Ашық сабақ Әліппе тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі ( 1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 4



Әліппе Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: К дыбысы мен әрпін таныту. К дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру. Есте сақтауға үйрету, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік мәні: 1. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. 2. Ұқыпты, жинақылыққа тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі. Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Әдісі: Түсіндіру, оқыту, сауат ашу. Көрнекілігі: суреттер, әріп, кесте, буындар, оқулық. Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру II. Өтілгенді тиянақтау ( Ее ) III. Жаңа сабақ Психологиялық дайындық.

  • Балалар мен жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар:
Қызықтап күнде сен Суретін көресің, Оқисың одан сен Ертегі, өлеңді. Ол не? (кітап)

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұын шашады. (күн)

  • Өте дұрыс. Енді осы күн, кітап сөздері бізге таныс емес қай дыбыстан басталады?
  • К.
  • Дұрыс. К дыбысынан басталып тұр.
  • К (кі) дыбысы қалай айтылып тұр?
  • К дыбысы қысылып, таңдай арқылы айтылады.
  • Демек онда К дыбысы дауыссыз қатаң дыбыс.
Бүгін біз К дыбысы және әрпімен танысамыз. К дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан шартты белгісі көк түс. Қане, қайталаймыз: К к к. К к дыбысының таңбасымен таныстыру. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі. Оқулықпен жұмыс. Сөздер тақтаға ілінеді. Кеме, кит, көбелек сөздеріне дыбыстық талдау жасалып, түсіндіріледі. Сөздер буынға бөліп хормен оқытылады. Ке - ме, те - рек, ме -ре - ке, ке - бе - же, ке - се, ше - лек, бе - ре - ке, те - ке - мет. Оқушылардан кеме туралы не білетіндерін сұрау. «Кеме» мәтінін оқып беру. Әр қатардан оқушыларға оқыту. Сергіту сәті. «Жоқ буынды тап» ойыны Ке..... мек... ше.... Кес..... ең.... те..... Осы сөздерден 3 сөйлем ауызша айытқызу. Дәптермен жұмыс. К әрпін ауада жазып көрсету. Тақтаға жазып көрсету . Дәптерді дұрыс көлбей қою, дұрыс отырып әдемі жазу. Қорытынды бөлімі.
  • Қазір қай мезгіл?
  • Күз.
  • Күз сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
  • К.
Күз мезгілі туралы әңгімелету. Күзде еңбектің қызу жүргізілетіні, қысқа дайындық болатыны айтылады. Еңбек туралы мақал-мәтел айтқызу: Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Күш білімде. Және т.б. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға әдемі көбелектер тарату. Мадақтау. IV. Қорытынды.
© 2010-2022