Ашық сабақ: Бізді қоршаған әлем

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану пәні мен өзiн-өзi тану пәнімен ықпалдасқан сабақ жоспары


Тақырып: Бізді қоршаған әлем

Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: мейірім, парыз, шат көңіл

Мұғалiм:Ауелбекова К.С. Сынып: 1 «Б» Оқушылар саны: 25

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылықтары арқылы табиғат кереметтерін ашу.

Міндеттері: 1. Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.

2.Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына екенін, денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру.

3. Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстар, мәліметтер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

Әдемі әуен

  1. Үй тапсырмасын тексеру


  • Ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер?

  • Ауаны ластамауға қандай үлес қосар едің?

  • Осы тақырыптағы нақыл сөз арқылы қандай ой түйдік?

Ауаның қасиеттері

  1. Дәйексөз

«Туған жерді сүю парыз,

Сүю үшін білу-парыз,

Қасиетін ұғу-парыз

Күзетінде тұру- парыз»

Мұзафар Әлімбаевтың «Туған жерді сүю парыз» өлеңі


  1. Әңгімелеу

Әңгімені талдау сұрақтары:

-Ауа арқылы не болады?

-Ауаны не ластайды?

Су қалай ластанады?

Электрондық оқулық «Бізді қоршаған әлем»


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1 топ: Табиғатқа байланысты тыйым сөздер

2 топ: Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер

3 топ: Табиғатқа тән қасиеттерді топтастыру




© 2010-2022