Баяндама Заманауи білім беру - жарқын болашақ (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Заманауи білім беру - жарқын болашақ


Табылдиева Жаркын Кабыловна №30 орта жалпы білім беретін мектеп

Орал қаласы, БҚО

E-mail: [email protected]
Тәуелсіз мемлекетімізде білім және ғылымның дамуы үшін дүние жүзі білім кеңістігіне ену - бүгінгі күннің басты міндеті. Мұғалімдер қауымы жаңашылдыққа талпынып, озық тәжірибе мен жаңа стратегияларды орынды пайдаланып, өзінде бар білім мен тәжірибесін оқушы игілігі үшін пайдалану да бүгінгі күннің басты міндеті. «Ұстаз-үйрену барысында ғана ұстаз» дегендей, қазіргі ақпарат тасқыны күннен-күнге қарыштаған заманда өмір ағымынан қалмас үшін, оқушы талабын, қажеттілігін қанағаттандыру үшін оқушымен қатар мұғалім де көп ізденуі керек. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, «мұғалім-ұйымдастырушы, бағыттаушы», ал «оқушы-ізденуші, белсенді» субьектіге айналуы тиіс. Оқушылардың көпшілігіне мұғалімнің басқаруымен ұйымдастырылған дәстүрлі сабақ барысы ұнамайды, себебі онда оқушы қызығушылықтары, пікірлері ескерілмей жатады және оларға еркіндік берілмейді. Сондай-ақ, көп жағдайда мұғалімнің қояр сұрағына да берілер жауап белгілі бір шеңберде, нақты жауабы бар, яғни оқушы қиялы жетілмей, бара-бара тоқырауға ұшырауы мүмкін. Мұғалімдер көбінесе осындай оқушының ойлау қабілетін шектейтін «жабық сұрақтар» қояды. «Жабық сұрақтарға» қарағанда нақты жауабы жоқ, бірнеше ықтимал жауаптары болатын «ашық сұрақтардың» тиімділігі жоғары. Онда оқушылар жауаптары алуан түрлі болады және соған қарап олардың когнитивті дамуы, ойлауы қай деңгейде екенін білуге болады. Қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген құзіретті тұлға қалыптастыру бүгіннен, яғни біздің әр күнгі беретін сабағымыздан басталады. Оқушыны мектеп қабырғасынан тыс өмірге бейімдеу үшін оларды күнделікті өзін-өзі реттеуге, өз білімін өз бетімен алуды ұйымдастыруға, өзін және өзгелерді бағалай білуге, қиын мәселелерді шешуде ұтымды жолды таңдай білуге, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, баға беруге үйретуіміз керек. Әрине мұның бәрін өз сабақтарымызда біртіндеп жүзеге асыруға тиістіміз. Ең бірінші оқушыны өз пәнімізге қызықтыру керек. Ал оқушы қай жағдайда оқуға қызығады? Адам әрқашанда өзі бітірген істен ләззат алады. Оқушы да өзі белсене қатысқан білім алу ісіне және белгілі бір нәтижеге жеткен сайын ұстазы оны ынталандырып, мадақтап, қолдау білдіріп отырса, одан да зор құлшыныспен кіріседі. Адамға сенім білдіру арқылы мүмкін болмастай көрінген жетістіктерге жетелеуге болады. Ерте заманнан «мектеп» бала қуанышының орны деген ұғымды білдіріп, латын тілінен «уақыт өткізу» деп аударылғаны баршамызға белгілі. Я.А.Коменский: «Латын тілінде «лудус» деп аталған, яғни «ойын»; ол тән мен ақылды жеңіл және жағымды түрде жаттықтыруға арналған, шаршатпайтын, қинамайтын арнайы ғылыми білімдерге арналған тыныш бекет сияқты», - деп атап көрсеткен. Олай болса, қазіргі сабақ оқушының жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып, ойын түрінде құрылуы тиіс. Сондай-ақ, қазіргі сабақ - шетелдік педагогикалық технологияларды қазақстандық технологиямен ұштастырған заман ағымына сай болуы керек. Қазіргі сабақты алдымызда отырған оқушыларымыздың жас ерекшелігін, олардың қызығушылықтарын ескеріп, олармен санасып, пікірлесіп отырып құруымыз керек. Мұғалім мен оқушы арасында екіжақты сенім, ынтымақ тастық, мақсатқа ұмтылыс болғанда, әр сабағымыз оңтайлы ұйымдастырылған диалогта өтер болса, ұстаздың да, оқушының да нәтижеге жетеріне сенімім мол. Қазіргі заман талабына сай «әдебиет» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. Әдебиет сабағында оқушының тілін дамытуға арналған жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөлінеді. Бұдан күтілетін нәтиже: оқушылар бойында коммуникативтік және әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешу құзіреттіліктері мен бірте-бірте оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бағдарламадағы жеті модуль идеясын оқығаннан кейін қысқа мерзім жоспарын құрмас бұрын әріптестермен кеңесуді және мақсат пен күтілетін нәтижені Блум таксономиясына сүйеніп құруды дағдыға айналдырдым.. Өзім не айтамын деп емес, оқушыға жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруі үшін қандай тапсырма беремін деп жоспарлайтын болдым.

Осы негіздерге сүйене отырып құрған әдебиет пәні бойынша 4 сыныпқа арналған қысқа мерзім жоспар үлгілері:

Сыныбы: 4

Күні: 09. 10 .2014

Сабақтың тақырыбы Б.Тоғысбайұлы Ақан сері

Мақсаты


Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, Отан сүйгіштік қасиеттерін дамыту

Күтілетін нәтижелер

А. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын біледі және түсінгенін айта алады

В. Сері адамның ерекшелігін айқындайды. С. Қазіргі заманның серілері туралы пікірлерін айтады.

Керекті жабдықтар «Әдебиеттік оқу» оқулығы, ғаламтор, интербелсенді тақта, суреттер, флипчарт, маркерлер және үнтаспа .

Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма:

2,3,4,5,6,7 тапсырмалар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

5


Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру; оқушылармен амандасу,түгелдеу. Топтасттыыру техникасы бойынша серіге серік болған «Тұлпар. Бүрікіт.Тазы» деп топтастыру. Мұғалім амандасады кезекші жоқ оқушыларды айтады, оқу құралдарын дайындайды. «Тұлпар.Бүрікіт.Тазы» топтарына бөлініп отырады

Тұсау

кесер

10


«Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. «Бұл кім? деп сұрамаңыз» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау. «Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасын айтады..Оқушылар автордың портретін көре отырып 5 сұрақ жазады.Әр топтан бір оқушы сұрақтарын оқиды

Негізгі бөлім

20

Зерттеушілік әңгіме. Жаңа тақырыпты өздігінен оқып түсіну, үшін жеке оқушыға уақыт беру.

Топпен зерттеушілік әңгіме жүргізіп, кейін әр топқа флипчарт таратып, әр топ постер құрастыру.

Постер қорғау.

Бағалау критерийлері арқылы екі жұлдыз, бір ұсыныс береді

Постерді бағалау критерийлерін тарату.

А мазмұны

Тақырып мазмұны ашылмады

Тақырып мазмұны ашылда

Тақырып мазмұны толық ашылды тағы да

қосуға болады

В Безендірілуі

Бояуы қанық емес, сурет салмаған т.с.с.

Әсемделген, бірақ

Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер

қолданылған

С Баяндау

Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды

Ойды жеткізе білді, бірақ әдеби тіл жетпеді

немесе ой қайталана берді, қыстырма сөз

көп қолданылды.

Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді,

өз пікірін пайымдады т.с.с

Д Шығармашылық

Тақырыпты өзге қырынан аша білді

Жаңашылдық, идея болды, идея қосты

Ақан серінің «Балқадиша» әнін екі түрлі орындауда үнтаспадан тыңдату.

Оқушылар топтарда мәтіннің мазмұнына қарай ойларын біріктіріп постер құрады.

Құрып болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.

Басқа топтар екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.

Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі, өзара бағалау жүреді.



«Балқадиша» әнін Ақан серінің орындауында және «Жігіттер»квартетінің орындауында тыңдайды.

Қоры

тынды бөлім

10 «Стикердегі диалог» әдісімен сабақты қорытындылау.

  1. Ақанның әкесі кім?
  2. Әкесі Ақанның кім болғанын қалады?
  3. Бірақ Ақан неге әуес болды?
  4. Ағайындары дарын иесіне не сыйлады?
  5. Қараторғай атты бүркіті қандай күй кешті?
  6. Қараторғай әнінің пайда болуы
  7. Құлагерге жасалған қастандық
І топ: «Кейіпкерге хат жазу» ІІ топ: «Балқадиша әнін салыстыру» ІІІ топ: «Қазіргі заманның сері «еркін жазу» «3:2:1» әдісімен кері байланыс жасайды. Үйге тапсырма беріледі.
  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Сері адамның ерекшелігін салыстыру
  3. Ақан сері әндерінен жинақ -альбом жасау.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сабақта

өткен материалды қайталап , бекітеді Сабақтың өзіндік талдауы: Сабақтың мақсаты: «Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру» болатын. Күтілетін нәтижем: Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын біледі және түсінгенін айта алу; Сері адамның ерекшелігін айқындау; Қазіргі заманның серілері туралы пікірлерін айту. Әуелі сыныптағы оқушылардың ынтымақтастық ортасын серіге серік болған «Тұлпар. Бүрікіт.Тазы» топтарын құрудан бастадым.Өйткені, сабақ барысындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады. Сабақ барысындағы диалогты оқыту, бағалау, сыни ойлау мен инклюзивті оқуға да ынтымақтастықтың маңызы зор. Күн сайын топ құрамын өзгерте отырып, балаларды бір-біріне жақындастыра түстім. Бұрынғы қалыптасқан ескі дағды, көзқарасын өзгерту мақсатында топ ережесін шығарған едік, соны бүгінгі сабақта есімізге түсірдік. Содан соң бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бүгінгі сабағымызда не істейтінімізді айттым. Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрдық. Оқушылардың тақырып бойынша не білетіндерін үйден дайындап келген жоғары, төмен дәрежелі сұрақтары арқылы шығарып алдым. Осылайша оқушылардың тақырыптан не білетінін шығарып алып, жаңа білімді беруге көштім. Тұсаукесер бөлімінде «Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасы тексеріліп, «Бұл кім? деп сұрамаңыз» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасалды.Әр оқушы дәптерлеріне сыни сұрақтар жазып, жазған сұрақтарын жарыса оқыды. Оқушы жауабын мадақтап, тақырыпты дәптерлеріне жаздырттым. Жаңа тақырыпты меңгертуде «Зерттеушілік әңгімені» қолдандым. Жаңа тақырыпты өздігінен оқып түсіну үшін уақыт берілді. Топпен зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Әр топтың қасына барып, сырттай бақылап жүрдім. Негізгі оқиғалар мен кейіпкерлер әрекеттерін сипаттауда да оқушылар дұрыс пікірлер айтып жатты. Кейін әр топқа флипчарт таратып, әр топ постер құрастырды. Бұрын мұғалімнің жетелеу сұрақтары арқылы ғана жұмыстанып үйренген оқушылар үшін постер құру қиындық тудырды. Топтарға постерді бағалау критерийлері таратылды. Бағалау критерийлері арқылы әр топ екі жұлдыз, бір ұсыныс береді, соның арқасында басқа оқушыларда да құнды пікірлер болатынын түсінді. Барлық топ та топтық әңгімеге белсене қатысты. Баяндамашылар әр топ келген сайын ойын жинақтап, соңында керемет жүйелі сөйлеп шықты. Содан соң үнтаспадан Ақан серінің «Балқадиша» әнін екі түрлі орындауда тыңдады. Әннің домбырада және заманауи үлгіде орындалу шеберлігі туралы өз ойларын айтты. Оқытуда осы әдістерді қолдану оқушылардың сөйлеуін жетілдіреді және оқушылардың сыни ойлауының дамуына да әсер етеді. Оқушылар мен ойлағаннан да керемет ойлар айтты. Оқушылар жауабын үнемі мадақтап, қолдап ынталандырып отырдым. Сабақ барысында Қане сіздің топтан кім үнсіз қалды, өз ойларыңды қосатындарың бар ма?- деп барлық оқушыларды қамтуға тырыстым. Сондай-ақ, әр жауап берген оқушымның бұрын көрмеген сыни ойлау дағдысын байқау мен үшін жетістік болды. Оқушылар сөйлегенде өзін-өзі реттеуді де жүзеге асырып отырды. Бұрынғы дағдымыздағы біреу сөйлеп, қалғанымыз «үнсіз»тыңдап отыратын әдетімізден арылдық. Ойға ой қосатын идеялар тудыруға қол жеткіздік. Оқушыларым қандай деңгейде екендігін түсіндім. Бастысы әдеттегідей оқушыға дайын білім мен идеяларды ұсынбай, керісінше оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруын қалыптастыруға ықпал жасап отырдым. Үн-түнсіз сабаққа өз үлесін қоспай отырған оқушы болмады. Бүгінгі сабаққа бұрын үнсіз отыратын «тыныш оқушым» Диас та белсене қатысты. Нәтижесінде бірлескен жұмыста оқушылардың сабаққа жақсы тартылатындығына көзімді жеткіздім. Қорытынды бөлімде «Стикердегі диалог» әдісімен жалғастырдық. «Кейіпкерге хат жазу», «Балқадиша әнін салыстыру», «Қазіргі заманның сері» еркін жазу берілген уақыт ішінде орындалып, өз нәтижелерін көрсетті.Сабақта формативті бағалаудың түрлерін қолдандым. Сонымен, «3:2:1» әдісімен кері байланыс орнаттым. Оқушылар үш ұнаған фактор, екі қиындық, бір ұсыныс жасады. Бағдарлама идеяларын ықпалдастыра өткізу арқылы оқушының қызығушылығы артумен қатар білім деңгейі артты. Оқушылар мәтінді түсініп, (барлығы) әрекеттердің дұрыс-бұрыстығын көрсетті, білгенін шешім қабылдауға пайдалана алды, (көпшілігі) білімін жинақтап өмірмен байланыстырды, құндылығын анықтады. Бұдан сабағымның мақсатқа жеткенін көрдім.Сабақта бағдарламаның идеяларын тиімді қолдана алсақ, оқушыға Блум таксономиясының жоғары деңгейіне жетуіне мүмкіндік туғызамыз. Топта жұмыс жасауды, еркін сөйлеуді үйренді. Сабақ бойынша өз пікірін айтуды, ұсыныс білдіруді үйренді.Тақырыпты өз беттерімен меңгеру дағдылары жайлап қалыптасып келеді. Сабақ бойынша өзгертулер: Оқушылардың сөз саптауларын дамытатын тапсырманы беру. Алдыма болашақта топтық жұмыстарда оқушыларға еркіндік, мүмкіндік беремін, диалогқа тарту үшін әлі де сенімділіктерін арттырамын деп мақсат қойып отырмын. Сабақты бекітуде семантикалық карта, қалыптастырушы тест, эссе сияқты жеке тапсырмалар беремін және тест парағына білетіні мен білуге тиіс тақырыптарын жазу үшін арнайы кесте құрамын. Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есіме сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» деген екен. Сондай-ақ, құзыреттіліктердің (коммуникативтік, ақпараттық, проблемалық) ішіндегі біздің пәнімізге ең жақыны - коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда оқушылардың өздігінен білім алуына қолдау жасай отырып, оқушының өзін қатыстырып, диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолданудың да маңызы зор. Олай болса, өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы оқушыны қалыптастыруға бағытталған - сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілдің берері мол екені даусыз.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

Үшінші (негізгі) деңгей

Үшінші басылым-2012 ж.

«Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012

2.Әдебиет Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық.

Ә.Дайыр; Қ.Айтқалиев; Ш.Беркімбаева;Г.Құрманбай.

Алматы.Атамұра,2005.

3.Интернеттен [email protected] сайт материалдары

© 2010-2022