Ана тілінен сабақ. Тақырыбы Құмырсқалар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілінен сабақ. Тақырыбы ҚұмырсқаларАна тілінен сабақ. Тақырыбы ҚұмырсқаларАна тілінен сабақ. Тақырыбы ҚұмырсқаларАна тілінен сабақ. Тақырыбы ҚұмырсқаларСабақтың тақырыбы: К. Сегізбайұлы «Құмырсқалар» Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, ондағы негізгі ойды табуға, қорытынды жасауға үйрету. Дамытушылығы: құмырсқалар туралы танымдық білімдерін толықтыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі: табиғатты сүюге, құмырсқалардың іс - әрекеті арқылы ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ. Типі: кіріктірілген сабақ. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,талдау, ой шақыру,топтастыру,қызығушылықты ояту. Көрнекілігі: автордың суреттері, тақырыптық суреттер, салыстыру кестесі, интерактивті тақта, слайдтар. Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Психологиялық дайындық (оқушылардың назарын сабаққа аудару) 3. Үй тапсырмасын тексеру. Ой қозғау 1 -слайд. (илеудің суреті)

Ана тілінен сабақ. Тақырыбы Құмырсқалар

Мынау не деп ойлайсыңдар? - илеудің суреті. - Көргендерің бар ма? (оқушылардың өткен сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп, пысықталады.) - Яғни, илеу бойынша бағытты қалай анықтаған? - Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтақтың онтүстік жағына салады. Илеудің онтүстік жағы көлбеу, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді. Ендеше илеу ненің үйі? - Құмырсқаның үйі. - Ендеше осы құмырсқаның илеуін көргендерің бар ма? (оқушылардың пікірлері тыңдалады.) 2 - слайд. « - Мына ғажапты қарап көрші. Кішкене қызыл қоңыр құмырсқалар кешегі майданнан кейін күш бірктіріп жатыр». Ол қандай майдан болды екен, әңгіме оқып көрейікші... - Бұл әңгіменің авторы Кәдірбек Сегізбайұлы.

3 - слайд. Кәдірбек Сегізбайұлы - 1941 жылдың 1 маусымында шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарасу ауылында туған. Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң екі жылдай туған ауылында тракторист, тәрбиеші болып жұмыс істеген. Көптеген газет - журналдарда қызмет еткен. Қазақ Совет энциклопедиясында бөлім меңгерушісі. Жазушы. «Сенат», «Атамұра» баспасының бас редакторы болды. Біршама орыс жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне аударды, өзініңбір топ әңгімелері орыс тілінде кітап болып шықты. 4. Жаңа сабақ. 4 - слайд. Ой шақыру

Ана тілінен сабақ. Тақырыбы Құмырсқалар

иісшіл

пайдалы

еңбекқор

ұйымшыл

Құмырсқалар




(Құмырсқалар туралы түсінік беру) Бір балуан өзі күшті, қайратты мол, Өзінен үлкен затты көтерер ол. Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе, Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.

Құмырсқа жер шарында кеңінен таралған.

Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Құмырсқалар көбіне топтанып, арнайы илеу жасап, тіршілк етеді. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кезден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған.Ана тілінен сабақ. Тақырыбы Құмырсқалар

Мәтінмен жұмыс. Мағынаны тану. Бөлікке бөлу әдісі арқылы 3 бөлікке бөліп, оқытып, талдау. Оқушылар түсініксіз сөздердің астын сызып белгілеп отырады. Мәтінді бөлімге бөліп тізбектей оқи отырып, әр бөлімге ат қою.

Жоспар құру. - Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? - Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? І бөлім. «Көрші қыз» - Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүр? Неге? ІІ бөлім. «Құмырсқалар шайқасы» - Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін қажет екен? ІІІ бөлім. «Күш біріктіру» Сөздікпен жұмыс (5 - слайд ) Қауашақ - өсімдік тұқымының қауазы, сырты, қабығы. Қайшыласып - ерсілі - қарсылы қозғалу. Қышқан ауыз - өткір тісті. Жотасынан - арқасынан. 5. Сергіту сәті. (6 - слайд ) Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа - Допты алып қолыма, Қойдым оның жолына, Оң жағына қарады, Сол жағына қарады, Тау екен деп ойлады. Мәтінді талдау. Әңгімеден құмырсқалар төбелесі туралы жазылған тұсты тауып оқы. Енді қарасам, Ләйләнің қызыл қоңырларына қарағанда екі еседей үлкен қара құмырсқалар илеуге жақын алаңда майдан ашып жатыр. Басқыншылар ірі болғанмен, сан жағынан аз сияқты. Бір қараға үш - төрт қызыл қоңыр жабылып жүр. Кішкентайлар түгел майданға шығып, өз илеулерін қорғап жүр.

Венн диаграмасы (7 - слайд )
Ана тілінен сабақ. Тақырыбы Құмырсқалар

Қызыл -қоңыр құмырсқа

Ана тілінен сабақ. Тақырыбы Құмырсқалар

Қара құмырсқа

Жәндік Бунақ - денелі Илеуде тұрады Топпен

Ұсақ, әлсіз, әлжуаз, нәзік, батыл, ұйымшыл

Ірі, күшті, әлде, ұйымшыл емес

Ләйләнің құмырсқаға жанашыр болған сөзін тауып оқы. ( 10 - слайд ) Құмырсқаларым..... Топтастыру

Жалпы сыныпқа сұрақ: - Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? ( пікірлерін тыңдау) « Табиғаттың қатал заңы » жөніндегі өз ойыңды жаз. - Біз құмырсқалардың қиян - кескі қырқысуын, одан кейін әлсіздердің күш біріктіруі туралы білдік. Табиғаттың қатал заңы күш біріктіру екенін аңғардық. Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді....

6. Сабақты қорыту. Салыстыру кестесі ( 8 - слайд )

Мысалдардың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа

Құмырсқаның қанағаты

Құмырсқалар

Авторы

И.Крылов

Ел аузынан

К.Сегізбайұлы

Оқиға орны

Сабанда, көгалда

Бақ ішінде

Аулада

Кейіпкерлер

Шегіртке мен құмырсқа

Оқымысты мен құмырсқа

Ләйлә және іке - шешесі, көршісі

Құмырсқа қандай?

Еңбекқор

Қанағатшыл

Күштілер

Мазмұны, идеясы қандай?

Қарапайым, еңбекқор болу керек

Ақылды, шыдамды, қанағатшыл болу

Күш біріктірмесе, әлсіздер дүниеден құрып кетеді.



- Яғни, автор бүгінгі «Құмырсқалар» әңгімесі арқылы не айтқысы келіп тұр?

- Қызыл қоңыр құмырсқалар сияқты ұйымшыл болсаңдар, қара құмырсқалар сияқтылардан жеңілмес едіңдер. Еңбексүйгіштік, ұйымшылдық және ауызбіршілік болған жерде ырыс, береке, татулық, ынтымақтың болатыны анық.

- Жарайсыңдар, балалар, ендеше, татулық болған жерде, ырыс бірге жүреді.

«Байлық байлық емес, ынтымақ - байлық» демекші, алдағы уақытта да, татулығымызды арттырып, ұйымшыл болайық.

7. Үйге тапсырма берілді.

8. Бағалау. Мадақтау.

© 2010-2022