Математика 6 санының құрамы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді:

ДОІЖО: Н.Абдиева



«Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пән мұғалімі Изтурганова Ж .Ж.

Пәні Математика

Сыныбы

1«Ә»



Өтетін күні

13.11.2014жыл

1-ші аусым

2-ші сабақ


Сабақтың тақырыбы

6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты 6 санының құрамын меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, бағыт - бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

Табыс критерийлері 1.Оқушылар 6 санының құрамын меңгереді. 2.Топпен бірге жұмыс жасауды үйренеді. 3.Теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоюды үйренеді.

Күтілетін нәтиже Талдау, жинақтау,бағалау Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындай алады. 6 санының қалай пайда болуын біледі.

Пәнаралық байланыс Дүниетану,геометрия

Сабақтың ресурстары Ноутбук,стикер, маркер,смайликтер,гометриялық пішіндер.












Кезең

Уақыты

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе

5 минут



10 минут




Ынтымақтастық атмасферасын құру.

«Оппадиру» биіне билеу.

Оқушыларды гометриялық пішіндермен топқа бөлу.

Оқушылар музыка әуеніне билейді. Би қимылдарын қайталайды.

Оқушылар өздері таңдаған пішін бойынша топқа бөлінеді.

1.Үшбұрыштар.

2.Төртбұрыштар.

3.Дөңгелек.

4.Бесбұрыштар.

6 цифрін жазу.
- 6 санын қалай шығарып аламыз?
- 6 саны қандай сандардан артық?
- 6 - дан кем сандарды ата?
- Қосу және азайту амалына өрнек жаз.
5+1=6 6 - 5=1 6 - 1=5
2+4=6 6 - 2=4 6 - 4=2
3+3=6 6 - 3=3
Өткен сандардың құрамын анықтауға байланысты қызықты есептер шығарамыз.
Омартада үш қонжық,
Ойнауға тығылмақ кірісті.
Жасырынса бірі бөшкеге
Тоғайға жүгірді нешеуі? (2)
Балапандарым - байлығым,
Бармысыңдар барлығың?
Тексерейін, санайын.
Ұябасар - анасы
2 - еуін тапты жүйектен.
Арпа іздеген 2 - еуін
Байқап қалды алыстан.
Айтыңдаршы балалар
Нешеу екен барлығы? (4)
Сарылау үш түймедақ,
Тамаша екі көктікен.
Балалар маған сыйлаған
Байламда неше гүл екен? (5)
- Міне, балалар, барлығымыз дұрыс таптық. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда

6 санының құрамымен танысамыз.
Мысықтың бес баласы
Не берсең, соны жейді екен.
Жаласа қаймақ біреуі,
Табыңдар сонда қанша екен,
Барлығы мысық баласы? (6)

Оқушылар білетіндерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.



Оқушылар бірлесе оырып жұмбақтың жауабын табады.

Негізгі

5 минут



















10 минут

1) 6 санының құрамын анықтау.
6 6 6
5 1 4 2 3 3

2)Сурет бойынша теңдіктер құру.

І-топ 5+1=6
ІІ-топ 4+2=6
ІІІ-топ 3+3=6

ІV-топ 6+0-0
3) Салыстыру. Кесіндінің ұзындығын салыстыру.
6см > 5 cм 5см < 6cм

4)Қалып қойған сандарды ата.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша берілген

Топтық қорғау. Топ мүшелерінен біреуі және қалғандары толықтырады

5)Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
6 санын жазып үйрену
6 санының құрамын жазу. Өрнектердің мәнін табу.
Шығармашылық тапсырма.
І-топ Салыстыр. Ұқсастығы неде?

Айырмашылығы ше?

ІІ-топ Ұқсастығы неде айырмашылығы ше?
ІІІ-топ Не өзгерді?

ІV-топ Әр сурете неше үшбұрыш бар?

6)Тиісті сандарды үйлерге орналастыр:

Оқушылар дәптерге салыстыруды орындайды.

6 санының құрамын жазады. Өрнектердің мәнін табады.

- Екі үшбұрыш берілген ұқсастығы екеуі де үшбұрыш, айырмашылығы біреуі екіге бөлінген.
Не өзгергенін айтады.

Үшбұрыштардың санын табады.

Топтық тексерулер.

Барлық топтардың жұмыстары салыстырмалы түрде тексеріледі. Бір-біріне баға береді.

Бағалау.Смайликтермен.

Қорытынды

5 минут








- Бүгін біз сендермен қандай санның құрамымен таныстық? - 6 саны қандай сан? - 6 саны қай сандардың қосындысы? - 6 санының көршілерін ата.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия







© 2010-2022