Дүние тану Тақырыбы: Бунақденелілер жауынан қалай қорғанады?

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бердишова Салтанат Кадировна . Дүние тану

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер жауынан қалай қорғанады?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бунақденелілердің өздерінің тіршілігін сақтау үшін бүркеніш реңін пайдалануы туралы балалардың білуі.

Дамытушылық: Оқушылардың жәндіктер туралы білімдерінің кеңейе түсуі. Өмірде көргенін, естігенін, білгенін жаңа білім алуға пайдалана алу біліктілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: Бунақденелілердің тіршілік әрекетімен таныстыру барысында оларға деген қайырымдылық сезімін туғызу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреті, бунақденелілердің суреті, бағалау карточкалары, сандық, тақырып жазылған маңдайша, сөздер жазылған карточкалар.

Пән аралық байланыс: Өмірмен байланыстыру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, дәптер, күнделік, оқулық, қаламсаптарын түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Оқушылардың үйге берілген «Жануарлар жемін қалай аулайды?» мәтіні бойынша түсінік айтуы.

2.Өткен сабақты қорытындылау.

-Жыртқыштарға қандай жануарлар жатады?

-Оларды неге жыртқыш дейміз?

-Жыртқыштар неге басқа жануарларды ұстап жейді?

-Қасқырды халық неге «жауыз, ұры, қарақшы» дейді?

-Үйдегі мысықты тышқан аулағанын көргендерің бар ма?

-Жануарлар өз жауларынан қалай қорғанады?

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Бунақденелілер жауынан қалай қорғанады?».

Мақсаты: Бунақденелілердің жауынан сақтау үшін бүркеніш реңін қалай пайдаланатынын білу.

Оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі:

-Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?

-Қазір бунақденелілер бар ма? Олар қайда кетті?

-Балалар, сендер жазда көгалдан, бау-бақшадан, даладан қандай бунақденелілерді көрдіңдер?

-Оларды қолмен ұстағандарың бар ма?

-Бунақденелілердің дене құрылысы қандай болады?

-Олардың жаулары бар ма?

-Егер бунақденелілер жоқ болып кетсе, қандай өзгерістер болады?

-Ендеше, балалар, бунақденелілердің табиғаттағы маңызы ерекше екен. Олар дүние жүзінің барлық түкпірлеріне таралған. Барлық жануарлардың 96%-ға жуығы жәндіктер екен. Олар кез-келген жерде өмір сүреді. Ауада да, жердің бетінде де, топырақта да суда да.

Бүгінгі сабағымызда бунақденелілер өзара әңгімелесіп, өз жауларынан қорғану үшін бүркеніш реңін қалай пайдаланатынын айтады.

2.Мұғалімнің түсіндірмесі.

3.Мәтінді оқушылардың оқуы.

4.Сергіту сәті.

Үш оқушы «Көбелек пен ебелек» мысалын айтады.

5.Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

-Түс кезінде қандай жәндіктер бас қосты?

-Қанқыз көбелекке не деп ұрысты?

-Ызылдақ қарашыбын не деп шошынды?

-Көбелек қалай ғайып болды?

-Шыбын не деп таң қалды?

-Көбелек өздерінің қалай қорғанатыны туралы не деді?

-Көкшегіртке не деді?

-Көбелек пен көкшегірткенің жауынан қалай қорғануы қандай рең деп аталады?

6.Оқушылардың басқа бунақденелілер туралы не білетінін, қандай жұмбақтар білетінін сұрау.

7.Ойындар ойнату.

а)Суретшінің жіберген кемшіліктерін тап.

ә) «Қай жануар төзімді?»

б)Сөзді сипаттау арқылы табу.

ІҮ.Қорытынды.

Ү. Бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма:

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын жүйелі түрде айту.






© 2010-2022