Отбасындағы бала тәрбиесі және орны

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасындағы бала тәрбиесі

  • бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
  • өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
  • отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;
  • отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
  • отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
  • отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
  • отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
  • отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Адамның адамшылдығы - ақыл,

ғылым, жақсы ата, жақсы ана,

жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа - қынабы, отқа - ошағы, ер жігітке - өз үйі» - деген тамаша нақыл бар.

Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар - жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату - сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек. Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала - шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы - шынайы инабаттылық, әдептілік. Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі - ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!

Саналы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Балаңыздың өмірінде елеулі өзгерістер болады. Оқу жылының алғашқы айында балаңыздың шаршағанын сезесіз. Күніне 4-5 сабақтан қатар отыру кешегі ойын баласы үшін оңай соқпайтынын сезесіз. Баланың қимылдағысы, ойнағысы жүгіргісі келеді, ал сабақ үстінде болмайды. Айтқанды тыңдау, ұғу қабілеті де сабақтың аяқ кезінде төмендейді. Сондықтан балаңыз мектептен келгеннен кейін тамағын ішіп алып, таза ауада бойын жазып, біраз ойнап келгені дұрыс. Өйткені, мектептен келісімен «асыңды іш те, сабағыңды оқы, үйге берілген тапсырманы орында» десеңіздер, балаңыз сабаққа, үй тапсырмасына зейін қоя ала алмайды, ынталанбайды. Бала тамағын ішіп, бойын жазып, жолдастарымен ойнап келгеннен кейін, сабақ дайындауға отыру қажет. Бұл тәртіп дағдыға айналғаны жөн. Оны балаңыз да өздеріңіз де бұзбауларыңыз жөн. Әр тапсырманы орындағаннан кейін де балаңыз бір уақыт демалғаны дұрыс. Бұл мектептегі әр сабақтың соңынан болатын үзіліс іспетті болмақ. Оқушының еңбек қабілетінің маңызды болуы бірнеше факторларға байланысты. Олар біріншіден, физиологиялық өзгерістер, яғни, баланың жасы, жынысы, денсаулығы, тамағы, еңбек мөлшері, тынығуы. Екіншіден физикалық факторлар, яғни, баланың шабыты, көңіл-күйі, тыңдаушылығы. Бұл факторлар бір-бірімен байланысты, олар дамиды,өзгереді. Бұл факторлардың барлығы да баланың еңбек қабілетіне әсер етеді. Біздің әңгімеміз де негізінен бастауыш сыныптағы балалар жөнінде болып отыр. Ол балалар 6-7 жастағылар жан-жақты дамуы жаңадан басталған кезі. Күнбе-күн естіп, біліп келген жаңалықтарын оқушы үйге келгенде әке-шешесіне айтып беруге тырысады. Баланың айтқан әңгімесі, көрген білгені әке-шешесіне жаңалық болмаса да бала үшін аса мәнді нәрселер, сондықтан тыңдауға көңілі соқпаса да оны ата-ана шын ниетпен тыңдау керек, керек болса ата-аналар зор көңіл бөлгені жөн. Өйткені олар баланың денесінің дұрыс қалыптасуына, көзіне зақым келмеуіне зор әсер етеді, ынталандырады. Өзіміз балаға барлық жағдай жасамай отырып, баладан 4-5 ті талап етуіміз дұрыс емес. Оқушының еңбек қабілетінің мардымды болуына үшінші психиканың факторы болмақ. Бала үйге берілген тапсырманы белгілі бір мезгілде орындап үйренгені абзал. Ата-анасы тарапынан «отыр, сабағыңды дайында» деп зеку баланың сабаққа деген көңілін қалдырады. Ынтасыз еңбектен нәтиже аза болады. Оқушының мектептен, болмаса ойыннан көңілсіз, ренжіп келетін жағдайы да болады. Ондай да ата-анасы дереу сабағыңды дайындауға отыр» деудің орнына, баланың неге ренжіп келгенін білген жөн. Жылы лебізбен сөйлесу, көңілдіру қажет. Сонда бала ата-анасына сеніммен қарайды, себебі баланың бас ұстазы- ата-анасы.







© 2010-2022