Поурочный план 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-сабақ Сабақтың тақырыбы: 1-қыркүйкек. Білім күні. Қыркүйек қоңырауы. Білімділік мақсаты: «1-қыркүйкек. Білім күні» мәтінін және «Қыркүйек қоңырауы» өлеңінің мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтауға көмектесу. Дамытушылық мақсаты: тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Тәрбиелік мақсаты: оқу-білімге, ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулу Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сынып оқушылары «Мектеп», «Кітап», «Білім» атты үш топқа бөлінеді. ІІ. Жаңа сабақ.

  1. Әр топ өз аттарына сай мақал-мәтел айтады.
  2. Топ аттарының өмірге қажеттілігін, өмірдегі орнын дәлелдейді.
  3. Оқулықтағы «1-қыркүйкек. Білім күні» мәтіні оқылып, оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді.
  4. Сұрақтарға жауап, мәтіннің негізгі ойын анықтату.
  5. «Қауышу», «Дидарласу», «Жігерлерін жану» сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі, оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, топқа талқылайды.
  6. «Қыркүйек қоңырауы» өлеңі оқылып, ондағы негізгі ой анықталады.
Әр топқа тапсырма: 1-мәтіннің мазмұнын әңгімелейді. 2-мәтін, өлең мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айтады. 3-өлеңнің алғашқы шумағын жатқа айтады, мағынасын түсіндіреді. ІІІ. Сабақты бекіту. «Маған білім неге керек?» тақырыбына шағын әңгіме жаздырту. ІҮ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау. Ү. Үйге тапсырма. Мәтін мен өлеңді түсініп, мәнерлеп оқып келу, алғашқы қоңырау туралы сурет салып келу.


© 2010-2022