неше? Заттарды санағанда нешінші? деген бірден бастап сұрақтар қойылады санаймыз.
II. Операционалдық-орындаушылық кезең. 286-жаттығу:

  1. Мүғалімнің мәнерлеп оқуы.
  2. Оқушылардың кезектесіп оқуы.
  3. Өлең мазмұнымен жұмыс.
  4. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
  • Өлеңде он саусақ туралы не туралы айтылған?
  • Өнерлі екен он саусақ деп неліктен айтады?
  • Өлең мазмұнына сай қандай мақал-мәтсл білесің?
  • Өлеңнің ішінен заттың санын білдіретін сөздсрді тап.
  1. Сөздік жүмысы: орамды - икемді, епті
қолға ілікті - қолға ұсталды 287-жаттығу (жазбаша), 288-жаттығу (ауызша). Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Бір отырып, бір тұрып, Алақанды ұрайык. Біз дем алып алайық. III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі: Терме диктант. Төменде берілген сөздердің ішінен заттың санын білдіретін сөздерді теріп жаз. Асан, екі, футбол, оқушы, бес, жапырақ, үш, қоңыр, жиырма.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.Оқушылардың еңбегін мадақтау

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Піл Сабақтың мақсаты: Оқушылардың заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге және мәтінді түсініп оқуға мүмкіндік жасау, заттың санын білдіретін сөздерді ажырата білуін, оқушылардың ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту; оқушылардың қоршаған ортаға деген ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыра отырып, экологиялық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет. Сабақтың барысы:

    1. Бағдарлау-мотивациялық кезең:
Ерланның жасы бесте. Ол балабақшаға барады. Ол үнемі анасын әртүрлі сұрақтармен мазалап, барлығын білуге құмар болып жүреді. Бір күні анасына келіп: "Мен қанша жасымда мектепке барамын",-деп сұрайды. Сонда анасы екі жылдан соң деп жауап береді.
  • Қане, балалар, Ерланның мектепке неше жастан баратынын өзіміз-ақ тауып көрейікші. (Балалар оз өйларын айтады).
  • Олай болса, біз бүгін заттың санын білдіретін сөздсрмен танысуды әрі қарай жалғастырамыз.
    1. Операционалдык-орнадаушылық кезең.
      1. жаттығу:
        1. Мүғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.
        2. Оқушылардың тізбектей оқуы.
        3. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Піл қандай жануар?
  • Оның салмағы қанша?
  • Піл қанша жыл өмір сүреді?
  • Мәтіндегі қанша? неше? сұрағына жауап беретін сөздерді ата.
        1. Сөздік жұмысы: шыдамды - төзімді
шапшаң - тез, лезде
      1. жаттығу, 291-жаттығу.
III. Рефлекциялықбағалау кезеңі: Берілген сөздердің ішінен заттың санын білдіретін сөздерді теріп жаз. Жүйрік, тоғыз, доп, алты, саусақ, үш, әдемі, бес. - Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! - дейді Маймыл тез-тез сөйлеп. Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен. - Уа, данышпан, Үкі! - дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып. - У-у-х! Өй! - деп Үкі шошып кетеді. - Не болып қалды? Айта беріңдер! - Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», - деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін. Төрелігін өзің айтып бер.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі


Сабақтың тақырыбы: Санамақ. Сабақтың мақсаты: Окушылардың мәнерлеп оқуына, заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау; оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыу, оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең: Аидананыңжасы төртте. Ол үнемі анасын әртүрлі сұрақтатмен мазалап жүреді. Бірде ол ішік тігіп отырған анасына келіп: «Апа, не тігіп отырсыз?», деп сұрайды. Анасы: «ішік», деп жауап береді. «Оны кімге тігіп отырсыз, неше ішік тіктіңіз?» деп анасын сұрақтың астына ала бастайды. Сонда анасы: Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім? Деп қане , қызым, менің қанша ішік тіккенімді енді өзің ақ тауып ал. Алғыр Айдана бұл сұрақтың да жауабын тез тапты. Сонымен, Айдананың анасы неше ішік тігіпті? Олай болса, біз бүгін заттың санын білдіретін сөздермен танысуды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгінгі сабақта біз «Білім» әлеміне саяхатқа шығамыз. Мәреге жету үшін, жолда кездескен бірнеше сұрақтар мен тапсырмаларды орындауымыз қажет.

  1. Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуінің бірінші әріптерінен сөз құрастыр. Бұл сөз туралы не білесің? Еске түсір.
а) Кіруге адам батпайды ә) Жүзіңе салсаң көзіңді, Төрт бұрышты тақтайды, Көрсетеді өзіңді. Төрде деп жұрт мақтайды (айна) Затыңды аман сақтайды. (сандық) б) Әуелі жарқылдайды Кейіннен сартылдайды. (найзағай)
  1. Жұмбақ санамақ:
Бір үйде біз нешеуміз? Ортан терек ағам, Кел, санайық бәріміз. Шылдыр шүмек мен, Бас бармағым атам, Титтей бөбек сен Балаң үйрек апам Бір үйде біз нешеуміз? (Жауабы: бесеуміз)
  • Бүл жерде отбасындағы адамдардың санын білдіріп тұрған қай сөз?
  • Заттардың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
  • Неше? нешеу? нешінші?
Олай болса, заттың санын білдіретін сөздер туралы ойымызды жинақтап, сызбаға түсірейік:

Заттың санын білдіретін сөздер

Заттың санын білу үшін қажет Оларға неше? нешеу? деген сұрақтар қойылады
Операционалдық-орындаушылық кезең: 292-жаттығу:

    1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
    2. Оқушылардың санамақты кезектесіп оқуы.
    3. Өлең мазмұнымен жұмыс.
  • Санамақта не туралы айтылған?
  • Өзің қандай санамақ білесің?
  • Санамақтың ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тап.
    1. Сөздік жұмысы: үміт - сенім
төзе білу - шыдау 293, 294-жаттығу.
  1. Рефлексиялық- бағалау кезеңі:
Ішінде санды білдіретін сөзі бар макал-мәтел, жұмбақтар ойлату.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.




























Күні сынып: 1 Ә пән: ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Мамыр .Жаңаша санамақ. Жаттығу жұмысы. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту; оқушыларды татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабактың көрнекілігі: оқулық. Сабақтың барысы:

  1. Бағдарлау - мотивациялық кезең:
  • Балалар, бүгін мен сендерге «Сыйластық туралы» хикаяны айтып берейін.
Баяғы өткен заманда бір отбасынан шыққан ағайынды-бауырлар араздасып қалыпты. Олардың араздасқаны соншалық, үлкені кішісін сыйлаудан, кішісі үлкенін құрметтеуден қалыпты. Қарт әкесі бұл жагдайға қатты қапаланыпты. Әбден мезі болған қария, балаларының араздығын басуға ешқандай шара таппай, ұлдарын жиып алып, бір бидің алдына әкеліпті. Салмақты да, сабырлы би дауды тыңдап алып, айтқаны:
  • Балаларым, дауларыңның жарасы ауыр екен, оның шешілуі тек өздеріңе байланысты, бәрің де үйлеріңе қайтыңдар. Жолда серік қылып, үш-ақ сауалымды қосып жіберемін, - деп қанша? неше? нешінші? деген сөздерді ғана айтыпты.
Балалары түсінбестен үйлеріне қайта оралыпты. Жолда бидің сөзін талқылап беруді өтініп, әкесіне жалыныпты. Сонда әкесінің айтқаны:
  • Бидің сендерге «қанша?» дегені барлығы отбасыда қанша ағайынды екеніңді сұрағаны. Неше? дегені өзіңді санамағанда отбасыңдағы туғаныңды айтқаны. Нешінші? дегені - әрқайсың өз орныңды біл дегені, - депті.
Мұны естіген ағайынды алты бауыр қатты ұялыпты. Ой-тұжырым жасау.
  • Балалар, сендерге хикая ұнады ма?
  • Бұл хикаяда заттың қандай қасиетін білдірегін сөздер көбірек кездесті?
  • Яғни бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
  • Заттың санын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Хикаядағы қай сөз бүгінгі тақырыпқа мысал бола алады екен?
  1. Операционалдық-орындаушылық кезең.
295-жаттығу:
    1. Мұғалімнің әңгімені мәнерлеп оқуы.
    2. Оқушылардың оқуы.
    3. Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Мамыр айы жылдың қай маусымында келеді?
  • Мамыр айында қандай өзгерістер болады?
  • Құстардың балапанын неліктен мамыр деп атайды?
  • Мамыр сөзі қандай мағына білдіреді?
    1. Сөздікпен жұмыс: жер бусынып -жібіп, жылуын шашып
төл - малдың баласы қостайды - мақұлдайды 296-жаттығу, 297-жаттығу.
  • Балалар, өздерің сияқты балалар санамақ ойнапты. Сонда Марат достарына мына жаңылтпашты судырата айтып береді:
Бір ақ шымшық, Екі ақ шымшық Үш ақ шымшық Төрт ақ шымпіық. Марат: Енді, достар, табайық бәрін қоссақ, қанша шымшық? Балалар: он.
  • Он дегеніміз нені білдіреді?
  • Шымшықтың нешеу екендігіп.
  • Яғни, балалар, шымшықтың санын білдіреді.
  • Сонымен, бүгін біз заттың санын білдіретін сөздермен танысу- ды ары қарай жалгастырамыз.
Қазір мына жұмбақтарды шешіп көрейік: Туысқан бес кісі Бэрінің аты бар, Бірінен-бірі кіші. Ен кішісі шеткісі. (Бес саусақ) Кішкене ғана аран, Жылт-жылт етеді, Асты толған боран. Жылғадан өтеді (Елеуіш, ұн) (Су) Енді жұмбақтың жауаптарынын бірінші әріптерінен сөз құрастыр.
  • Шыққан сөз туралы не білетініңді айтып бер.
      1. Операционалдық-орындаушылық кезең:
298-жаттығу:
        1. Жұмбақ санамақты мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
        2. Оқушылардың оқуы.
        3. Санамақ мазмұнына байланысты сұрақтар:
  • Санамақта нелерді санаған?
  • Осы санамақтан қандай өзіңе белгісіз нәрселерді білдің?
  • Әлемде қанша құрлық бар екен? 299, 300-жаттығулар.
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
  1. Терме диктант.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз
  1. Бесеуміз, қоса, әке-шешемізбен, біздің, үйде.
Орны ауыстырылып қойған сөздерді орнына қойып, сөйлем құра.
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі. Заттың санын білдіретін сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсету. Жеті қарындаш, сегіз оқушы, бес алма, тоғыз қазы, алты бөлме. Үлгі: Екі қаз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

















Күні сынып : 1 Ә пән: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Алты түлкі. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіруге және заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау; олардың логикалық ойлау қабілетін ояту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет Сабақтың барысы:

    1. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
  • Балалар, біз бүгін сендермен осы заттың санын білдіретін сөздермен танысуымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ол үшін алдымен жұмбақ өлеңді оқиық:
Неше алма? Бес бұтақты ағашта Біреуін бер Айнашқа Бұтақ сайын бес алма. Сонда қалмақ неше алма?
  • Олай болса, балалар, бізде неше алма қалады екен?
  • 24 алма.
  • Балалар, 24 дегеніміз нені білдіреді?
  • Қалған алманың санын білдіреді.
    1. Операңионалдық-орындаушылық кезең.
301-жаттығу:
      1. Ертегіні мұғалімнің оқуы.
      2. Оқушылардың кезектесіп оқуы.
      3. Ертегі мазмұнымен жұмыс:
  • Бұл ертегіде не туралы айтылған?
  • Түлкілер неге шолақ болып қалыпты?
  • Біреуге кемшілігі үшін күлуге бола ма?
  • Мәтіннің ішінен заттың санын білдіретін сөздерді тап.
4. Сөздік жұмысы: шолақ - қысқа мазақ ету - күлкі қылу,келеке ету. 302- жаттығу, 303-жаттығулар. Оқулықтан тыс тапсырма: Жүмбақ өлеңді оқып, шешуін тап. Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қой. Көлден үшты жеті қаз, Қонбады оның нешеуі, Қайтып қонды екі қаз. Қане, кім тез шешеді? III. Рефлексиялық- бағалау кезеңі: Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем қүрап жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап. Айгүл сыйлады үш кітап Асанға. Мектепке дейін екі жүріппіз сағаттай. Біздің мектеите окиды бала алты жүздей.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.









Күні сынып : 1 Ә пән: ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Ақылшы мұғалім. Жекпе-жек. Ілебай мен леп белгісі Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дыбыс және әріп тақырыбынан алған білімдерін еске түсіріп, бекіту және өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту; адамгершілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, қима қағаздар, бейнелі сөздер, кесте. Сабақтың барысы: I. Бағдарлау- мотивациялық кезең. Оқушылар ребус шешуге жұмылдырылады. Шешуі: «Туған жер - алтын бесік». Мақалдың мағынасы оқушылармен талданады. Осы мақалдың әр сөзіндегі дауысты жәнс дауыссыз дыбыстар ажыратылады. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, қайталайды.

  • Балалар неге "у" дыбысы "туған" сөзінде дауысты болып түр? Мақалдың ішінен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді тап. Жіңішке айтылатын сөздер: жер, биік.
Жуан айтылатын сөздер: туған,алтын. 1-тапсырма. Төрт бағанда орналасқан сөздерге тиісті дауысты және дауыссыз дыбыстарды сәйкестендір.


© 2010-2022