Ертегі еліне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты:
1. Өткен сабақтарды еске түсіріп, сандар қатарын, геометриялық пішіндерді тануды, кеңістікті бағдарлай білу қабілетін бекіту.
2. Балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.
3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.

Көрнекіліктер: атрибуттар, карточкалар, алма ағаштары, шыны ыдыстар, доп, етіктер

Амандасу. Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық
шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы күн достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Сабақ барысы:
Бүгін балалар біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Барғыларың келе ме? Ендеше сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Ұштық! (Жай әуен ойнатылады).
Көздерімізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
Ал енді көзімізді ашайық. Міне ертегілер еліне де жеттік. Қараңдаршы қандай әдемі үйшік. Бұл үйшікті атай қандай пішіндерден құрастырған? ( төртбұрыш, үшбұрыш). Атай үйінің ауласына бау-бақша егіп қойған екен. Күз мезгілінде олар піседі. Мына алма ағашына қараңдаршы, қанша алма пісіп тұр? (санайды - 5). Ал екінші алма ағашында ше? ( 5) Айырмашылығы неде? (үлкен - кіші). Сонда алмалардың саны бірдей де ал көлемі әр түрлі. Яғни көлеміне қарай заттың саны өзгермейді.
Күздің салқын желі ағаштардың жапырақтарын ұшырған екен. Олар мына жолдарда жатыр.
Санайықшы бірінші жолда қанша жапырақ жатыр, ал екінші жолда ше? (санайды, саны бірдей). Айырмашылығы неде? (түсінде). Яғни түсіне байланысты заттың саны өзгермейді.
Мына ағаштың бұтағында қарлығаштар жылы жаққа ұшуға дайындалып отыр екен. Неше қарлығаш отыр? (3) кенет иттердің үрген даусы естіледі. Қарлығаштар ұшып кетеді. Иттердің даусы басылған соң қарлығаштар қайтадан бұтаққа келіп отырады. Санайықшы балалар, қарлығаштың барлығы қайта оралды ма? (санайды - 3, барлығы оралды) бірақ бірдеңе өзгерді, не өзгерді қалай ойлайсыңдар? (орындарын ауыстырды). яғни заттың саны олардың орналасуына байланысты өзгермейді екен.
Атайдың бақшасында шалқан үлкен болып өскен екен. Атай шалқанды жұлып алмақшы болады. Ол соншалықты асыққанынан өзінің етігінің бір сыңарын таба алмай отыр екен. Көмектесейік. (балалар тапсырманы орындайды.)
Атай етігін киіп алып шалқанды жұлмақшы болады. Тартады, тартады жұла алмайды. Көмекке әжені шақырады. Ал әже болса шыны ыдысындағы тұздалған қиярларын ретімен қоя алмай, жинастыра алмай отыр екен. Көмектесейік.( балалар шыны ыдыстарды ретімен қойып 5 - ке дейін тура және кері санап береді.)
Сергіту жаттығу:
1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылы
Бір отырып
Бір тұрып
Біз жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық
Әже атайға көмекке барады. Әже атадан, ата шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Әже немересін шақырады. Ал немересі сабағын оқып, есептерін шығара алмай отыр екен. Көмектесейік.
∙ 5 есекте неше құйрық бар?
∙ 2 иттің неше тұмсығы бар?
∙ үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?
∙ үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша балапан жүзіп жүр?
Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. Немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады, жұла алмайды. Немересі көмекке күшігін шақырады. Күшігі болса аулада доп ойнап жүр. Күшікпен бірге доп ойнайық..
Қ. о: «Керісінше айт»
Күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Күшігі мысығын шақырады. Ал мысықтың балалары тентек болып, оның моншақтарын үзіп, шашып тастаған екен. Мысықтың үзілген моншақтарын жинауға көмектесейік.(балалар тапсырманы орындайды).
Мысығы күшіктен, күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Мысығы тышқанды шақырады. Тышқан болса, ол жай тышқан емес, ақылды тышқан екен. Ол карталармен ойнап отыр, жай емес математикалық карталар екен.
Д. о: «Артығын тап»
Тышқан көмекке барады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады шалқанды жұлып алады! Алақай!
Шалқанды кім бірінші болып тартты? (ата). соңғы болып көмекке кім келді? (тышқан).
Жарасыңдар балалар, енді балабақшаға оралатын кез келді. Сиқырлы ұшқыш кілемшемізге отырайық. Бақшамызға жеттік. Сендерге саяхат ұнады ма?
Қалай ойлайсыңдар, неліктен ертегі кейіпкерлері шалқанды жұлып алды? ( себебі олар керек кезде бір - біріне көмекке келді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында)
Жарайсыңдар балалар! Сендер де жарадыңдар, оларға көптеріңді тигіздіңдер. Балалар біздер ертегі елінен қайтар кезде әжей маған бір себет беріп жіберген, қарайықшы не бар екен? (кәмпиттер). Астарыңыз дәмді болсын!(рахмет).

© 2010-2022